"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 тамыздағы N 1245

      "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесiн одан әрi реформалау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 22 сәуiрдегi № 3465 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жанынан Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтының негiзiнде, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнен 400 адам, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен 5 адам, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнен 4 адам, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiнен 5 адам штаттарын беру есебiнен "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.
      2. Құрылып отырған мекемеге қатысты уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiленсiн.
      3. Уәкiлеттi орган 1997 жылдың 15 тамызына дейiн Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылдың 15 тамызына дейiн 1997 жылға арналған республикалық бюджет бойынша Қазақ сот сараптамалары ғылыми-зерттеу институтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берiлуiне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Мемлекеттiк комитетiнiң сараптама-криминалистика бөлiмшелерiн қаржыландыруға көзделген бюджет қаржысын қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктердiң әкiмдерiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде Мекеменi және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерiн нормативтерге сәйкес техникамен, көлiкпен, байланыс құралдарымен және қызметтiк үй-жайлармен қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi Мекеменi белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



О создании Государственного учреждения "Центр судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 1997 г. N 1245

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 апреля 1997 г. № 3465 "О мерах по дальнейшему реформированию системы правоохранительных органов Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать при Министерстве юстиции Республики Казахстан на базе Казахского НИИ судебных экспертиз Государственное учреждение "Центр судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан" (далее - Учреждение) за счет передачи в Министерство юстиции Республики Казахстан из Министерства внутренних дел Республики Казахстан штатов численностью 400 единиц, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан - 5 единиц, Министерства обороны Республики Казахстан - 4 единицы, Государственного таможенного комитета Республики Казахстан - 5 единиц.
      2. Определить уполномоченным органом государственного управления по отношению к создаваемому Учреждению Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Уполномоченному органу до 15 августа 1997 года утвердить Устав Учреждения.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан до 15 августа 1997 года внести предложения о перераспределении бюджетных ассигнований, предусмотренных по республиканскому бюджету на 1997 год на финансирование Казахского НИИ судебных экспертиз, а также экспертно-криминалистических подразделений Комитета национальной безопасности, Министерства внутренних дел, Министерства обороны, Государственного таможенного комитета Республики Казахстан, в связи с передачей их Министерству юстиции Республики Казахстан.
      5. Департаменту управления государственным имуществом и активами Министерства финансов Республики Казахстан совместно с акимами административно-территориальных единиц в месячный срок обеспечить Учреждение и его подразделения на местах техникой, транспортом, средствами связи и служебными помещениями согласно нормативам.
      6. Агентству по регистрации недвижимости и юридических лиц Министерства юстиции Республики Казахстан произвести регистрацию Учреждения в установленном порядке.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан