Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1321 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Азаматтық авиациясын экономикалық тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1030 қаулысына сәйкес, халықаралық авиациялық жұмыстар және қызмет көрсету рыногында ұлттық мүдделердi қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық авиатасымалдаушысы туралы ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 9 шiлдедегi
N 1085 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Ұлттық
авиатасымалдаушысы туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер, ұлттық авиатасымалдаушының
мақсаты мен мiндеттерi
1. Ұлттық авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының бiр бөлiгi болып табылады, қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, республикамен жасасқан халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық авиатасымалдаушының негiзгi мiндеттерi:
iшкi, сыртқы авиажелiлерi мен әуе тасымалдары рыногын дамыту;
азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды орындау;
Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының әуе тасымалдары мен авиациялық қызмет көрсетулердегi қажет етулерiн қанағаттандыру;
авиациялық жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң халықаралық рыногында бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету;
авиациялық қауiпсiздiктер мен ұшу қауiпсiздiктерiнiң талаптарын орындауды толық қамтамасыз ету болып табылады.
3. Мемлекеттiң мiндеттi үлестiк қатысуымен (акциялар пакетiмен) және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын авиакомпания Қазақстан Республикасының Ұлттық авиатасымалдаушысы бола алады.
4. Ұлттық авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалады.
5. Мынадай талаптарды қанағаттандыратын:
Әуе кемелерiн пайдаланушының куәлiгi бар;
Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ICAO) тiркелген;
Халықаралық әуе көлiгi ассоциациясы (IATA) мен Халықаралық коммерциялық авиациялық байланыс ұйымының мүшесi болып табылатын (SIТА);
iшкi және халықаралық авиажелiлерде тұрақты әуе тасымалдарын жүзеге асыру құқына лицензиясы бар;
сертификаттандырылған базаларда немесе жөндеу заводтарында мерзiмдi және жедел техникалық қызмет көрсетiлу мен жөндеудің барлық нысандарын жүзеге асыратын;
сертификатталған ұшақ-мотор паркi мен авиациялық қызметкерлерi бар:
Қазақстан Республикасының аумағы мен шетелдiк елдерде авиатасымалдауды сатуды, брондауды және тексерудi жүзеге асыратын;
кемiнде бiр миллиард теңге жарғылық капиталы бар авиакомпания ұлттық авиатасымалдаушы бола алады.
6. Авиакомпания Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен мынадай жағдайларда:
қауiпсiз ұшу қызметiн реттейтiн нормативтiк және құқықтық актiлердiң талаптарын өрескел бұзғаны үшiн;
шығынды қызметтiң тұрақты тенденциясы пайда болған кезде;
халықаралық авиатасымалдау және қызмет көрсету рыногында Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының беделi мен мәртебесiне нұқсан келтiрген iс-әрекеттерi болған кезде ұлттық авиатасымалдаушы мәртебесiнен айырылуы мүмкiн.
II. Ұлттық авиатасымалдаушының құқықтары мен мiндеттерi
7. Ұлттық авиатасымалдаушыға уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен халықаралық тұрақты желiлерде авиатасымалдауды орындауға алғашқы кезектi құқық беруi мүмкiн.
8. Ұлттық авиатасымалдаушының Қазақстан Республикасының барлық әуежайларында ұшу мен қонуды жүзеге асыру үшiн уақыт аралығын (СЛОТ) алуға бiрiншi кезекте құқығы бар.
9. Ұлттық авиатасымалдаушы жолаушыларға қызмет көрсетудiң, багаж бен жүктердi жеткiзудiң жоғары сапасымен iшкi және халықаралық авиажелiлерде авиатасымалдауды жүзеге асырады.
10. Ұлттық авиатасымалдаушы белгiленген тәртiппен табиғи зiлзалалар мен төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарға қатысады.
11. Ұлттық авиатасымалдаушы авиациялық жұмыстар мен әуе тасымалдарының белгiленген көлемi бойынша мемлекеттiк, оның iшiнде қорғаныстық тапсырыстарды орындауды қамтамасыз етедi.
12. Ұлттық авиатасымалдаушы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тасымалдаушы жауаптылығын толықтай алады.