Электр энергетикасы объектiлерi мен энергия тұтынушыларды алда тұрған 1997/98 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде тұрақты және тоқтаусыз жұмыс iстеуге уақытында және сапалы дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және өзге де орталық атқарушы органдар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың басшылары электрмен үздiксiз жабдықтау, энергия мен отынды тиiмдi пайдалану және республиканың экономикасын 1997/98 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде жұмыс iстеуге уақытында дайындау мақсатында:
үстiмiздегi жылдың 1 қарашасына дейiн электр станцияларын жылу және электр желiлерiн, жылыту қазандықтары мен жылыту жүйелерiн, сондай-ақ өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, ауыл шаруашылығы және коммуналдық-тұрмыстық объектiлердi қысқы жағдайда жұмыс iстеуге дайындау жөнiнде қаржы және материалдық ресурстармен нығайтылған ұйымдастыру-техникалық шаралар әзiрлесiн және бекiтсiн;
энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың келiсiмi бойынша өнеркәсiптiк кәсiпорындардың энергия сыйымдылығы жабдықтарын күзгi-қысқы кезеңге арнап жөндеуге жоспарлы енгiзудi көздесiн;
жылыту және ыстық сумен жабдықтау мақсаты үшiн пайдаланылатын электр қазандығын және басқа да электрмен жылыту қондырғыларын жылу аккумуляторымен және оларды энергия бiрлестiктерiндегi ең жоғары жүктеме ететiн сағаттарда айырып тастау автоматымен қамтамасыз етсiн;
энергияны тұтынушылардың келiсiлген кесте бойынша үстiмiздегi жылдың 1 жарты жылдығында энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға пайдаланылған электр және жылу энергиясы үшiн берешектерiн өтеуiн қамтамасыз етсiн және оған бақылау орнатсын. Тұтынушылар мерзiмнiң келiсiлген кестесi бойынша берешектерiн төлемеген жағдайда белгiлеген тәртiппен оларға энергия босатуды тоқтатсын;
бiр апта мерзiм iшiнде әрбiр энергия көзi, кәсiпорын бойынша отын қорларының жинақталуының айлық кестелерiн әзiрлесiн және бекiтсiн және олардың орындалуына бақылау ұйымдастырсын;
объектiлердi қысқы жағдайлардағы жұмысқа уақытында дайындауды үйлестiру және оны бақылау жөнiнде аумақтық және ведомстволық штабтар ұйымдастырсын.
2. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне жылу көздерiн, жылу энергияларын тасымалдау, тұтыну жүйелерiн уақытында дайындау, сондай-ақ алдағы жылыту маусымында тұтынушыларды тұрақты жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету жауапкершiлiгi жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын күзгi-қысқы кезеңде жұмыс iстеуге дайындау үшiн жедел ұйымдастыру және бақылау жөнiнде Республикалық штаб құрылсын.
Республикалық штабқа басшылық жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi:
аймақтық энергия рыноктарына кiретiн энергия көздерiнiң ең жоғары генерациясын ескере отырып, әр облысты 1997/98 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде электрмен қамтамасыз етудiң режимiн бекiтсiн;
электрмен жабдықтаушы ұйымдармен бiрлесiп, белгiленген тәртiппен электр энергиясын тұтынушыларды шектеу мен ажыратып тастаудың және электр бiрлестiктерiнде немесе жекелеген аймақта электр энергиясы мен қуаттарының жетiспеушiлiгi пайда болған жағдайларда қолданылатын қуаттардың кестесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
Көрсетiлген режимдердi орындау облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi мен меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады деп белгiленсiн.
5. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi:
энергия кәсiпорындарына 1997/98 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде жұмыс iстеуге дайындау үшiн энергия көздерi жабдықтарына, желiлерiне, үйлерiне, коммуникациялары және ғимараттарына жөндеу жүргiзуде, олардың аймақтың энергия жабдықтары мен тетiктерiне қосалқы бөлшектер дайындау жөнiндегi өнеркәсiп кәсiпорындарымен шарттар жасасуына пәрмендi көмек көрсетсiн;
алдағы күзгi-қысқы кезеңде жылумен үздiксiз жабдықтау мақсатында жеке жауапкершiлiгiмен коммуналдық және ауыл шаруашылығы жылыту қазандықтары мен жылумен қамтамасыз ету жүйелерiнiң жөнделуiн, сондай-ақ көрсетiлген қазандықтар мен халық үшiн отын дайындауды қамтамасыз етсiн;
жерасты жұмыстарын уақтылы белгiленген мерзiмдерде қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және сапалы орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын.
1997/98 жылдың жылыту маусымы басталғанға дейiн бекiтiлген кестелерге сәйкес жылу энергиясы, ыстық және суық су, сондай-ақ газ шығыстарын есептеу приборларын орнату жөнiндегi жұмыстарды аяқтасын;
электр энергиясының жетпейтiн санына облыстардың тұтынушыларын электрмен жабдықтау үшiн электр желiлерi компаниялар арқылы үстiмiздегi жылдың III тоқсаны iшiнде Қазақстанның энергия өндiрушi ұйымдарымен және шетелдiк энергия өндiрушiлерiмен, сондай-ақ ұлттық электр желiсiмен облыстарға электр энергиясын жеткiзуге арналған қаржы ресурстармен қамтамасыз етiлген шарттар жасасуды ұйымдастырсын;
отын мен энергияны пайдаланғаны үшiн берешектерiн өтеуi және олардың алынған отын-энергетикалық ресурстарға уақытында ақы төлеуi үшiн бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiмде аймақтық электр станциялары мен жылумен қамтамасыз ету объектiлерiн жекешелендiрудi аяқтасын;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың қыркүйегiне дейiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң 1996-1997 жылдары пайдаланылған электр энергиясы үшiн пайда болған берешектерiн өтеуiн қамтамасыз етсiн.
6. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың назары ұйымдардың "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2724 Заң күшi бар Жарлығының 11-бабына сәйкес энергияны өндiруге, беруге, таратуға және бұл процестердi технологиялық басқаруға байланысты өндiрiстiк-технологиялық қызметiне араласуға жол берiлмейтiндiгiне аударылсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi энергетика кәсiпорындарының тапсырыстары бойынша ведомстволық бағынысындағы заводтарда энергия жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер дайындауды ұйымдастырсын.
8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен және басқа да мүдделi министрлiктермен бiрлесiп 1997/98 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнде Қапшағай СЭС мен Ертiс СЭС каскадының экономиканың барлық салалары мен экологиялық қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беретiн пайдалану ережелерiне сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
1997/98 жылдың күзгi-қысқы кезеңiнiң басында Үлкен Алматы көлi су ресурстарының жиналуының 2507 метр қалыпты деңгейге дейiн жетуiн қамтамасыз етсiн.
9. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi 1997 жылдың 1 қазанына дейiн Ертiс, Iле және Сырдария өзендерiнiң су жайылуы мүмкiн аймақтарынан мал азығының запастарын әкетудi қамтамасыз етсiн.
10. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi үстiмiздегi жылдың 1 тамызынан бастап ай сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi