"Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2127 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 114-құжат) орындау үшiн, прокуратура органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және олардың қызметiн ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша прокуратура органдарының бюджеттен тыс "тапсырмалар бойынша сомалар" шотын ашсын.
2. Мемлекетке нақты зиянды өтеу және прокурорлық назар аударылған шаралар бойынша өндiрiп алынған сомалардың 50 процентi мөлшерiндегi аударым шоттарының қаражатын қалыптастыру көзi болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмде прокуратура органдарының "тапсырмалар бойынша сомалар" бюджеттен тыс шотының қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың тәртiбi туралы нұсқаулық әзiрлесiн және бекiтсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы прокуратура органдарының бюджеттен тыс "тапсырмалар бойынша сомалар" шотына түскен қаражатты жұмсауына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi