Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 маусымдағы N 998

      "Досарм, Досавиа және Досфлотты Қазақ ССР-iнiң армияға, авиацияға және флотқа жәрдемдесу жөнiндегi Ерiктi қоғамы (ДОСААФ) етiп бiрiктiру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1951 жылғы 8 қыркүйектегi N 732 қаулысымен құрылған Армияға, авиацияға және флотқа жәрдемдесу жөнiндегi Ерiктi қоғамның (ДОСААФ) "Отан" қоғамдық бiрлестiгi етiп қайта жаңғыртылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасында шақырылатын және шақыруға дейiнгi жастарды қарулы Күштерде қызмет атқаруға даярлау, спорттың техникалық және әскери-қолданбалы түрлерiн дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 7 маусымдағы N 479 қаулысы;
      "Қазақстан Республикасында авиация мамандары мен спорттың авиациялық түрлерi бойынша спортшылар даярлау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 маусымдағы N 521 P930521_ қаулысы.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары екi апта мерзiмде өздерiнiң нормативтiк актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады