Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 528 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 412 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.31 № 412 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы 6-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережелері;
      2) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге арналған ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнаулы техникалық құралдарын әзірлеу, шығару, жөндеу және сату саласындағы қызметті лицензиялаудың тәртібі және біліктілік талаптары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 13 маусымдағы N 967 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 27, 240-құжат);

      2) "Шифрлі кілттерді депозитке салу және генерациялау орталығын құрудың кейбір мәселелері»туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 379 қаулысының 1-тармағы;

      3) "Арнаулы жедел-іздестіру шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасында өндіру үшін арнайы материалдар мен жабдықтарды импорттау, экспорттау, өткізу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі N 1247 қаулысы .

      3. Осы қаулы ресми жариялануы тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
               Үкіметінің     
2007 жылғы 23 маусымдағы
N 528 қаулысымен   
бекітілген     

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының " Жедел-іздестіру қызметі туралы " 1994 жылғы 15 қыркүйектегі, " Мемлекеттік құпиялар туралы " 1997 жылғы 15 наурыздағы, " Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және жедел іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі - ЖІШ) жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түрлерін лицензиялау тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ЖІШ-ті жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түрлерін лицензиялауға байланысты қатынастарды регламенттейді.

      3. ЖІШ-ті жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға (бұдан әрі - АТҚ) ақпарат алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар, сондай-ақ ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіру құралдары жатады.
      Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар мынадай санаттарға бөлінеді:
      1) ақпаратты жасырын және ашық алуға арналған АТҚ - ақпаратты жасырын алу үшін арнайы функциялары бар арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық бұйымдар. АТҚ-да көрсетілген саладағы қызмет тек жедел іздестіру қызметінің субъектілері (бұдан әрі - ЖІҚ субъектілері) үшін жүзеге асырылады;
      2) ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруге арналған АТҚ - ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын анықтау үшін арнайы әзірленген, бейімделген және бағдарламаландырылған техникалық құралдар. АТҚ-ны іздестіру саласындағы қызметті жедел іздестіру қызметінің субъектілері, сондай-ақ ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ-ны жөндеу және іске асыру жөніндегі қызметті, ақпараттың таралып кетуінің техникалық іздестіруді жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі

      4. Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
      1) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру;
      2) жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу, ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіру үшін арнайы техникалық құралдарды жөндеу және іске асыру.

3. АТҚ саласындағы лицензиялаудың шарттары мен тәртібі

      5. АТҚ саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҚР ҰҚҚ) береді. Қызметтің әрбір түріне жекелеген лицензия беріледі. Лицензия оны иеленушінің ерекше шарттарды сақтаған кезде мәлімделген қызмет түріне қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат болып табылады.
      Түріне қарай лицензия әрекетінің ерекше шарттары мыналарды қамтуы мүмкін:
      1) ЖІШ-ті және оның барлық нормативтік-техникалық құжаттамаларын жүргізу үшін АТҚ-ны тіркеуді, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету;
      2) лицензиар бекіткен іздестіру жұмыстарын жүргізу әдістемесінің болуы;
      3) тек ЖІҚ субъектілеріне АТҚ мен техникалық құжаттама туралы ақпаратты ұсыну;
      4) лицензиар тексеріс жүргізу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз ету, соның ішінде АТҚ есебі бойынша қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсыну;
      5) оларға конструкторлық құжаттаманы ұсынғаннан кейін ғана ЖІШ жүргізу үшін дербес әзірленген АТҚ жасау жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыру;
      6) ЖІШ өткізу үшін жасалған шарттар, әзірленген, жасалған, жөнделген және сатылған АТҚ бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсыну;
      7) лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз туындаған, сондай-ақ телефон нөмірлері, штаттық кесте өзгерген жағдайда лицензиаттар жазбаша нысанда он бес күнтізбелік күн ішінде лицензиарды хабардар етуге міндетті;
      8) жұмыс жүргізу басталғанға дейін кемінде бес күн ішінде лицензиарды жазбаша хабарландырғаннан кейін ғана ақпараттың таралуының техникалық арналарын іздестіру жөніндегі іс-қимылды тікелей жүзеге асыру.

      6. ЖІШ жүргізу үшін АТҚ саласындағы қызметке лицензиялар лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін жеке және заңды тұлғаларға беріледі.

      7. Лицензияның іс-әрекеті лицензиатпен шарттық қатынастарға байланысты үшінші адамға қолданылмайды. Қайта ұйымдастыру, қайта тіркеу (филиалдар мен өкілдіктер мекемелерінің жанынан) немесе құрылтайшыларға, басшыларға және ЖІШ жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген қызметкерлерге қатысты бөлігінде штаттық өзгерістер болған жағдайда, лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігіне қосымша тексеру жүргізеді.

      8. Лицензияға жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол тағайындаған адам қол қояды.

      9. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін қажетті құжаттар:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  42-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар;
      2) өтініш берушінің белгіленген үлгідегі сауалнамасы (осы Ережеге 1-қосымша );
      3) штаттық кесте (заңды тұлғалар үшін);
      4) ЖІШ жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген мамандардың, жеке басын куәландыратын және біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
      5) ЖІШ жүргізу үшін АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген құрылтайшылардың, басшылардың және мамандардың Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары белгілеген тәртіппен оларға қатысты арнайы тексеру іс-шараларын жүргізуге жазбаша келісімі;
      6) қызметкерлердің мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауының жазбаша міндеттемелері
(8-нысан)*.
      Егер құжаттардың көшірмелерін нотариус куәландырмаған болса, олар телнұсқасымен бірге ұсынылады.
_________________
*- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 390-16қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық

      10. Өтініш беруші лицензияға жалған және (немесе) бұрмаланған мәліметтер ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      11. ЖІШ жүргізу үшін АТҚ саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына өтінішті қарау ЖІҚ субъектісінің бірінші басшысы немесе оның орынбасарлары қол қойған, лицензиардың мекен-жайына ресми түрде жіберілген оның хаттары (ұсынымдары) және 9-тармақта көрсетілген құжаттардың болуы, сондай-ақ арнайы тексеру бойынша құқық қорғау органдарының оң қорытындылары негізінде жүргізіледі.

      12. АТҚ импортына, экспортына бір жолғы лицензияларды АТҚ саласындағы ҚР ҰҚҚ-мен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі береді.

      13. Қазақстан Республикасында ақпаратты жасырын алуға және ақпараттың таралып кетуінің техникалық арналарын іздестіруге арналған АТҚ импортына, экспортына бір жолғы лицензиялар ЖІҚ субъектілеріне немесе осы қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар лицензиаттарға ғана беріледі.

      14. АТҚ-ға импортталатын, экспортталатын тауарға жатқызу мәніне техникалық зерттеу жүргізу және экспорттық-импорттық операцияны келісу үшін беруші ҚР ҰҚҚ-ге:
      1) бұйымның сындарлы ерекшелігі туралы мәліметтерді көрсете отырып, тауарды техникалық зерттеуге белгіленген үлгідегі өтініш (осы Ережеге 2-қосымша );
      2) қарауға жататын техникалық құжаттаманы немесе тауардың үлгісін;
      3) тауарды беру келісім-шарттарының (шарттардың) көшірмелерін ұсынады.

      15. ҚР ҰҚК осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды алған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде лицензияланатын тауар импортының (экспортының) мүмкіндігін келіседі.
      АТҚ импортына (экспортына) лицензияны келісуден бас тарту үшін мыналар:
      1) техникалық зерттеу нәтижелері бойынша мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мүмкіндігі туралы шешім;
      2) өтініш беруші ұсынған құжаттарда жалған және (немесе) бұрмаланған ақпараттың болуы негіз болып табылады.

4. Лицензия беру мерзімдері

      16. Лицензиар ЖІШ жүргізу үшін АТҚ саласындағы қызметке лицензия алуға өтініш берушінің заңдық мәртебесі (ұйымдық-құқықтық нысаны) мен меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берген күнінен бастап қырық бес жұмыс күні ішінде лицензияны және лицензияға қосымшаны беруге не бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтаруға міндетті.

5. Лицензияның қолданылу шарттарының сақталуын бақылау

      17. Лицензиар лицензиаттың лицензиялық ережелерді және лицензия қолданылуының ерекше шарттарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

      18. Лицензиардың лицензиат қызметін жоспарлы да, жоспардан тыс та тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар. Лицензиат тексерулер жүргізуге кедергі келтірмеуі тиіс.
      Жоспарлы тексерулер жылына кемінде бір рет жүргізіледі.
      Лицензиар лицензиаттың лицензиялау талаптары мен шарттарын бұзғаны туралы мәліметтер келіп түскен жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.

      19. Лицензиар лицензиатты тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды және оларды жою мерзімдерін көрсете отырып акті жасайды.

      20. Лицензиат белгіленген лицензиялау талаптарын және оның ерекше шарттарын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

Ережеге
1-қосымша

                       Өтініш берушінің сауалнамасы

1. Кәсіпорынның атауы _____________________________________________

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы N ________________ куәлікті

20 __ ж. " ____ " _________________ _______________________________
_____________________________________________________________ берді
___________________________________________________________________

Ұйымдық-құқықтық нысаны____________________________________________
                        (құрылтай құжаттарының көшірмелерімен
___________________________________________________________________
                         растау талап етіледі)
2. Деректемелері: заңды мекен-жайы ________________________________
___________________________________________________________________
________________________________, тел./бөлім_______________________
________________________________, факс/бөлім ______________________
___________________________________________________________________
 
Қызмет көрсететін банктің атауы____________________________________
_________________________________________________________ қаласында;

Есепшот N_____________________________________, код________________,

МФО________________________________________________________қаласында
     (есепке қойылғаны туралы салық органының мөртабаны бар     
___________________________________________________________________
           анықтамамен растау талап етіледі)
 
3. Кәсіпорынның негізгі қорларын иелену және билік ету құқығы
(өтініш берушінің басқа заңды тұлғалармен бірлесіп толығымен, басқа
заңды тұлғалардың толығымен иелену құқығы, жалға беру құқығында
пайдалану)
___________________________________________________________________
  (жеке меншік, мүлікке шаруашылық иелік ету құқығына құжаттардың
___________________________________________________________________
   көшірмелерімен растау, мүлікті жалға беру шарты талап етіледі)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ 4. Арнайы техникалық құралдарға байланысты өтініш берілген қызмет түрі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

5. Лицензия қолданылуына сұрау салынатын мерзім ___________________
6. Лицензияның сұрау салынған түрі: _______________________________
                                   (бас лицензия немесе бір жолғы,
____________________________________________________________________
бір жолғы лицензия жағдайында - лицензия сұрап отырған операция)
 
7. Өтініш берілген қызмет түрін жүзеге асырудағы мақсаты
___________________________________________________________________
(сипаттама түрінде: болжанатын берушілер, тұтынушылар, операциялар
___________________________________________________________________
                 көлемі, бизнес-жоспар)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
8. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдар саласында тиісті қызмет түрін орындау үшін
нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық-техникалық
мүмкіндіктер мен материалдық-техникалық жарақтандыру туралы
деректер (Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары
белгілеген нысан бойынша):_________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Инвестициялардың мүмкін болатын көздері (жеке қаражаты, бюджет
есебінен қаржыландыру, үкімет кепілдігі бар немесе жоқ банк
кредиттері, акцияларды шығару және сату)___________________________
                                               (тиісті құжаттардың
___________________________________________________________________
                  көшірмелерімен растау талап етіледі)

10. Қызмет көрсетуді тұтынушылармен өзара қарым-қатынастары бойынша
дербестік дәрежесі_________________________________________________
                  (дербес жүзеге асырылады, делдалдар - "қызмет
___________________________________________________________________
көрсетуді беруші" талап етіледі немесе өтініш берушінің өзі басқа
___________________________________________________________________
  заңды тұлғаның делдалы болып табылады. Тиісті құжаттардың
___________________________________________________________________
            көшірмелерімен растау талап етіледі)
___________________________________________________________________

Ережеге 2-қосымша
______________________
                             ______________________
______________________
  _____________басшысына

Техникалық зерттеу жүргізуге
өтініш

Арнайы техникалық құралдарға жатқызу мәніне:

Р/с
N

Бұйымның
атауы

Мақсаты

Моделі

Зауыт N

Саны

СЭҚ ТН коды

Бұйымның жиынтық құрамы, оның бөлшектері мен керек-жарақтарының сипаттамасы:

Р/с
N

Бұйымның
атауы

Мақсаты

Моделі

Зауыт N

Саны

СЭҚ ТН коды

ұсынылады.
Осы өтінішке қоса беріледі:

Атауы

Нөмірі немесе белгісі

Парақ саны

Бұйымның сындарлы ерекшеліктері
туралы мәліметтер
Пайдалану бойынша басшылық
Бұйымның паспорты (формуляр)
Тұтынушы мен беруші арасындағы
жеткізуге арналған келісім-шарттың
(шарттың) көшірмесі
Қосымша ұсынамын:
Бұйымның үлгісі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Бұйым туралы бір мезгілде мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
бұйымға иелік ету құқығын растайтын құжаттардың атауы, күні және нөмірі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     (сатып алу-сату шарты, авторлық құқықтары және т.б.)
 
Бұйым______________________________________________________________
__________________________________________________________ арналған
                   (мақсаты және қолдану саласы)

Бұйымды сатып алу мақсаты
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                           (сату, жеке тұтыну)
 
Бұйымды тұтынушы туралы мәліметтер_________________________________
___________________________________________________________________
       (ұйымдық-құқықтық нысаны мен мекен-жайы көрсетілген
___________________________________________________________________
                       фирманың атауы)
 
Бұйымды өндіруші туралы мәліметтер_________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
        (өндіруші фирманың атауы, жеке әзірлеуі/өндіруі)
 
Сындарлы ерекшеліктері туралы мәліметтер___________________________
___________________________________________________________________
                          (бұйымның атауы)

1. Бұйымның қолданылуына қатысты ақпараттық объектінің негізгі техникалық сипаттамалары (жиіліктер спектрі, тіркелген сигналдардың түрлері мен қуаттылығы, бұйымнан объектінің барынша алыстауы және басқалары).
2. Алғашқы ақпаратты алу тәсілдері (гальваникалық, индукциялық қосу, радиоқадағалау көзбен шолып қадағалау, ену, ашу, химиялық құрамды қолдану және т.б.).
3. Алғашқы ақпарат дерек көзінің өрісін көрсете отырып бақыланатын жиілік спектрі.
4. Сезгіштігі.
5. Оптикалық жүйелердің кіру саңылауының диаметрі.
6. Кескінді беру кезіндегі рұқсат.
7. Алғашқы ақпаратты алу құрылғысы бағыттарының диаграммасының негізгі сипаттамалары.
8. Пайдаланатын химиялық құрамдардың мақсаты мен параметрі.
9. Негізгі (базалық) құрылғылардан алыстататын аспаптардың жұмысын қамтамасыз ететін орнатылған құрылғылардың және басқа да құрылғылардың болуы.
10. Алғашқы ақпаратты құжаттау тәсілдері.
11. Жазып алушы құрылғыларды іске қосудың мүмкіндіктері мен тәсілдері.
12. Деректерді беру радиоарнасын пайдаланатын, желілердің түрі мен сипаттамасын көрсете отырып ақпаратты беруге арналған әртүрлі желілерді пайдалану мүмкіндігі, ақпарат беру қашықтығы, алғашқы ақпаратты шифрлеу мүмкіндігі.
13. Ақпаратты жазатын құрылғының іс-қимыл қағидаты.
14. Ақпарат тасымалдаушы.
15. Ақпараттың жазылу ұзақтығы.
16. Ақпаратты циклдық жазу мүмкіндігі.
17. Жазу жылдамдығы мен шығаруды реттеу, аудиожазбаны бір мезгілде жүзеге асыра отырып ("өтпелі арна"), оның сапасын, жазудың ұзақтығын бақылау мүмкіндігінің болуы.
18. Бұйымды қашықтан (сырттай) басқару мүмкіндігі.
19. Қандай да бір белгі бойынша автоматты түрде қосу (акустоқосу және т.б.) мүмкіндігі.
20. Аппаратураны қосудың ұзақ кідіру мүмкіндігі.
21. Арнайы мақсатта орнатылған құрылғылардың болуы және олардың мақсаты.
22. Қажет болуына байланысты ерекше механикалық беріктігін қамтамасыз ететін арнайы шаралар.
23. Бөгде адамдардың ену рұқсатын шектейтін құрылғының болуы.
24. Аппаратураны әртүрлі, қандай да бір ортада пайдалану мүмкіндігі.
25. Арнайы материалдарды, соның ішінде химиялық және өзге де материалдарды қолдану.
26. Бұйымды аппаратурада немесе басқа мақсаттағы заттарға орнату мүмкіндігі.
27. Әртүрлі қоректендіру көздерін пайдалану мүмкіндігі (қандай дереккөздер екенін және қорек берудің тәсілін көрсету).
28. Дербес қоректендіру көзінен жұмыс ұзақтығының мүмкіндігі (ауыстырмай жұмыс істеу мерзімін, тұтыну сипаттамасын және пайдаланылатын қоректендіру көзін көрсету).
 
Басшы_________________________ __________ _________________________
        (фирманың атауы)         (қолы)                (тегі)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы»23 маусымдағы
N 528 қаулысымен  
бекітілген     

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары

      1. Өтініш беруші сәйкес келуі тиіс ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ саласында лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын жалпы біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары):
      1) өлшеу және бақылау техникалық құралдарының, АТҚ-ны жасауға және жөндеуге арналған аспаптардың болуын;
      2) лицензиатқа және оның қызметкерлеріне қатысты медициналық жарамсыздығының және (немесе) оған кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салған сот шешімінің болмауын;
      3) АТҚ-мен өтініш берген қызмет саласындағы ғылыми-техникалық
және инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін және кемінде үш жыл жұмыс өтілін;
      4) АТҚ-мен жұмыс істеуге мәлімделген адам бір мезгілде бірнеше лицензиатта өтініш берген қызметтерді жүзеге асыра алмайды;
      5) күзет, өрт сигнализацияларын тәуліктік күзет пультіне қоса отырып жабдықталған терезелерде темір торлары бар үй-жайлардың, сондай-ақ құлыпталған, темір, мөрленген есіктердің болуын;
      6) АТҚ-ны сақтау үшін мөрленген темір шкафтардың және оған техникалық құжаттаманың болуын;
      7) біліктілік сынақ нәтижелері бойынша оң қорытындыны;
      8) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып жұмыс жүргізуге рұқсаттың немесе бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шарттың болуын қамтиды.
      2. ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ-ны әзірлеу және жасау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) тиісті өндірістік қуаттардың, өлшеу және радиомонтаждау жабдықтары мен мүкәммалдың болуын;
      2) АТҚ-ны өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманың болуын;
      3) АТҚ-ны тіркеу, есепке алу және оларды әзірлеу мен жасау үшін нормативтік-техникалық құжаттама тәртібінің талаптарын сақтау, ЖІШ-ті жүргізу үшін әзірленген (жасалған) АТҚ-ны тіркеу журналының болуын (осы біліктілік талаптарына 1-қосымша);
      4) ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ-ның жасалған тәжірибелік түріне лицензиар берген техникалық қорытындының болуын қамтиды.
      3. Ақпараттың таралуының техникалық арналарын іздестіру бойынша ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ-ны жөндеу және сату бойынша лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптары:
      1) жөндеу, техникалық сүйемелдеу және сервистік қызмет көрсету үдерісінде ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ функционалдық өзгерістерінің (алгоритмдер өзгерістерінің) болмауы;
      2) жөндеу, техникалық сүйемелдеу және сервистік қызмет көрсету барысында жасалған АТҚ-ға өзгерістер енгізуге рұқсат етілетін құжаттамаларды жүргізу;
      3) ЖІШ-ті жүргізу үшін жөнделген АТҚ-ны тіркеу журналының болуы (осы біліктілік талаптарына 2-қосымша);
      4) ЖІШ-ті жүргізу үшін сатылған АТҚ-ны тіркеу журналының болуы
(осы біліктілік талаптарына 3-қосымша);
      5) ақпараттың таралуының техникалық арналарын іздестіруге арналған АТҚ-ны пайдалану жөнінде лицензиар бекіткен әдістемелік-технологиялық құжаттаманың болуы.
      4. Өтініш берген адамдардың білім деңгейін бағалау біліктілік сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
      5. ЖІШ-ті жүргізу үшін АТҚ саласындағы біліктілік сынақтарын тапсыру үшін сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді.

Біліктілік талаптарына
1-қосымша 

    Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін әзірленген (жасалған)
       арнайы техникалық құралдарды есепке алудың N____ журналы

Р/с
N

Күні

АТҚ атауы

Есепке алу немесе
зауыт нөмірі

Мақсаты

1

2

3

4

5






  Ескертпе: Әзірленген АТҚ-ны есепке алу журналы лицензиаттың іс жүргізу бөлімшесінде есепке қойылады.

Біліктілік талаптарына
2-қосымша    

                  Жөнделген АТҚ-ны есепке алудың
                           N ____ журналы

Р/с
N

АТҚ
атауы

Есепке алу
немесе зауыт
нөмірі

Өнді-
руші

АТҚ
ақаулары

Ақауларды
жою
жөнінде
жүргізілген
жұмыстар

Заңды және
жеке тұлғалар
туралы
деректер
(шарттың N,
атауы, СТН,
мекен-жайы,
телефоны)

1

2

3

4

5

6

7








  Ескертпе: Жөнделген АТҚ-ны есепке алу журналы лицензиаттың іс жүргізу бөлімшесінде есепке қойылады.

Біліктілік талаптарына
3-қосымша     

                     Сатылған АТҚ-ны есепке алудың
                       №      N _____ журналы

Р/с
N

АТҚ атауы

Есепке алу
немесе зауыт
нөмірі

Өндіруші

Заңды және жеке
тұлғалар, сатып
алушылар туралы
деректер (шарттың N,
атауы, СТН,
мекен-жайы, телефоны)

1

2

3

4

5






  Ескертпе: Сатылған АТҚ-ны есепке алу журналы лицензиаттың іс жүргізу бөлімшесінде есепке қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады