ЕСКЕРТУ. Атауы өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен .
"Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен .
1. Қоса берiлiп отырған Азып-тозған, ластанған және бүлінген жерлерді қорғаудың, пайдаланудың тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен, Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп үш ай мерзiмде топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердiң және басқа да биологиялық заттардың шектi жол берiлетiн қордалануының нормативтерiн бекiтсiн.
3. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап қолдануға енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 16 маусымдағы
N 976 қаулысымен
бекiтiлген
Азып-тозған, ластанған және бүлінген жерлерді қорғаудың, пайдаланудың тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
ЕСКЕРТУ. Атауы өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен .
1. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар:
ластанған жерлер - антропогендiк әрекеттердiң нәтижесiнде түрлi зиянды заттар мен организмдердiң жерде нормативтiк деңгейден артық және жерлердiң экономикалық-ресурстық және санитарлық-гигиеналық бағалылығын төмендететiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын, қоршаған ортаның басқа да объектiлерiн, халықтың тұру жағдайын нашарлататын шамаларда қордалануы;
радиоактивтi ластану - жерлердiң радионуклидтермен, оның iшiнде пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеудiң, ядролық жаратылыстардың, ядролық қондырғылардың жұмыс iстеуiнiң, иондаушы сәулелену көздерiн, радиоактивтi заттарды көму және сақтау пункттерiн пайдаланудың, ядролық радиациялық авариялардың, сондай-ақ радиоактивтi заттармен байланысты өзге де әрекеттердiң нәтижесiнде ластануы;
химиялық ластану - топырақтың химиялық құрамының адамдардың өндiрiстiк, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық немесе өзге де әрекеттерiнiң салдарынан оның құнарлылығы мен сапасы төмендеуiнен өзгеруi;
биологиялық ластану - жерлердiң бактериологиялық, гельминтологиялық, энтомологиялық және арамшөптер өсушiлiк карантиндiк ластануы;
шаруашылық-тұрмыстық ластану - жерлердiң топырақтың физикалық не химиялық қасиеттерi қолайсыз өзгеретiн өндiрiстiк қалдықтармен және сарқынды сулармен ластануы;
бүлiнген жерлер - шаруашылық қызметтiң нәтижесiнде өсiмдiктердi жойылған, топырақ қабаты бұзылған, жерлердiң гидрологиялық режимi мен бедерi өзгерген жер учаскелерi;
жерлердi консервациялау - жерлердi шаруашылық айналымнан уақытша шығару;
азып-тозған жерлер - жердің табиғи ортаның элементі ретіндегі функциясының өзгеруіне, оның сандық және сапалық жағдайының нашарлауына, табиғи-шаруашылық маңыздылығының төмендеуіне әкеп соқтыратын процестер жиынтығы.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
2. Осы Ереженiң күшi, белгiленген тәртiппен пайдалануы олардың бүлiнуiне байланысты болатын пайдалы қазбалар кен орындарын өңдеу, геологиялық барлау, зерттеу, құрылыс және өзге де жұмыстарды орындау үшiн берiлген, бүлiнген (бүлiнетiн) жер учаскелерiне қолданылмайды. Бұл жерлердi Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес арналған мақсаты бойынша пайдалану үшiн жарамды жағдайға уақытында келтiру, оларды өңдеу мен қайта қалпына келтiруге орай жүргiзiледi.
II. Азып-тозған, ластанған және бүлiнген жерлердi анықтау және зерттеу
ЕСКЕРТУ. II-бөлімнің атауы өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
3. Ластанған және бүлiнген жерлердi анықтау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн жер учаскесi иесiнiң немесе жердi пайдаланушының өтiнiмi, жергiлiктi атқарушы немесе өзге де құзыреттi органның бастамашылығы, қоғамның талап етуi негiз болып табылады.
4. Ластанған және бүлiнген жерлердi анықтауды белгiленген өкiлеттiктер тәртiбiнде олардың жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру тәртiбiмен жергiлiктi атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару, табиғат қорғау жөнiндегi органдар және басқа да уәкiлеттi органдар жүргiзедi.
5. Егер жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды, жерлердiң мониторингiн енгiзудi, жерге орналастыруды жүргiзудi, сондай-ақ жердi пайдалануға байланысты өзге де жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесiнде анықталған ластанған және бүлiнген жерлер халықтың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiндiгi айқындалса, онда облыстық (Астана және Алматы қалаларының) атқарушы орган жерлердiң ластануы деңгейiн белгiлеу, келтiрiлген залалдарды айқындау, жерлердiң ластануы мен бүлiнуiнiң зардаптарын жою мақсатында арнаулы комиссия құрады.
Комиссияның құрамына жер ресурстарын басқару жөнiндегi, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы органдарының және басқа да құзыреттi органдардың мамандары кiредi.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
6. Комиссия жер ресурстарын басқару жөнiндегi, табиғат қорғау органдарының және басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк-нұсқаулық құжаттары мен әдiстемелiк нұсқауларына сәйкес ластанған және бүлiнген жерлерге кешендi зерттеу жүргiзедi.
7. Жерлердiң ластану деңгейiн Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен, Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігімен және Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiрлесiп бекiткен топырақты ластайтын зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдер мен басқа да биологиялық заттардың шектi жол берiлген қордалануының нормативтерiне сәйкес белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен .
8. Арнаулы комиссияның зерттеу материалдары комиссияның барлық мүшелерi қол қойған қорытындыда жинақталып, қорытылуы тиiс.
Қорытындыда:
иелiгiнде немесе пайдаланылуында ластанған немесе бүлiнген жер учаскесi бар тұлғаның деректерi;
жерлердiң ластануын тудыратын объектiлер; егер ол анықталса, жерлердi ластаушы немесе бүлдiрушi тұлғаның деректерi;
ластанған және бүлiнген жерлердiң түрi мен алаңы;
жер ресурстарына келтiрiлген залалдың бағасы;
ластанған жерлердi қалпына келтiру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалануға мақсатты арналуын өзгерту немесе пайдаланудың арнаулы режимiн белгiлеу, консервациялауды жүзеге асыру, не шаруашылық айналымынан шығару ұсынылатын жер учаскелерiн көрсете отырып ластанған жерлердi одан әрi шаруашылыққа пайдалану жөнiнде ұсынылатын шаралар көрсетiледi.
9. Жерлердi кешендi зерттеу материалдары мен арнаулы комиссия қорытындысының негiзiнде жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық (Астана және Алматы қалаларының) атқарушы орган табиғат қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы органдарымен және басқа да уәкiлеттi органдармен келiсiлген шешiмнiң жобасын дайындайды және оны облыстық атқарушы органның бекiтуiне енгiзедi.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
10. Қорғаныс қажетi үшiн берiлген, сондай-ақ ядролық сынақ өткiзiлген жер учаскелерiн зерттеу материалдары облыстық (Астана және Алматы қалаларының) атқарушы органның шешiмiмен бiрге осы Ереженiң 18-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына жолданады.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
11. Облыстық (Астана және Алматы қалаларының) аумақтық орган ластанған жерлердi одан әрi пайдаланудың түрлерiн бекiткеннен кейiн, жер ресурстарын басқару жөнiндегi атқарушы орган ластанған және бүлiнген жерлердi зерттеудiң материалдарын пайдалана отырып, осы Ереженiң III және IV тарауларында айқындалған тәртiппен, мұндай жерлердi жер учаскелерi иелерiнен және жердi пайдаланушылардан алу жөнiндегi жерге орналастыру жобасын дайындайды.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
III. Ластанған және бүлiнген жерлердi алу, қорғау және шаруашылықтық пайдалану
12. "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, радиоактивтi ластануға ұшыраған және заңдарда белгiленген санитарлық талаптар мен нормативтерге сәйкес өнiмдер алу қамтамасыз етiлмейтiн жер учаскелерi ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылуға және консервациялауға жатады. Бұл жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және оны сатуға тыйым салынады.
Көрсетiлген жерлердi жер учаскелерiнiң иелерi мен мемлекеттiк емес жер пайдаланушылардан алу - уәкiлеттi мемлекеттiк органның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен, ал мемлекеттiк жер пайдаланушылардан - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құзыреттi органның шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
Жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылар ластанған және бүлiнген жер учаскелерiнен ерiктi түрде бас тартқан жағдайларда, бұл мәселе бойынша шешiмдi облыстық атқарушы орган қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
13. Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірмейтін шектерде бүлінуге немесе ластануға ұшыраған жер учаскелерінің пайдалану нысанын өзгерту жер учаскелерінің мүдделі меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша Үкімет белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен .
14. Азып-тозған ауыл шаруашылығы алқаптарының химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанған жерлерінің шекті жол берілетін шоғырлану және шекті жол берілетін радиациялық әсер деңгейі нормативтерінен тыс ластанған, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған жерді, сондай-ақ карантиндік зиянкестермен және өсімдік ауруларымен зақымданған жерлердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда жерлерді консервациялау жүргізіледі.
Жерлердi консервациялау туралы шешiмдi облыстық атқарушы орган қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
15. Консервациялауға жататын жер учаскелерi азаматтық заңдардың ережелерi бойынша оларды консервациялау кезеңiнде жер учаскелерi иелерiнен немесе жердi пайдаланушылардан алынады және облыстың запастағы жерлерiнiң құрамына ауыстырылады.
16. Консервация жағдайындағы жер учаскелерiнiң шекаралары арнаулы белгiлермен белгiленедi. Облыстық атқарушы орган бұл жерлер бойынша шаруашылық қызметiне жол бермеу мақсатында оларды қорғауды қамтамасыз ететiн режим белгiлейдi.
IV. Ядролық қаруға сынақ жүргiзiлген жер учаскелерiн алудың, күзетудiң және берудiң ерекшелiктерi
17. Ядролық қаруға сынақ жүргiзiлген жер учаскелерi ретiнде бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағы, сондай-ақ ядролық қаруға сынақ жүргiзiлген басқа да жер учаскелерi ұғылады.
18. Ядролық қаруға сынақ жүргiзiлген жерлердi запастағы жерлердiң құрамына ауыстыру туралы материалдарды облыстық уәкілетті органдардың өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ұлттық ядролық орталығымен бiрлесiп жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган дайындайды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша көрсетiлген жер учаскелерi запас жерлерiнiң құрамына ауыстырылады және олардың қарауына жатады.
ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
19. Көрсетiлген аумақтарда ядролық қаруды сынаудың зардаптарын жою жөнiндегi шаралар қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жер ресурстарын қорғау және тиiмдi пайдалану жөнiндегi республикалық және облыстық бағдарламаларда және басқа да арнаулы бағдарламаларда көзделедi.
19-1. Нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған немесе халықтың өмірі мен денсаулығына өзге түрде қатер төндіретін жер учаскелерін меншікке, тұрақты немесе уақытша пайдалануға беруге болмайды.
ЕСКЕРТУ. 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
20. Ядролық қаруға сынақ жүргiзiлген жер учаскелерi ядролық қаруды сынаудың зардаптарын жою және аумақты кешендi экологиялық зерттеу жөнiндегi барлық шаралар аяқталғаннан кейiн ғана жер пайдалануға ұсынылуы немесе меншiкке берiлуi мүмкiн.
Кешендi экологиялық зерттеу жүргiзудiң құрамы мен әдiстемесiн, сондай-ақ жұмыстарды атқарушыны Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитетімен келісім бойынша Ұлттық ядролық орталығы айқындайды.
ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен .
21. Кешендi экологиялық зерттеудiң материалдары, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, Қазақстан Республикасының Үкіметі ядролық қаруға сынақ жүргiзiлген жер учаскелерiне жердi пайдалану құқығын және меншiк құқығын беру туралы шешiм қабылдауына негiз болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.