1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жанындағы Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс iстеу жөнiндегi департаменттiң базасында шаруашылық жүргiзу құқығында "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық өкiлдiктерiмен жұмыс iстеу жөнiндегi департаментi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
2. Кәсiпорынға қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк басқару орган, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi айқындалсын.
3. Кәсiпорынның негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасында тiркелген шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерiне және халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ олардың қызметкерлерiне барлық қызмет түрiн көрсету болып айқындалсын.
4. Кәсiпорын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң жанындағы Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс iстеу жөнiндегi департаментiнiң мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бiр апта мерзiмде Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн, онда жергiлiктi жерлерде Кәсiпорынның филиалдарын ашу мүмкiншiлiгiн көздесiн және оны белгiленген тәртiппен тiркесiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
пен активтердi басқару департаментi Кәсiпорынды белгiленген тәртiппен Алматы және Ақмола қалаларында қажеттi қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн. 7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырсын және Қазақстан Республикасының Үкiметiне Республикалық Мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне осы қаулыға сәйкес толықтыру енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары