"Алматы Пауэр Консолидейтид" компаниясының бюджеттiк борыштары бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1043

      Отын-энергетика кешенiнiң жұмысын тұрақтандыру және бюджеттiк мекемелердiң тұтынған жылу және электр энергиясы үшiн жинақталып қалған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Алматы Пауэр Консолидейтид" компаниясының республикалық бюджет алдындағы жалпы сомасы 201 068 000 (екi жүз бiр миллион алпыс сегiз мың) теңге, оның iшiнде қосылған құнға салық бойынша 187 752 000 (жүз сексен жетi миллион жетi жүз елу екi мың) теңге және заңды тұлғаларға 13 316 000 (он үш миллион үш жүз он алты мың) теңге табыс салығы берешектерiне есептеу жүргiзсiн:

     аталған сомаларды, қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, осы
компанияға алған жылу және электр энергиясы үшiн берешектерi бар
республикалық бюджеттiк мекемелердi қаржыландыру есебiне есепке алсын.
     2. Берешектердi есептеу осы сомалар 1997 жылдың 1 жарты жылдығына
арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде
көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 2 шiлдедегi
                                          N 1043 қаулысына
                                              қосымша

          "Алматы Пауэр Консолидейтид" компаниясына алған
          жылу және электр энергиясы үшiн берешектерi бар,
           есептеуге қабылданатын республикалық бюджетте
                        тұратын мекемелердiң
                              ТIЗБЕСI
                                                   (мың теңге)
____________________________________________________________________
                                 |      Есепке қабылданатын
                                 |       берешектер сомасы
                                 |__________________________________
              Атауы              |  Барлығы   |    оның iшiнде
                                 |            |_____________________
                                 |            |электр    |жылу
                                 |            |энергиясы |энергиясы
_________________________________|____________|__________|__________

Ұлттық қауiпсiздiк комитетi           3301        1493       1808
Мемлекеттiк тергеу комитетi          28898        5948      22950
Iшкi iстер министрлiгi                1707        1707
Iшкiiсминiнiң қылмыстық-атқару
жүйесi департаментi                  12222        5738       6484
Iшкi әскерлер                         3200        2000       1200
Қорғаныс министрлiгi                 44155       44155
Бiлiм және мәдениет министрлiгi      75017       13385      61632
Денсаулық сақтау министрлiгi         27989        5327      22662
Қаржы министрлiгi                      310         310
Экономика және сауда министрлiгi      3031                   3031
Энергетика және табиғи ресурстар
министрлiгi                            205         205
Әдiлет министрлiгi                     200                    200
Ауыл шаруашылығы министрлiгi           833         513        320

     Жиынтығы                       201068       80781     120287
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады