1. Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң Әскери институты базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғары шекара командалық училищесi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Жоғары шекара
командалық училищесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн: - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң шекара әскерлерi үшiн командалық топ офицер кадрларын даярлау, сондай-ақ офицерлiк құрамды қайта даярлау және мамандығын көтеру; - әскери ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Жоғары шекара командалық училищесiнiң Жарғысын әзiрлесiн және оны бекiтсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары