1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне "Қарағандышахтыкөмiр" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының берешектерiн қайта құрылымдау үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкiне 1997 жылдың республикалық бюджетiнде көзделген қаржының есебiнен 438 млн.теңге сомасында қаржылық қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi:
"Қарағандышахтыкөмiр" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының берешектерiн қайта құрылымдауда, кестеге сәйкес (қоса берiлiп отыр) көрсетiлген сомалар шегiнде процентсiз несие беру нысанында мақсатты қайтарымды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн;
көрсетiлген несие берудi оның қайтаруын қамтамасыз ететiн ("Қарағандышахтыкөмiр" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының банкроттығы туралы iс бойынша iс қозғалған жағдайда оны бiрiншi кезекте өтеу) "Қарағандышахтыкөмiр" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамымен тиiстi шарт жасау жолымен қаржыландырылған күнiнен бастап 6 айдан аспайтын мерзiм нысанында жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi салық заңдарына сәйкес "Қарағандышахтыкөмiр" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамына 1997 жылдың аяғына дейiн жеке тұлғалардан табыс салығы мен Зейнетақы қоры төлемдерiнен басқа салықтарды төлеу жөнiнде мерзiм берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылатын бюджеттiк мекемелер үшiн көмiр берушiлердiң конкурсын өткiзу кезiнде 1997 жылдың екiншi жарты жылдығында "Қарағандыкөмiр" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамынан республикалық бюджет мекемелерiне көмiр сатып алу мүмкiндiктерiн қарасын.
Облыс әкiмдерiне жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен көмiр беруге арналған конкурсты өткiзу кезiнде республикалық бюджеттiк мекемелер үшiн өткiзiлген конкурстың нәтижесi ұсынылсын. 5. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 маусымдағы N 973 қаулысына қосымша Қаражаттарды бөлу кестесi _______________________________________________________________ Датасы | Сомасы (теңге) __________________________________|____________________________ 1997 жылдың маусымы | 200 000 000 1997 жылдың шiлдесi | 138 000 000 1997 жылдың тамызы | 100 000 000 __________________________________|____________________________ | Жиынтығы | 438 000 000 __________________________________|____________________________