"Алатау" Санаторийi" акционерлiк қоғамын жекешелендiрудi аяқтау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 10 шiлдедегi N 1092

      "Алатау" Санаторийi" акционерлiк қоғамын жекешелендiрудi аяқтау және халыққа көрсетiлген емдеу-сауықтыру қызметiнiң аясын жетiлдiру мен кеңейтуге бағытталған инвестицияларды тарту, сондай-ақ елдiң курорттық-санаторийлық индустриясын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi "Алатау" санаторийi" акционерлiк қоғамы акцияларының қалған акцияларының мемлекеттiк пакетiн (34,5 процент) кейiн сату үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру

жөнiндегi департаментi "Алатау" Санаторийi" акционерлiк қоғамы
акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды заңда белгiленген тәртiппен
осы акционерлiк қоғам акцияларының 51 процентiн сату кезiнде сатып
алушымен 1997 жылдың 30 сәуiрiнде жасалған N 04-027-97
келiсiм-шарттың ережелерiн ескере отырып жүзеге асырады.


     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады