Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.23. N 528 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, арнайы шұғыл-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған криптографиялық құралдарды әзiрлеуге, шығаруға, жөндеуге және сатуға байланысты қызметтi мемлекеттiк реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнаулы техникалық құралдарын әзiрлеу, шығару, жөндеу және сату саласындағы қызметтi лицензиялаудың тәртiбi және бiлiктiлiк талаптары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 13 маусымдағы
N 967 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнаулы техникалық құралдарын әзiрлеу, шығару, жөндеу және сату саласындағы қызметтi
лицензиялаудың тәртiбi және бiлiктiлiк талаптары туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығына және "Шұғыл-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
I. Жалпы ережелер
1. Республика аумағында арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты қызметтi лицензиялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүзеге асырады.
2. Өтiнiш берушi Үкiмет белгiлеген нысандағы өтiнiшiн және лицензияланатын қызметтiң ерекшелiктерiне байланысты, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензия сұралып отырған қызмет түрi бойынша ұйымдастыру және техникалық ұсыныстар көрсетiлген өтiнiш берушiнiң анкетасын (қоса берiлiп отыр) лицензиардың қарауына ұсынсын.
3. Мемлекеттiк құпиялар санатына кiретiн ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын әзiрлеуге, шығаруға, жөндеуге және сатуға байланысты қызметтi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарының мүддесiнде ғана жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрамайтын мәліметтерді қорғауға арналған ақпараттарды қорғаудың криптографиялық құралдарын әзірлеуге және сатуға байланысты қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Қазарнаулыкәсіпорын" республикалық мемлекеттік кәсіпорынында басты және техникалық құжаттаманы міндетті түрде депозициялаумен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.25. N 379 қаулысымен.
4. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарға:
арнаулы техникалық құралдар (АТҚ) - құрылғылар, аппаратура бейiмделiп жасалған құралдар, жабдықтар, оның iшiнде шұғыл iздестiру шараларын жүргiзу барысында ақпаратты құпия табу мен құжаттауға арналған арнаулы функциялары, бағдарламалық қамтамасыз етуi және конструкциялық ерекшелiктерi бар өндiрiстiк және тұрмыстық мақсатқа арналған бұйымдар мен тауарлар түрiнде жасалғандары;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары (АҚКҚ) - кез келген құралдар, мазмұнын жасыру және/немесе аутентификацияны* қамтамасыз ету мақсатымен ақпаратты қайта өзгерту алгоритмдерi және әдiстерi жатады.
Ескерту: <*> Аутентификация деп ақпараттың түпнұсқа екенiн анықтау түсiнiледi және алынған ақпарат бұрмаланбай берiлдi дегендi бiлдiредi.
Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдардың тiзбесiн лицензиар белгiлейдi.
5. Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының "Шұғыл-iздестiру қызметi туралы" Заңының субъектiлерiне жатпайтын мемлекеттiк және коммерциялық құрылымдардың пайдалануына арналған арнаулы техникалық құралдардың жекелеген түрлерiн әзiрлеуге шығаруға, жөндеуге және сатуға байланысты қызметтi жүзеге асыра алады.
II. Лицензиялауға жататын қызмет түрлерiнiң құрылымы
6. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды әзiрлеуге:
арнаулы техникалық құралдарды әзiрлеу;
арнаулы техникалық құралдарға жататын бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын әзiрлеу;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарына жататын бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу мен қоса алып жүру;
арнаулы техникалық құралдар саласындағы ғылыми-зерттеу қызметi;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары саласындағы ғылыми-зерттеу қызметi;
арнаулы техникалық құралдарды сақтау ("Шұғыл-iздестiру қызметi туралы" Заң субъектiлерiнiң сақталуын қоспағанда);
ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын сақтау жатады.
7. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды шығаруға:
арнаулы техникалық құралдарды шығару;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын шығару;
арнаулы техникалық құралдарға жататын бағдарламалық қамтамасыз етудi қоса алып жүру;
арнаулы техникалық құралдарды сақтау ("Шұғыл-iздестiру қызметi туралы" Заң субъектiлерiнiң сақталуын қоспағанда);
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын сақтау жатады.
8. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды жөндеуге:
арнаулы техникалық құралдарды жөндеу және техникалық қоса алып жүру;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын жөндеу және қоса алып жүру;
арнаулы техникалық құралдарды сақтау ("Шұғыл-iздестiру қызметi туралы" Заң субъектiлерiнiң сақталуын қоспағанда);
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын сақтау жатады.
9. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды сатуға:
арнаулы техникалық құралдарды сату (оның iшiнде басқадай беру);
арнаулы техникалық құралдарға жататын бағдарламалық қамтамасыз етудi сату (соның iшiнде басқадай беру);
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын сату (соның iшiнде басқадай беру);
арнаулы мақсаттағы техникалық құралдар саласында ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарына жататын бағдарламалық қамтамасыз етудi сату (соның iшiнде басқадай беру);
арнаулы техникалық құралдарды пайдалану ("Шұғыл-iздестiру қызметi туралы" Заң субъектiлерiнiң пайдалануын қоспағанда);
коммерциялық деңгейдегi ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын пайдалану;
үй-жайлардағы ақпараттың радиоарна, электромагниттiк сәуле арнасы және деректердi техникалық жолмен беру арнасы арқылы жайылуынан қорғалатындығын тексеру жөнiндегi қызмет көрсету;
үй-жайлардағы ақпараттың радиоарна, электромагниттiк сәуле және деректердi техникалық арналармен беру арқылы жайылуынан қорғау қызметiн көрсету;
арнаулы техникалық құралдар саласында жарнамалық-көрсету және консультативтiк қызмет көрсетулер;
арнаулы техникалық құралдарды сақтау ("Шұғыл-iздестiру қызметi туралы" Заң субъектiлерiнiң сақталуын қоспағанда);
ақпараттағы қорғаудың криптографиялық құралдарын сақтау.
III. Бiлiктiлiк талаптары
10. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды әзiрлеуге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
әзiрлеу жөнiндегi барлық материалдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету шарттары;
әзiрлеу жөнiндегi барлық материалдардың сақталуының арнайы шарттарының қамтамасыз етiлуi.
11. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды шығаруға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
- әзiрленгеннен кейiн жасалған техникалық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
- жасалатын құралдарға қатысты кез келген мәлiметтiң құпиялылығын қамтамасыз ету шарттары;
жасалатын құралдарды және оларға қатысты кез келген материалдарды сақтаудың арнайы жағдайларын қамтамасыз ету шарттары.
12. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды жөндеуге қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
1) арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды жөндеу, техникалық қоса алып жүру мен сервистiк қызмет көрсету барысында функционалдық өзгерiстердiң (алгоритмдердi өзгертудiң) болмауы;
2) жөндеу, техникалық қоса алып жүру мен сервистiк қызмет көрсету барысында жасалған немесе арнаулы мақсаттағы техникалық құралдардағы жол берiлетiн басқа да өзгерiстердiң құжатталуы, енгiзiлген өзгерiстер жөнiндегi құжаттамаларды техникалық құралдар құжаттамасымен және басқа да қажеттi материалдармен бiрге техникалық сараптамаға өткiзу, техникалық сараптаманың қорытындысын лицензиарға мынадай ақпаратпен бiрге ұсыну;
модификацияланған арнаулы мақсаттағы техникалық құралдың толық атауы, модельдiк (нұсқаның) нөмiрi, сериялық нөмiрi, шығарушы фирманың атауы және оның мемлекетке қатыстылығы, егер шығарушы жеке тұлға болса - аты-жөнi, туған жылы, азаматтығы, төлқұжат деректерi;
арнаулы мақсаттағы техникалық құралдар иесiне нұсқайтын мынадай нысандағы деректер:
заңды тұлғалар үшiн: атауы, мемлекетке қатыстылығы, ұйымдық-құқықтық нысаны, қашан, қайда және кiм тiркегенi, заңды мекен-жайы;
жеке тұлғалар үшiн: аты-жөнi, туған жылы, азаматтығы, төлқұжат деректерi, тұратын жерi.
13. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарды сатуға қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
сатылатын техникалық құралдардың АТҚ және АҚКҚ техникалық параметрлерiне сай келуi;
тұтынушылардың әртүрлi санаттарына беруге рұқсат етiлген, лицензиармен келiсiлген мәлiметтер тiзбесiнiң болуы;
үй-жайлардың қорғалғандығын тексеруге арналған арнаулы техникалық құралдардың сапасы жөнiндегi сертификаттың болуы;
үй-жайларды ақпараттың жайылуы жағынан тексеру мен қорғау әдiстемесi жөнiндегi технологиялық құжаттаманың болуы.
14. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты қызмет, жұмысты орындау мен қызмет көрсетудiң техникалық сараптама айқындайтын, жоғары сапасы болғанда жүзеге асырылады.
15. Арнаулы техникалық құралдарды әзiрлеуге, шығаруға және жөндеуге байланысты қызметтi жүзеге асыру ақырғы өнiмдi техникалық сараптамадан өткiзудi көздейдi.
16. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты қызметке лицензия сұраған заңды жеке тұлғалар мынадай негiзгi талаптарға сай болуға тиiс:
инженерлiк-техникалық қызметшiлерiнiң өтiнiш берiлген қызмет саласында бiлiктiлiгiнiң және кемiнде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау туралы" Заңға сәйкес лицензияланатын қызметпен айналысуға медициналық қарсы дәлелдердiң болмауы.
IV. Лицензиялар: түрлерi, нысандары және мазмұны
17. Лицензия оның иесiнiң (заңды немесе жеке тұлғаның) арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты қызметтi белгiлi бiр аумақтық шекарада, көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiм iшiнде, лицензияға енгiзiлген талаптар мен шарттарды орындаған жағдайда жүзеге асыруға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
18. Қызметтiң әрбiр түрiне лицензиялаудың құрылымына сәйкес жеке лицензия берiледi. Кәсiпкерлiк қызметтiң бiрнеше түрiн жүргiзуге бiр лицензия берілуi мүмкiн.
19. Лицензиялар ажырағысыз болып табылады, яғни лицензиат оларды басқа заңды немесе жеке тұлғаларға бере алмайды. Лицензияның күшi лицензиатпен шарттық қарым-қатынастағы үшiншi тұлғаға тарамайды.
20. Лицензиялардың қолданылу мерзiмi:
лицензиарлар мерзiмiне қарай бас лицензия және бiр жолғы лицензия болуы мүмкiн.
21. Лицензияның нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
V. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
22. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн лицензия бiлiктiлiк дәрежесi осы Ережеде қойылған талаптарға сай келетiн заңды немесе жеке тұлғаға (бұдан әрi - өтiнiш берушiге) берiледi.
23. Арнаулы техника құралдарымен байланысты қызметтi жүзеге асыруға құқық беру туралы өтiнiш шұғыл-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органның хатының (ұсынымының) негiзiнде қаралады, органнан ол құпия почта арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң лицензиялау жөнiндегi комиссиясына жiберiледi.
24. Лицензия алуға қажеттi құжаттар:
1) өтiнiш және белгiленген үлгiдегi толтырылған анкета (қоса берiлiп отыр);
2) лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сай екенiн растайтын құжаттар:
құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн кәсiпорынның жарғысы мен құрылтай шарты);
заңды тұлғалар үшiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
лицензиялық алымдарды төлегенi туралы құжаттардың көшiрмесi;
өтiнiш берiлiп отырған қызмет түрiнiң қауiпсiздiк талаптарының қамтамасыз етiлуiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi (оның iшiнде заңдарда көзделген жағдайларда санитарлық және экологиялық бақылау органдарының қорытындылары);
арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен жұмыс iстеуге тiкелей қатысы бар қызметкерлердiң белгiленген тәртiп бойынша өздерiне қатысты тексеру шараларын жүргiзуге келiскенiн растайтын құжаттар (заңды тұлғалар үшiн);
мемлекеттiк құпияны қорғауды қамтамасыз ету, қызметтiк құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу жөнiндегi талаптарды қызметкерлердiң орындау мiндеттемелерiне қатысты еңбек шарттарының (келiсiм-шарттарының) көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн).
25. Өтiнiш берушiден осы Ережеде көзделмеген құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
26. Өтiнiштi қарау 24-тармақта көрсетiлген құжаттар мен құқық қорғау ұйымдарының арнаулы тексеру бойынша оң қорытынды болған жағдайда жүргiзiледi.
27. Өтiнiштi және онымен қоса берiлген құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң лицензиялау жөнiндегi комиссиясы қарайды. Тiркелген сәттен бастап 30 күннiң iшiнде өтiнiш берушiге не қызметтiң өтiнiлген түрiн жүзеге асыруға лицензия не дәлелдi жазбаша бас тарту берiледi. Өтiнiш пен қоса берiлiп отырған құжаттарды қарау үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi комиссия құра алады.
VI. Лицензия бергенi үшiн ақы төлеу
28. Лицензиялық алым мен өтiнiштi қарағаны үшiн ақының мөлшерiн, оларды төлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ лицензиялық органның пайдасына аударымдардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
VII. Лицензия беруден бас тарту
29. Лицензиялаушы орган, егер:
24-тармақта көрсетiлген барлық құжаттар ұсынылмаса;
өтiнiш берушi ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмаланған ақпарат болса;
өтiнiш берушi осы Ережеде белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай болмаса;
лицензия бергенi үшiн алым төленбесе;
арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi болса;
өтiнiш берушiге қатысты соттың қызметтiң осы түрiмен айналысуына тыйым салатын шешiмi болса лицензия беруден бас тартуға құқылы.
30. Лицензия беруден бас тартылғандығы туралы хабар өтiнiш берушiге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жазбаша нысанда, бас тартудың себептерi көрсетiле отырып ұсынылады.
31. Егер лицензия мерзiмiнде берiлмесе немесе бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, ол бiр ай мерзiм iшiнде бұл әрекеттерге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
VIII. Лицензияның қолданылуын тоқтату күшiн жою және оны
керi қайтарып алу
32. Лицензиар мынадай жағдайларда:
лицензиаттан тиiстi өтiнiш түскенде;
лицензиардың немесе уәкiлеттi органның қызметке тексеру жүргiзуiнiң нәтижесiнде лицензия шарттарының бұзылғандығы анықталғанда;
лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардан жалған деректер табылғанда;
лицензиядағы лицензия ережелерi мен талаптарының сақталуына бақылау жасау үшiн қажеттi мәлiметтердi лицензиарға ұсынудан бас тартылған жағдайда лицензияның күшiн алты айға дейiн мерзiмге тоқтата алады.
Тоқтатылған уақыт лицензия күшiнде болатын жалпы мерзiмге кiредi.
33. Лицензиат лицензия күшiн тоқтату туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
34. Лицензияның күшi тоқтатылған себептер жойылғаннан кейiн (бiрақ алты айдан кешiктiрмей) лицензия қайта күшiне енедi. Лицензия лицензиялаушы орган тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн қайта күшiне енген болып есептеледi, бұл туралы лицензиат пен салық қызметi органдарына үш күн мерзiм iшiнде хабарланады.
35. Лицензия тек:
лицензия берiлген мерзiм аяқталғанда;
лицензия берiлген әрекеттер толық көлемiнде орындалғанда;
лицензия керi қайтарылып алынғанда;
азамат кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда ғана өз күшiн жояды.
Заңды тұлға қайта тiркелген кезде лицензия мерзiмi аяқталғанға дейiн сақталады.
36. Лицензия күшiнiң жойылуына байланысты дауларды сот шешедi.
37. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда:
лицензиат лицензияда көрсетiлген талаптарды орындамағанда;
сот лицензиатқа лицензия берiлген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салғанда;
лицензиар лицензияның күшiн тоқтатқан себептер жойылмағанда лицензия сот тәртiбiмен керi қайтарылып алынуы мүмкiн.
38. Лицензияның күшi тоқтатылған кезде лицензия беру үшiн төленген алым қайтарылмайды.
39. Лицензияның күшi тоқтатылған жағдайда лицензиар (лицензиялық комиссия) мұндай шешiм қабылдағаннан кейiн бiр апта мерзiм iшiнде лицензия иелерiне тоқтату себептерiн көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
IХ. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi
40. Лицензия иелерi:
лицензияның барлық шарттарының оның бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде орындалуын;
лицензиялаушы органның сұратуы бойынша статистикалық және анықтамалық деректердi, лицензияланатын қызметке байланысты басқа мәлiметтердi берудi;
лицензиат жүзеге асыратын қызметке инспекциялық тексеру жүргiзу мүмкiндiгiн;
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, арнаулы техникалық құралдарды, ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын техникалық пайдалану мен қызмет көрсетудiң белгiленген нормаларын, ережелерiн сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
41. Лицензиаттың лицензиардың рұқсатынсыз өзi жасап шығаратын немесе сататын арнаулы техникалық құралдарды жарнамалауға, оның мақсаты, тактикалық-техникалық сипаттамасы және оны қолдану тәсiлдерi туралы ақпаратты таратуға құқығы жоқ.
42. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензиялық нормалар мен ережелердi сақтамай жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Х. Лицензия шарттарының орындалуына бақылау жасау
43. Лицензияда көзделген шарттардың орындалуына бақылауды лицензиар жүзеге асырады, оның:
лицензиаттың жүзеге асыруына, лицензия берiлген қызметiне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргiзуге;
техникалық сипаттамалардың арнаулы техникалық құралдар мен ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын техникалық пайдаланудың және қызмет көрсетудiң нормалары мен ережелерiне сай келуiн анықтау мақсатымен инспекция жүргiзуге;
жүргiзiлген тексерулердiң қорытындыларын жасауға және оларды лицензиатқа жiберуге құқығы бар.
44. Жоспарлы тексерулер мен инспекциялар жүргiзудiң саны мен мерзiмi лицензиатпен келiсiледi, бiрақ ол жарты жылда бiр реттен артық жүргiзiлмеуге тиiс.
45. Лицензиар лицензия бланкiлерiн сатып алуды, есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады. Лицензиялар ұсынушы үшiн бағалы қағаздар деңгейiнде қорғалған, есептiк сериясы мен нөмiрi бар үлгi бланкiлерде ресiмделедi.
46. Лицензиар арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты қызметке тiркелген лицензиялардың бiрыңғай республикалық тiзiлiмiн, сондай-ақ, тоқтатылған, керi қайтарылып алынған және күшiн жойған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
ХI. Лицензиардың жауапкершiлiгi
47. Лицензия беруден негiзсiз бас тартқаны, өтiнiштердi қарау мерзiмiн бұзғаны, лицензияның күшiн негiзсiз тоқтатқаны үшiн лицензиар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Қосымша
ӨТIНIШ БЕРУШIНIҢ АНКЕТАСЫ
1. Кәсiпорынның атауы ______________________________________
(құрылтай құжаттарының көшiрмелерiмен
_______________________________________________________________
растауды талап етедi)
Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк N ______________
19__ ж."____"________________ берiлдi _________________________
(кiм және қай жерде бердi)
_______________________________________________________________
Ұйымдастыру-құқықтық нысаны ___________________________________
(Құрылтай құжаттарының
_______________________________________________________________
көшiрмелерiмен растауды талап етедi)
_______________________________________________________________
2. Реквизиттер (тиiстi құжаттардың көшiрмелерiмен растауды
талап етедi)
заңды мекен-жайы ______________________________________________
_______________________________________________________________
____________________________________, тел,/бөлiм_______________
____________________________________, факс/бөлiм_______________
_______________________________________________________________
Қызмет көрсететiн банктiң атауы _______________________________
____________________________________________________ қаласында:
Есепшот N ______________________________, код _________________
МФО __________________________________________________қаласында
(есепке қойылғаны туралы салық органдарының мөртаңбасы басылған
анықтамамен растауды талап етедi)
3. Кәсiпорынның негiзгi қорларын иелену мен оларға билiк ету
құқықтары (иелену құқығы - толық өтiнiш берушiнiң, басқа заңды
тұлғамен бiрлесiп, басқа заңды тұлғаның толық құқығы - жалдау
құқығымен пайдалануы)
______________________________________________________________
(мүлiкке иелiк ету, шаруашылық иелiк ету
_______________________________________________________________
құқығына құжаттардың көшiрмелерiмен растауды талап етедi)
_______________________________________________________________
мүлiктi жалдау шарты)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
4. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты
қызметтiң өтiнiш берiлiп отырған түрi:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
5. Лицензияның сұралып отырған қолданылу мерзiмi: _____________
6. Лицензияның сұралып отырған түрi ___________________________
(басты немесе бiр жолғы), бiр жолғы лицензия сұратылғанда -
лицензия сұратылып отырған операция.
7. Өтiнiш берiлiп отырған қызмет түрiн жүзеге асыру жөнiндегi
ниетi _________________________________________________________
(сипаттама түрiнде: ықтимал жабдықтаушылар, тұтынушылар,
_______________________________________________________________
операциялардың көлемi бизнес-жоспар)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
8. Арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты
қызметтiң тиiстi түрiн орындау үшiн нормативтiк-әдiстемелiк
қамтамасыз ету, ұйымдастыру-техникалық мүмкiншiлiктер және
материалдық-техникалық жарақтандыру туралы деректер (Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары белгiлеген нысан
бойынша):______________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
9. Инвестицияның ықтимал көздерi (өз қаражаты, бюджет есебiнен
қаржыландыру, үкiмет кепiлдiгi бар немесе кепiлдiгi жоқ банк
несиелерi, акцияларды шығару және сату) _______________________
(тиiстi құжаттардың
_______________________________________________________________
көшiрмесiмен растауды талап етедi)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
10. Көрсетiлетiн қызметтi тұтынушылармен қарым-қатынас бойынша
дербестiк дәрежесi
____________________________________________
(дербес жүзеге асырылады, делдалдар - "қызмет
_______________________________________________________________
көрсетушiлер" қажет етiледi немесе өтiнiш берушiнiң өзi басқа
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның делдалы болып табылады, Тиiстi құжаттардың
_______________________________________________________________
көшiрмесiмен растауды талап етедi)
_______________________________________________________________
11. Анкетаға сонымен қатар мынадай құжаттар қоса берiледi:
кәсiпорындарда iстейтiн қызметкерлер саны (барлығы);
кәсiпорында iстейтiн қызметкерлердiң бiлiктiлiгi
(ғылыми-техникалық қызметкер /ҒТҚ/, инженерлiк-техникалық
қызметкерлер /ИТҚ/, күзетшi, жұмысшылар);
арнаулы техника бұйымдарымен ақпаратты қорғаудың
криптографиялық және басқа да құралдарымен iстелетiн
жұмыстарға тiкелей қатысы бар қызметкерлер (әрқайсысын
аты-жөнi көрсетiлген тiзiм, олардың әрқайсысының анкеталық
және өмiрбаяндық деректерi, мамандардың кәсiби даярлығы туралы
мәлiметтер); қызметкерлердiң көрсетiлген сипаттарының
өздерiне қатысты құқық қорғау органдарының белгiленген
тәртiппен тексеру шараларын жүргiзуiне қарсы еместiгi туралы
жазбаша келiсiмi;
арнаулы мақсаттағы техникалық құралдарға қатысты ақпаратты
таратпау жөнiндегi талаптарды орындауы туралы мiндеттемесi
көрсетiлген еңбек шартының (контрактiсiнiң) көшiрмесi;
қызметтiң арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты
түрiне техникалық сараптама жүргiзу туралы лицензиялаушы
органмен келiсiмi (лицензиар белгiлейтiн нысан бойынша);
арнаулы мақсаттағы техникалық құралдармен байланысты қызметтiң
өтiнiш берiлген түрiнiң қауiпсiздiгi (соның iшiнде санитарлық,
экологиялық және өрт қауiпсiздiгi) қамтамасыз етiлетiндiгiн
растайтын құжаттардың көшiрмесi (тиiстi құжаттардың
көшiрмесiмен растауды талап етедi).