Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне жер қатынастарын реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1123. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.08. N 908 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің              
2001 жылғы 29 тамыздағы        
N 1123 қаулысымен           
бекітілген                

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Қызметтік жер үлесіне құқығы бар қызметкерлер санатының" тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 23 мамырдағы N 634 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 22, 198-құжат):
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2718 өкіміне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызметтік жер үлесіне құқығы бар қызметкерлер санатының тізбесінде:
      1-тармақтағы "жер пайдалануындағы" деген сөздерден кейін "мемлекеттік" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Жарлығының 46-бабына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңының 32-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қазандағы N 1262 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 42, 398-құжат):
      кіріспеде "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1995 ж., N 24, 159-құжат)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстырудың тәртібінде:
      мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеттің", "Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің", "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті", "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетіне", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитеттің", "аудандық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетке", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі облыстық комитетіне", "Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитет", "Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі облыстық комитеті" деген сөздер тиісінше "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның", "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган", "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға", "Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "қаржысының" деген сөз "қаражатының" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақ алынып тасталсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган осы Тәртіптің 11-тармағында санамаланған ұйымдардың ескертулерін ескере отырып жасаған өз қорытындысымен материалдарды:
      онша бағалы емес ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру жөнінде түпкілікті шешім қабылдау үшін аудандық атқарушы органға;
      суармалы жерлерді суарылмайтын жерге, суарылмайтын егістікті басқа онша бағалы емес ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыстыру жөнінде облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органына келісуге жібереді;
      Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган келісу нәтижелері бойынша материалдарды тұтастай алғанда облыс бойынша қорытады және өз қорытындысымен материалдарды:
      суарылмайтын егістіктерді онша бағалы емес ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстыру жөнінде - аудан әкіміне түпкілікті шешім қабылдау үшін;
      суармалы жерлерді суарылмайтын жерге ауыстыру жөнінде - жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келісу үшін жібереді.";
      14-тармақтағы "Экология және биоресурстар министрлігімен және Су ресурстары жөніндегі комитетпен" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Арнайы жер қорын құру және бөлу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қазандағы N 1312  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 43, 412-құжат):
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы жер қорын құру және бөлу тәртібінде:
      мәтіндегі "Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитетіне", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аудандық комитеті" деген сөздер тиісінше "Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "бұзуды жоймаса" деген сөздерден кейін "не шартты жер үлесіне құқық иесі "Жер туралы"  Қазақстан Республикасы Заңының 82-бабының 6-тармағында көзделген шартты (дараландырылған) жер үлесін сатпаса" деген сөздермен толықтырылсын;
      "үш жыл" деген сөздер "бір жыл" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы "енгізу жөнінде" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "заңда белгіленген жағдайларда шартты жер үлесіне құқық иелері өздерінің құқығына билік ету жөніндегі құқықтық өкілеттіктерін жойған кезде, жер учаскелерін арнайы жер қорына есепке алу туралы";
      12-тармақтағы "Жер учаскелеріне жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760  қаулысымен " деген сөздер "заңнамада" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақтағы "қалған жер пайдаланушыларға" деген сөздер алынып тасталсын.
      4. "Ластанған және бүлінген жерлерді алудың, қорғаудың және пайдаланудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 маусымдағы N 976 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 27, 242-құжат):
      атауындағы және 1-тармақтағы "Ластанған және бүлінген жерлерді алудың, қорғаудың және пайдаланудың" деген сөздер "Азып-тозған, ластанған және бүлінген жерлерді қорғаудың, пайдаланудың және консервациялаудың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2718 өкіміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 160-құжат)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ластанған және бүлінген жерлерді алудың, қорғаудың және пайдаланудың тәртібінде:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азып-тозған, ластанған және бүлінген жерлерді алудың, қорғаудың, пайдаланудың және консервациялаудың тәртібі туралы ереже";
      1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "азып-тозған жерлер - жердің табиғи ортаның элементі ретіндегі функциясының өзгеруіне, оның сандық және сапалық жағдайының нашарлауына, табиғи-шаруашылық маңыздылығының төмендеуіне әкеп соқтыратын процестер жиынтығы";
      "Ластанған және бүлінген жерлерді анықтау және зерттеу" деген ІІ бөлімнің атауындағы және мәтіндегі "ластанған" деген сөздердің алдынан "Азып-тозған," деген сөзбен толықтырылсын;
      5, 9, 10, 11 және 12-тармақтардағы "облыстық" деген сөзден кейін "(Астана және Алматы қалаларының)" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақтағы "Экология және биоресурстар министрлігі, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы, Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен, Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы "атқарушы" деген сөз "аумақтық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ауыл шаруашылығы айналымынан шығарылуға" деген сөздерден кейін "және консервациялауға" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Бұл жерлерде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және оны сатуға тыйым салынады";
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп келтірмейтін шектерде бүлінуге немесе ластануға ұшыраған жер учаскелерінің пайдалану нысанын өзгерту жер учаскелерінің мүдделі меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша Үкімет белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіледі";
      14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азып-тозған ауыл шаруашылығы алқаптарының химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанған жерлерінің шекті жол берілетін шоғырлану және шекті жол берілетін радиациялық әсер деңгейі нормативтерінен тыс ластанған, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен ластанған жерді, сондай-ақ карантиндік зиянкестермен және өсімдік ауруларымен зақымданған жерлердің топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда жерлерді консервациялау жүргізіледі";
      18-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "атқарушы" деген сөз "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын, "Экология және биоресурстар министрлігімен, Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының Ұлттық ядролық орталығымен" деген сөздер "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ұлттық ядролық орталығымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы "тиісті облыстардың" деген сөздер алынып тасталсын және абзац "және олардың қарауына жатады" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған немесе халықтың өмірі мен денсаулығына өзге түрде қатер төндіретін жер учаскелерін меншікке, тұрақты немесе уақытша пайдалануға беруге болмайды.";
      20-тармақта екінші абзацтағы "Экология және биоресурстар министрлігі мен Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің келісімі бойынша Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының" деген сөздер "Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергиясы жөніндегі комитетімен келісім бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақтағы "облыстық атқарушы орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. "Қазақстан Республикасында жерді аймақтарға бөлудің негізгі ережелері мен принциптерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 қазандағы N 1435 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 46, 425-құжат):
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жерді аймақтарға бөлудің негізгі ережелері мен принциптерінде:
     1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "1. Осы Ереже "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді";
     2-тармақтағы "нысаналы" деген сөзден кейін "мақсатты және" деген сөздермен толықтырылсын;
     5-тармақта:
     төртінші абзац "сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер" деген сөздермен толықтырылсын;
     мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
     "Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді:
     1) орманды дала;
     2) дала;
     3) қуаң дала;
     4) шөлейтті;
     5) шөлді;
     6) тау етегі-шөлді-дала;
     7) субтропикалық шөлді;
     8) субтропикалық тау етегі-шөлді;
     9) орта азиялық таулы;
     10) оңтүстік-сібірлік таулы";
     6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "6. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабына сәйкес жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның жергілікті жерлердегі органдары жүзеге асырады.
      Жерді аймақтарға бөлу аумақты, сондай-ақ жекелеген санаттағы жерлерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жоспарларын) әзірлеу жолымен жерге орналастыру тәртібімен жүзеге асырылады";
      7-тармақтың бірінші абзацында:
      "атқарушы" деген сөз "уәкілетті" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "қабылдайды" деген сөзден кейін ", ұйымдастырады" деген сөзбен толықтырылсын;
      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Облыстық (Астана және Алматы қалаларының) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдар облыстық (Астана және Алматы қалаларының) атқарушы органдардың тапсырмасы бойынша қоршаған ортаны қорғау, сәулет және қала құрылысы жөніндегі жергілікті органдармен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, облыстық (қалалық) деңгейде жерлерді аймақтарға бөлудің жобаларын (схемаларын) әзірлеуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді және оларды облыстық (Астана және Алматы қалаларының) өкілді органдардың бекітуіне енгізеді";
     12-тармақтағы "қаржы" деген сөз "қаражат" деген сөзбен ауыстырылсын;
     16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "әскери полигондар аумақтары";
     17-тармақтың бірінші абзацындағы "аумақтардың жерін" деген сөздерден кейін ", сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді" деген сөздермен толықтырылсын.    

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады