1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң құрылымы қосымшаға сәйкес, сондай-ақ алқаның адам саны - 9 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң 5 орынбасары, оның iшiнде 2 бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
3. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын реформалаудың жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 398 P970398_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
аталған қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi". ЕСКЕРТУ. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.12. N 1551 қаулысымен. P971551_ 4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1665 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 маусымдағы N 970 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Адъютанттар бөлiмi Баспасөз қызметi Құжаттау департаментi Iшкi қауiпсiздiк басқармасы Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментi Бас штаб: жедел жоспарлау департаментi ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментi байланыс департаментi сегiзiншi бөлiм топографиялық қызмет әскери хабарламалар қызметi қаржы бөлiмшесi комендатура бөлiм (кадрларды iрiктеу, орналастыру, есепке алу және құжаттар әзiрлеу) қамтамасыз ету бөлiмi әскери-оркестр қызметi Арнайы әскер департаментi Жауынгерлiк даярлық департаментi Медициналық қамтамасыз ету департаментi Кадр және әскери бiлiм департаментi Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстар департаментi Экономика және қаржы департаментi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi комитетi (заңды тұлға құқығында) Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi (заңды тұлға құқығында).