Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Азаматтарды мiндеттi медициналық сақтандыруды енгiзу мәселелерi"
туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1845
қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ПҮАЖ-ы,
1995 ж., N40, 506-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
жанындағы медициналық сақтандыру қорына және оның облыстық (Алматы
қалалық) бөлімшелерiне сақтандыру төлемдерiн төлеу тәртiбi туралы
Ережеде:
6-тармақ алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi