1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың халықаралық жiктеушiлерiн тiкелей қолдануды регламенттейтiн тәртiп әзiрлесiн.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi және өзге де орталық атқарушы органдары:
халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкес техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың қолданылып жүрген жiктеушiлерiне талдау жүргiзсiн және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiне 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеу мен кодтаудың халықаралық жүйесiне кезең-кезеңмен енгiзудiң бағдарламасын қалыптастыру үшiн оларды үйлестiру (әзiрлеушiлерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып) жөнiнде ұсыныс табыс етсiн;
қолданылып жүрген халықаралық нормалар мен талаптарға, заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген Стандарттаудың мемлекеттiк жүйелерiнiң стандарттары мен ережелерiне сәйкес техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың халықаралық және Ұлттық жiктеулерiн әзiрлеудi және қолдануды жүзеге асырсын;
жiктеу мен кодтау мәселелерiн қозғайтын заң және нормативтiк актiлердiң, мемлекеттiк бағдарламалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық статистика агенттiгiмен мiндеттi түрде келiссiн.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi агенттiгi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының
техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудiң және кодтаудың халықаралық жүйесiне кезең-кезеңмен көшуiнiң бағдарламасын әзiрлесiн және оны 1998 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары