Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 Қаулысы.

      Қолданушылар назарына!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" және " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 41, 388-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегі N 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі N 376 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 210-құжат);

      3) "Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 31, 382-құжат).

      3. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4-тармақтарын, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының

      2-тармағын, өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.07.25 N 628 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2009.02.26 N 220 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.18 № 613 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 352 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 N 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 № 1116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.04.19 № 498 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 852 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.09.2015 № 765 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1325 (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.27 N 1301 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.05.06 N 425 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      11. "Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 26, 247-құжат):

      тақырыпта және 1-тармақта "Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (" деген сөздерден кейін "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасында:

      тақырыбында "Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (" деген сөздерден кейін "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      бүкіл мәтін бойынша "СН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:

      "Атауы" деген бөлімшеде "Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (" деген сөздерден кейін "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      "Қысқаша мазмұны" деген бөлімшеде "Қысқаша мазмұны" деген бөлімшеде "жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін" деген сөздерден кейін "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      "Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау" деген 3-бөлімнің сегізінші абзацында "жүйесін" деген сөзден "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      "Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері" деген 4-бөлімде:

      екінші абзацта "сәйкестендіру" деген сөздің алдынан "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші абзацта "сәйкестендіру" деген сөздің алдынан "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      сегізінші абзацта "Қазақстан Республикасында" деген сөздерден кейін "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      "Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері" деген 5-бөлімде:

      1-бөлімшеде:

      үшінші абзацта "сәйкестендіру" деген сөз "жеке сәйкестендіру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзацта "СН құрылымына енетін мәліметтер өзгерген кезде" деген сөздерден кейін "жеке" деген сөзбен толықтырылсын;

      5-бөлімше мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бақылау разрядының мәнін есептеу алгоритмі

      ЖСН (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және онда клавиатуралық енгізу қателіктерін азайту мақсатында 12-бақылау разрядының болуы көзделеді, оны есептегенде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылады:

      a12=(а1*b1+а2*b2+а3*b3+а4*b4+а5*b5+а6*b6+а7*b7+а8*b8+а9*b9+а10* b10+а11*b11)mod 11,

      мұнда: аі - і-разрядтың мәні;

      bі - і-разрядтың салмағы.

      ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

      разрядтың салмағы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11.

      1. Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтың басқа кезегімен жүргізіледі:

      ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11

      разрядтың салмағы: 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2.

      2. Егер алынған сан тағы 10-ға тең болса, онда бұл ЖСН

      пайдаланылмайды.

      3. Егер алынған санның мәні 0-ден 9-ға дейін болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.".

      12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.10.2013 № 1042 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.11.18 № 1353 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2013 № 20 Қаулысымен.

      15. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.25 N 628 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.08.2020 № 530 қаулысымен.

      17. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.28 N 1307 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қалысымен.

      18. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      10-тармақта:

      1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді";

      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасауды және жүргізуді, сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;

      сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтандырып жүзеге асыруды әрі тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат ұсынуды;

      сәйкестендіру нөмірі бар құжаттардың дайындалуын ұйымдастыруды

      жүзеге асыруды;

      сәйкестендіру деректерінің, олардың құрылымдарының, құрамы мен форматының жіктемелері мен анықтамаларын жүргізу тәртібін белгілеуді;".

      19. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 676 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      20. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

      салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 6, 49-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:

      1-тармақтың 7) тармақшасында "салық төлеушінің куәлігін, әлеуметтік жеке код берілгені туралы уақытша куәлікті," деген сөздер алынып тасталсын.

      21. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 848 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      22. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.

      23. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2015 № 501 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 15.10.2019 № 766 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1500 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      27. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.02.26 N 220 (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады