Прокуратура органдарының "тапсырмалар бойынша сомалар" бюджеттен тыс шоты туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 10 маусым N 943. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.28. N 1303 қаулысымен. ~P971303

      "Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2127 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 114-құжат) орындау үшiн, прокуратура органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және олардың қызметiн ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша прокуратура органдарының бюджеттен тыс "тапсырмалар бойынша сомалар" шотын ашсын.
      2. Мемлекетке нақты зиянды өтеу және прокурорлық назар аударылған шаралар бойынша өндiрiп алынған сомалардың 50 процентi мөлшерiндегi аударым шоттарының қаражатын қалыптастыру көзi болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмде прокуратура органдарының "тапсырмалар бойынша сомалар" бюджеттен тыс шотының қаражатын қалыптастыру және пайдаланудың тәртiбi туралы нұсқаулық әзiрлесiн және бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы прокуратура органдарының бюджеттен тыс "тапсырмалар бойынша сомалар" шотына түскен қаражатты жұмсауына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады