"Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының (бұдан әрi - Кәсiпорын) үстiмiздегi жылда қажеттi жұмыс көлемiн орындауы және қойылған мiндеттерге сәйкес оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Кәсiпорынға несие желiсi принциптерi бойынша 1998 жылдың аяғына дейiн қайтару мерзiмiмен жоғары лимитпен 570 (бес жүз жетпiс) млн.теңге несие бөлу туралы мәселенi қарау ұсынылсын.
2. Кәсiпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен алған несиенi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың 1998 жылға арналған шығыстар сметасына сәйкес қаражат есебiнен 1998 жылдың аяғына дейiн өтейтiн болсын.<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.02.13. N 109 қаулысымен
.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi - А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi