Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртібін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1342. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30. N 352 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.04.30 N 352 (2010.08.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда, мәтінде "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықта", "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi ұйымның", "уәкiлеттi ұйымға" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. Қазақстан Республикасының азаматтарына уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

        2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi: 
      екi ай мерзiмде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөнiндегi құжаттардың нысандарын, оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықты әзiрлесiн және оларды белгiленген тәртiппен бекiтсiн; 
      заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың арасында әлеуметтiк жеке код беру мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзудi ұйымдастырсын; 
      уәкiлеттi ұйымға оларға әлеуметтiк жеке код беру үшiн зейнеткерлер туралы мәлiметтердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi уәкiлеттi ұйымға заңды тұлға құрусыз кәсiпкерлiк және өзге қызметпен айналысушы заңды және жеке тұлғалардың, жұмыс iстейтiн азаматтар туралы белгiленген нысанға сәйкес мәлiметтердi беру кестесiн белгiлесiн және оның орындалуын қамтамасыз етсiн. 

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
1997 жылғы 16 қыркүйектегi      
N 1342 қаулысымен           
бекiтiлген                

Уәкiлеттi ұйымның әлеуметтiк жеке код беру тәртiбi

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда, бүкiл мәтiн бойынша "Зейнетақылық орталық", "Зейнетақы орталығынан", "Зейнетақы орталығына", "Зейнетақы орталығы", "Зейнетақы орталығының", "Зейнетақы орталығында" деген сөздер тиiсiнше "Орталық", "Орталықтан", "Орталыққа", "Орталықтың", "Орталықта" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21 N  376 Қаулысымен.
      Ескерту. бүкiл мәтiн бойынша "жеке басын куәландыратын құжаттың түрі", "ұсынып отырған құжатына", "жеке басын куәландыратын құжатты", "жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа", "жеке басын куәландыратын құжаттың" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе оралманның куәлігі", "немесе оралманның куәлігіне", "немесе оралманның куәлігін", "немесе оралманның куәлігіне", "немесе оралманның куәлігінің" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.05.30  N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

  I. Жалпы ережелер 

         1. Осы Тәртiпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      уәкілетті ұйым (бұдан әрi - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны және оның құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен олардың бөлiмшелерi);
      әлеуметтік жеке код (ӘЖК) - азаматқа, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылу құқығы таралатын адамдарға берiлетiн тұрақты жеке код;
      алушы - жеке адам, оның пайдасына зейнетақы жарналары жүргiзiледi және жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерi жүзеге асырылады және/немесе оған Орталықтан зейнетақы төлемдерi тағайындалады; 
     ӘЖК беру туралы куәлiк (бұдан әрi - куәлiк) - азаматтарға Орталық беретiн, ӘЖК-нiң берiлгендiгiн растайтын құжат.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     2. Әлеуметтiк жеке код:
     әрбiр азамат бойынша жеке шоттарда жинақталған қаражат пен оның санына есеп жүргiзу;
     алушыларға есеп жүргiзу үшiн ақпараттық база құру; 
     мiндеттi, ерiктi және ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының түсiмдерiн, сондай-ақ мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiндегi мiндеттi әлеуметтік аударымдарды есепке алу;
     жинақтаушы зейнетақы қорларында жеке зейнетақы шоттарының есебiн алу;
     әрбiр алушыға оның жеке зейнетақы шотына бақылау жасау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету;
     зейнетақы және әлеуметтiк төлемдерiн есеп алу үшiн пайдаланылуы тиiс. 
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     II. Әлеуметтiк жеке кодты берудiң тәртiбi 

      3. Орталық ӘЖК-нi берудi жүзеге асыратын ұйым болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     4. ӘЖК беру үшiн азаматтар Орталықтың құрылымдық бөлiмшелерiнде белгiленген нысандағы тiркеу кәртiшкелерiн толтырады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     5. Тiркеу кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады: 
     1) ӘЖК;
     2) тiркеу кезiндегi тегi, аты, әкесiнiң аты;
     3) жынысы;
     4) туған күнi;
     5) туған жерi;
     6) тұратын мекен-жайы;
     7) телефон нөмiрi;
     8) жеке басын куәландыратын құжаттың түрi немесе оралманның куәлігі (16 жасқа толмаған азаматтар үшін тууы туралы куәлiгi, жеке басының куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi) немесе оралманның куәлігі сериясы, нөмiрi, күнi, берілген жерi, кім бергенi;
     9) жеке тұлғаның CTH-i;
     10) өзiне тiркеу кәртiшкесi толтырылған адамның қолы;
     11) кәртiшкенiң толтырылу дұрыстығын тексерген Орталық маманының қолы;
     12) (алынып тасталды)
      13) (алынып тасталды)
     14) толтырылған күнi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21 N  376 , 2008.05.30  N 524 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.

     6. (алынып тасталды)
     Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

            7. Ұсынылған мәлiметтерге сәйкес Орталық алушыға ӘЖК бередi, алушыға есеп кәртiшкесiн ашады және Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктi ресiмдейдi (бұдан әрi - куәлiк).

     8. Қажет болған жағдайда Орталық ӘЖК беру үшiн белгiленген нысанда қажеттi мәлiметтердi нақтылау туралы сұрау салуды ресiмдей алады. 

     9. Орталық куәлiктi алғандығына қолын қойған азаматтарға арнаулы бланкiлердегi куәлiктердi тегiн бередi.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     10.  (алынып тасталды)
      Ескерту. 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

        11. Егер куәлiкте әлдебiр мәлiметтер күмәндi болса, онда алушының жазбаша өтiнiшi бойынша Орталық тиiстi өзгерiстер енгiзедi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     12. Орталық есеп кәртiшкесiне куәлiктiң берiлу фактiсiне белгi жасайды, өзгерiстер енгiзiлген жағдайда нақтыланған мәлiметтердi ескере отырып, куәлiктi қайта ресiмдейдi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

       13. Әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiкте мынадай мәлiметтер болады: 
     1) ӘЖК;
     2) ӘЖК алу кезiндегi тегi, аты, әкесiнiң аты;
     2-1) тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, жеке басын куәландыратын, ұсынып отырған құжатына немесе оралманның куәлігіне сәйкес тегi, аты, әкесiнiң аты; 
     3) туған күнi;
     4) куәлiктi берген құрылымдық бөлiмшенiң атауы;
     5) тiркелген күнi;
     6) куәлiктiң берiлген күні. 
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.
 

         14. Куәлiк алушыда сақталады. 

     15. Куәлiк жеке басын куәландыратын құжатты немесе оралманның куәлігін ұсынуы кезiнде ғана күшке ие.

     16. Куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, алушы оны қайта қалпына келтiру туралы өтiнiшпен Орталыққа немесе оның аумақтық органдарына өтiнiш жасауға құқығы бар. Орталық (оның аумақтық органдары) алушының куәлiгiн жоғалтып алғаны туралы алушының өтiнiшi бойынша, өзiне ашылған есеп кәртiшкесiнiң негiзiнде оған аталған куәлiктiң дубликатын бередi. Бұл мәселенi шешу үшiн, Орталық алушыдан оның жеке басын куәландыратын қосымша ақпаратты және оның есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтердi талап ете алады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     17. Куәлiк:
     тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген;
     мәлiметтердiң дәл еместiгi немесе қате екендiгi анықталған;
     пайдалануға жарамсыз болған жағдайларда жеке басын куәландыратын ұсынылған құжатқа немесе оралманның куәлігіне сәйкес сол бұрынғы ӘЖК нөмiрiмен екiншi қайтара берiледi.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

        17-1. Туған күнi өзгерген жағдайларда куәлiк жаңадан берiледi. 
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     18. Тiркеу кәртiшкесiнiң негiзiнде Орталық алушыға есеп кәртiшкесiн ашады. 

     19. Есеп кәртiшкесiнде мынадай мәлiметтер болады: 
     1) ӘЖК;
     2) тiркеу кәртiшкесi бойынша тегi, аты, әкесiнiң аты;
     3) тегi, аты, әкесiнiң аты (олар өзгерген жағдайда);
     4) жеке басын куәландыратын құжаттың немесе оралманның куәлігінің сериясы және берiлген күнi;
     5) туған күнi;
     6) туған жерi;
     7) жынысы;
     8) тұрақты мекен-жайы;
     9) азаматтығы;
     10) Орталықтан және жинақтаушы зейнетақы қорларынан есептелген зейнетақы төлемдердiң сомасы; 
     11) алушының жинақтаушы зейнетақы қоры туралы мәлiметтерi (жинақтаушы зейнетақы қорының нөмiрi, атауы және банктiк реквизиттерi, жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шарттың нөмiрi және датасы, зейнетақы шотының нөмiрi, жинақтаушы зейнетақы қорынан есептелген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы); 
     12) зейнетақы iсiнiң нөмiрi (зейнеткер үшiн);
     13) жеке шотының нөмiрi және алушының банкiнiң реквизиттерi (зейнеткерлер үшiн);
     14) зейнетақы тағайындау, өзгерту, индекстеу және есептеу туралы мәлiметтер. 
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     20. Есепке алу кәртiшкесi Орталықта үш жыл бойы сақталады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.04.21. N  376 қаулысымен.

     21. Есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтер заңдарда белгiленген жағдайлардан басқа ретте жария етуге жатпайды.

     22. Есеп кәртiшкесiндегi мәлiметтердi жария етуге жол берген адамдар заңдарға сәйкес жауаптылықта болады. 
 

Об утверждении порядка присвоения социального индивидуального кода уполномоченной организацией

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 сентября 1997 года N 1342. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 апреля 2007 года N 352

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.04.2007 N 352 (вводится в действие с 13.08.2010).

      Сноска. Заголовок изложен в новой редакции; в тексте слова "в Государственном центре по выплате пенсий", "Государственный центр по выплате пенсий" заменены соответственно словами "уполномоченной организацией", "уполномоченную организацию" - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Утвердить Порядок присвоения социального индивидуального кода гражданам Республики Казахстан уполномоченной организацией   (прилагается). 
      2. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан: 
      в 2-месячный срок разработать формы документов по учету граждан Республики Казахстан, инструкцию по их заполнению и утвердить их в установленном порядке; 
      организовать проведение разъяснительной работы по вопросам присвоения социального индивидуального кода среди юридических и физических лиц, занимающихся предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица; 
      обеспечить представление в уполномоченную организацию сведений о пенсионерах для присвоения им социального индивидуального кода. 
      3. Акимам областей и города Алматы установить график представления в уполномоченную организацию юридическими и физическими лицами, занимающимися предпринимательской и иной деятельностью без образования юридического лица, сведений о работающих гражданах согласно установленной форме и обеспечить его выполнение. 

        Первый заместитель
      Премьер-Министра
      Республики Казахстан

  Утвержден            
постановлением Правительства  
Республики Казахстан      
от 16 сентября 1997 г. N 1342 

  Порядок
присвоения социального индивидуального кода 
уполномоченной организацией 

      Сноска. Заголовок изложен в новой редакции; в тексте слова "Пенсионный центр", "Пенсионного центра", "Пенсионным центром", "Пенсионном центре" заменены соответственно словами "Центр", "Центра", "Центром", "Центре" - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .
         Сноска. По всему тексту после слов "удостоверяющего личность", "удостоверяющему личность", "удостоверяющим личность" дополнены соответственно словами, "или удостоверения оралмана", "или удостоверению оралмана", "или удостоверением оралмана" - постановлением Правительства РК от 30.05.2008  N 524 (порядок введения в действие см.  п.2 ).     

  I. Общие положения 

      1. В настоящем Порядке используются следующие понятия: 
      уполномоченная организация (далее - Центр) - Республиканское государственное казенное предприятие "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан" и его структурные подразделения (филиалы и их отделения);
      социальный индивидуальный код (СИК) - постоянный индивидуальный код, присваиваемый гражданину, а также лицам, на которых распространяется право на пенсионное обеспечение в соответствии с действующим законодательством о пенсионном обеспечении; 
      получатель - физическое лицо, в пользу которого производятся пенсионные взносы и осуществляются пенсионные выплаты из накопительных пенсионных фондов и/или которому назначены пенсионные выплаты из Центра;
      свидетельство о присвоении СИК (далее - свидетельство) - документ, подтверждающий присвоение СИК, выдаваемый Центром гражданам.  <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      2. Социальный индивидуальный код должен использоваться для:
      ведения по каждому гражданину карточки учета и учета количества аккумулированных средств на персональных счетах;
      создания информационной базы для учета получателей;
      учета поступлений обязательных, добровольных и добровольных профессиональных пенсионных взносов, а также обязательных социальных отчислений в системе обязательного социального страхования;
      учета индивидуальных пенсионных счетов в накопительных пенсионных фондах;
      обеспечения каждому получателю возможности контроля его индивидуального пенсионного счета;
      учета пенсионных и социальных выплат.  <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

               II. Порядок присвоения социального
индивидуального кода

      3. Организацией, осуществляющей присвоение СИК, является Центр.
        <*>
      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      4. Для присвоения СИК граждане заполняют регистрационные карточки установленной формы в структурных подразделениях Центра.  <*>
      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      5. Регистрационная карточка содержит следующие сведения:
      1) СИК;
      2) фамилию, имя, отчество при регистрации;
      3) пол;
      4) дату рождения;
      5) место рождения;
      6) адрес места жительства;
      7) номер телефона;
      8) вид документа, удостоверяющего личность или удостоверения оралмана (свидетельство о рождении для граждан, не достигших 16-ти лет, удостоверение личности или паспорт гражданина Республики Казахстан, вид на жительство иностранца в Республике Казахстан, удостоверение лица без гражданства) или удостоверение оралмана, серию, номер, дату, место выдачи, кем выдан;
      9) РНН физического лица;      
      10) подпись лица, на которого заполнена регистрационная
          карточка;
      11) подпись специалиста Центра, проверившего правильность заполнения карточки;
      12) (исключен)
      13) (исключен)
      14) дата заполнения.
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 21.04.2005  N 376 ;   от 30.05.2008  N 524 (порядок введения в действие см.  п.2 ).     

      6.  (Пункт 6 исключен - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 )

      7. Согласно представленным сведениям Центр присваивает получателю СИК, открывает на получателя карточку учета и оформляет Свидетельство о присвоении социального индивидуального кода (далее - свидетельство).

      8. В случае необходимости Центр может оформить запрос об уточнении сведений, необходимых для присвоения СИК, по утвержденной форме.

      9. Центр бесплатно выдает свидетельства на специальных бланках гражданам, которые расписываются в получении свидетельства. <*>
      Сноска. Пункт 9 - в редакции постановления Правительства РК от 21 апреля 2005 г. N 376.

      10. (Пункт 10 исключен - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376)

      11. Если в свидетельстве какие-либо сведения неверны, то по письменному заявлению получателя Центр вносит соответствующие изменения.  <*>
      Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      12. Центр отмечает в карточке учета факт выдачи свидетельства, а в случае внесения изменений переоформляет свидетельства с учетом уточненных сведений.  <*>
      Сноска. В пункт 12 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г. N 376.

      13. Свидетельство о присвоении социального индивидуального кода содержит следующие сведения:
      1) СИК;
      2) фамилию, имя, отчество при получении СИКа;
      2-1) фамилию, имя, отчество в случае их изменения согласно предъявленному документу, удостоверяющему личность или удостоверению оралмана;
      3) дату рождения;
      4) наименование структурного подразделения, выдавшего свидетельство;
      5) дата регистрации;
      6) дата выдачи свидетельства.  <*>
      Сноска. В пункт 13 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      15. Свидетельство действительно только при предъявлении документа, удостоверяющего личность или удостоверения оралмана.

      16. В случае утери свидетельства получатель имеет право обратиться в Центр или его территориальные органы с заявлением о его восстановлении. Центр (его территориальные органы) по заявлению получателя об утрате свидетельства на основании открытой на него карточки учета выдает ему дубликат указанного свидетельства. Для решения этого вопроса Центр может потребовать от получателя дополнительную информацию, подтверждающую его личность и сведения, содержащиеся в его карточке учета.  <*>
      Сноска. В пункт 16 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      17. Свидетельство повторно выдается с тем же номером СИК в соответствии с представленным документом, удостоверяющим личность или удостоверением оралмана, в случаях:
      изменения фамилии, имени, отчества;
      установления неточности или ошибочности сведений;
      непригодности к использованию.  <*>
      Сноска. Пункт 17 - в редакции постановления Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

        17-1. Свидетельство вновь выдается в случаях изменения даты рождения. <*>
      Сноска. Дополнен пунктом 17-1 - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      18. На основании регистрационной карточки Центр открывает получателю карточку учета.

      19. Карточка учета содержит следующие сведения:
      1) СИК;
      2) фамилию, имя и отчество по регистрационной карточке;
      3) фамилия, имя, отчество (в случае их изменения);
      4) серию, номер и дату выдачи документа, удостоверяющего личность или удостоверения оралмана;
      5) дату рождения;
      6) место рождения;
      7) пол;
      8) адрес места жительства;
      9) гражданство;
      10) сумму начисленных пенсионных выплат из Центра и накопительных пенсионных фондов;
      11) сведения о накопительном пенсионном фонде получателя
          (номер, наименование и банковские реквизиты накопительного
          пенсионного фонда, номер и дата договора с накопительным
          пенсионным фондом, номер пенсионного счета, сумма
          начисленных пенсионных выплат из накопительного
          пенсионного фонда);
      12) номер пенсионного дела (для состоявшихся пенсионеров);
      13) номер лицевого счета и реквизиты банка получателя (для
          состоявшихся пенсионеров);
      14) сведения о назначении, изменении, индексации и начислении
          пенсии.  <*>
      Сноска. В пункт 19 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

      20. Карточка учета в Центре хранится в течение трех лет".  <*>
      Сноска. Пункт 20 - в редакции постановления Правительства РК от 21 апреля 2005 г.  N 376 .

        21. Сведения, содержащиеся в карточках учета, не подлежат разглашению, кроме случаев, установленных законодательством

      22. Лица, допустившие разглашение сведений, содержащихся в карточках учета, несут ответственность в соответствии с законодательством.