1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасында шақырылатын және шақыруға дейiнгi жастарды қарулы Күштерде қызмет атқаруға даярлау, спорттың техникалық және әскери-қолданбалы түрлерiн дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 479 қаулысы;
"Қазақстан Республикасында авиация мамандары мен спорттың авиациялық түрлерi бойынша спортшылар даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 маусымдағы N 521 P930521_ қаулысы.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары екi апта мерзiмде өздерiнiң нормативтiк актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi