1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi "Алатау" санаторийi" акционерлiк қоғамы акцияларының қалған акцияларының мемлекеттiк пакетiн (34,5 процент) кейiн сату үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру
жөнiндегi департаментi "Алатау" Санаторийi" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды заңда белгiленген тәртiппен осы акционерлiк қоғам акцияларының 51 процентiн сату кезiнде сатып алушымен 1997 жылдың 30 сәуiрiнде жасалған N 04-027-97 келiсiм-шарттың ережелерiн ескере отырып жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары