Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы шекара-командалық училищесiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 1106

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң шекара әскерлерi үшiн офицер кадрларын даярлау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң Әскери институты базасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Жоғары шекара командалық училищесi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Жоғары шекара

командалық училищесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып белгiленсiн:
     - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң шекара әскерлерi үшiн
командалық топ офицер кадрларын даярлау, сондай-ақ офицерлiк құрамды
қайта даярлау және мамандығын көтеру;
     - әскери ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
     3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi бiр ай мерзiм
iшiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Жоғары шекара командалық
училищесiнiң Жарғысын әзiрлесiн және оны бекiтсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады