"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктерiмен жұмыс iстеу жөнiндегi департаментi туралы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1169

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен олардың қызметкерлерiнiң жұмысына және болуына қажеттi жағдайлар жасау, оларға көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жанындағы Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс iстеу жөнiндегi департаменттiң базасында шаруашылық жүргiзу құқығында "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктерiмен жұмыс iстеу жөнiндегi департаментi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
      2. Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк басқару орган, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi айқындалсын.
      3. Кәсiпорынның негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiне және халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ олардың қызметкерлерiне барлық қызмет түрiн көрсету болып айқындалсын.
      4. Кәсiпорын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жанындағы Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс iстеу жөнiндегi департаментiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бiр апта мерзiмде Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн, онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашу мүмкiншiлiгiн көздесiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк

пен активтердi басқару департаментi Кәсiпорынды белгiленген тәртiппен
Алматы және Ақмола қалаларында қажеттi қызметтiк үй-жайлармен
қамтамасыз етсiн.
     7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңда
белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын
және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Республикалық Мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесiне осы қаулыға сәйкес толықтыру енгiзу туралы
ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


О создании Республиканского государственного предприятия "Департамент по работе с дипломатическими представительствами Министерства иностранных дел Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 июля 1997 г. N 1169

      В целях создания необходимых условий для работы и пребывания в Республике Казахстан дипломатических представительств и их сотрудников, повышения качества предоставляемых им услуг Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать на базе Департамента по работе с дипломатическими представительствами Министерства иностранных дел Республики Казахстан Республиканское государственное предприятие "Департамент по работе с дипломатическими представительствами Министерства иностранных дел Республики Казахстан" (далее - Предприятие) на праве хозяйственного ведения.
      2. Определить уполномоченным органом государственного управления, а также органом, осуществляющим по отношению к Предприятию функции субъекта права государственной собственности, Министерство иностранных дел Республики Казахстан.
      3. Основной задачей Предприятия определить все виды обслуживания аккредитованных в Республике Казахстан дипломатических представительств иностранных государств и международных организаций, а также их сотрудников.
      4. Установить, что Предприятие является правопреемником имущественных прав и обязанностей Департамента по работе с дипломатическими представительствами Министерства иностранных дел Республики Казахстан.
      5. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в недельный срок утвердить Устав Предприятия, предусмотрев в нем возможность открытия филиалов Предприятия на местах, и зарегистрировать его в установленном порядке.
      6. Департаменту управления государственным имуществом и активами Министерства финансов Республики Казахстан обеспечить Предприятие в установленном порядке необходимыми служебными помещениями в городах Алматы и Акмоле.
      7. Министерству юстиции Республики Казахстан осуществить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию Предприятия и внести в Правительство Республики Казахстан предложение о внесении в соответствии с настоящим постановлением дополнения в Перечень республиканских государственных предприятий.
     Первый заместитель
      Премьер-Министра
    Республики Казахстан