"Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 тамыздағы N 1215. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының (бұдан әрi - Кәсiпорын) үстiмiздегi жылда қажеттi жұмыс көлемiн орындауы және қойылған мiндеттерге сәйкес оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Кәсiпорынға несие желiсi принциптерi бойынша 1998 жылдың аяғына дейiн қайтару мерзiмiмен жоғары лимитпен 570 (бес жүз жетпiс) млн.теңге несие бөлу туралы мәселенi қарау ұсынылсын. 
      2. Кәсiпорын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен алған несиенi Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың 1998 жылға арналған шығыстар сметасына сәйкес қаражат есебiнен 1998 жылдың аяғына дейiн өтейтiн болсын.<*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.02.13. N 109  қаулысымен .
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрi - А.С.Павловқа жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады