1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Алматы Пауэр Консолидейтид" компаниясының республикалық бюджет алдындағы жалпы сомасы 201 068 000 (екi жүз бiр миллион алпыс сегiз мың) теңге, оның iшiнде қосылған құнға салық бойынша 187 752 000 (жүз сексен жетi миллион жетi жүз елу екi мың) теңге және заңды тұлғаларға 13 316 000 (он үш миллион үш жүз он алты мың) теңге табыс салығы берешектерiне есептеу жүргiзсiн:
аталған сомаларды, қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, осы компанияға алған жылу және электр энергиясы үшiн берешектерi бар республикалық бюджеттiк мекемелердi қаржыландыру есебiне есепке алсын. 2. Берешектердi есептеу осы сомалар 1997 жылдың 1 жарты жылдығына арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1043 қаулысына қосымша "Алматы Пауэр Консолидейтид" компаниясына алған жылу және электр энергиясы үшiн берешектерi бар, есептеуге қабылданатын республикалық бюджетте тұратын мекемелердiң ТIЗБЕСI (мың теңге) ____________________________________________________________________ | Есепке қабылданатын | берешектер сомасы |__________________________________ Атауы | Барлығы | оның iшiнде | |_____________________ | |электр |жылу | |энергиясы |энергиясы _________________________________|____________|__________|__________ Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 3301 1493 1808 Мемлекеттiк тергеу комитетi 28898 5948 22950 Iшкi iстер министрлiгi 1707 1707 Iшкiiсминiнiң қылмыстық-атқару жүйесi департаментi 12222 5738 6484 Iшкi әскерлер 3200 2000 1200 Қорғаныс министрлiгi 44155 44155 Бiлiм және мәдениет министрлiгi 75017 13385 61632 Денсаулық сақтау министрлiгi 27989 5327 22662 Қаржы министрлiгi 310 310 Экономика және сауда министрлiгi 3031 3031 Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi 205 205 Әдiлет министрлiгi 200 200 Ауыл шаруашылығы министрлiгi 833 513 320 Жиынтығы 201068 80781 120287