Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 қыркүйектегi N 1347 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 956 қаулысымен.

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзудiң тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Жердiң жай-күйi туралы, оның iшiнде олардың химиялық және радиоактивтi заттармен ластануы туралы, сондай-ақ карантиндiк зиянкестермен және өсiмдiктер ауруларымен зақымдануы туралы материалдарға ие министрлiктер, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, орталық атқарушы органдар жер, оның сапалық жай-күйi және пайдаланылуы туралы жыл сайынғы есеп берулерге және оларға қосымша баяндамаларға кiргiзу үшiн осы материалдардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне ұсынсын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_
      3. Топырақ және геоботаникалық зерттеулердi жүргiзуде қайталауға жол бермеу, жер мониторингi деректерiнiң анықтығын қамтамасыз ету мақсатында:
      Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне топырақтық, топырақтық-тұздық, топырақтық-эрозиялық, топырақтық-агрохимиялық, топырақтық-геохимиялық, топырақтық-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен тексерулердiң бiрыңғай мемлекеттiк есебiн жүргiзу жүктелсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен. P010800_
      4.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_
      5. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясына, басқа да мүдделi мемлекеттiк органдарға Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне жер мониторингiн ұйымдастыруда және жүргiзуде ғылыми-әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету ұсынылсын.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен. P010800_
      6. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 683 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 33, 498-құжат);
     "Қазақстан Республикасының Жер мониторингi туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 979 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 40, 471-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
1997 жылғы 17 қыркүйектегi 
N 1347 қаулысымен     
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасында жер мониторингiн
жүргiзудiң тәртiбi

     ЕСКЕРТУ. Тәртiп өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_

     I. Жалпы ережелер

      1. Жер мониторингi - болып жатқан өзгерiстердi уақытында анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және жағымсыз процестердi болдырмау және оның зардаптарын жою мақсатында жүргiзiлетiн, жер қорының сапалық және сандық жай-күйiн базалық (бастапқы) жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.
      2. Жер мониторингi - қоршаған табиғи ортаның жай-күйiне мониторингтiң құрамдас бөлiгi және онымен бiр уақытта басқа да табиғи орталарға мониторинг жүргiзуге арналған база болып табылады. Ол мемлекеттiк жер кадастрын, жерге орналастыруды, жердiң пайдаланылуына және қорғалуына бақылау жасауды және жер ресурстарын мемлекеттiк басқару саласындағы өзге де функцияларды жүргiзудi тиiстi ақпаратпен қамтамасыз етедi.
      3. Жерге меншiк нысандарына, оның мақсатты арналуына және жердi пайдаланудың сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жерi бойынша жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады.
      4. Жер мониторингiн жүргiзу кезiнде жердiң жай-күйiне әсер ететiн мынадай процестер:
      эволюциялық (дамудың табиғи-тарихи және әлеуметтiк-экономикалық процестерiмен байланысты);
      циклдық (табиғи сипаттың өзгеруiнiң тәулiктiк, маусымдық, жылдық және өзге де уақыттық кезеңдерiмен байланысты);
      антропогендiк (адамның қызметiмен байланысты);
      төтенше жағдайлар (авариялармен, апаттармен, табиғи және экологиялық зiлзалалармен және басқаларымен байланысты) анықталады.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_
      5. Жер мониторингiн жүргiзуге арналған ақпараттардың көздерi болып, жүйелi байқаудың, суреттердiң, тексерулердiң, түгендеудiң нәтижелерi, жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылау жасаудың материалдары, архивтiк деректер, жерлердiң сапалық жай-күйi туралы басқа да мәлiметтер қызмет етедi.
      6. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі жер мониторингiнiң нәтижелерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 маусымдағы N 710 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудiң тәртiбiне сәйкес жер, оның сапалық жай-күйi және пайдаланылуы туралы есептiң құрамында атқарушы органдарға бередi.
      7. Мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес жер мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмыстар бюджеттiк қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады.
      8. Қазақстан Республикасы халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес жердiң кең ауқымды мониторингi жөнiндегi жұмыстарға қатыса алады.
      Жер мониторингi жөнiндегi мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды қаржыландыру - Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерде және шарттарда айқындалған тәртiппен және талаптарда бюджетте көрсетiлген мақсаттарға арнап көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_

II. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық
      уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жерлердегi
органдарының функциялары

      9. "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға және оның жергiлiктi жерлердегi органдарына жүктеледi.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_
      10. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі:
      1) аэрофотоғарыштық, жобалау-зерттеу, жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалау жұмыстары мен жер мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi өзге де зерттеулер мен тексерулердi жүргiзудi ұйымдастырады;
      2) белгiленген тәртiппен өзiнiң құзыретiнiң шегiнде:
      барлық мемлекеттiк органдар, басқа да заңды және жеке тұлғалар үшiн мiндеттi болып табылатын, жердiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi әдiстемелiк нұсқаулар мен нұсқаулықтарды, құжаттардың нормативтерi мен стандарттарын;
      жердiң жай-күйiн байқау пункттерiнiң аумақтық-аймақтық желiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      3) жердiң жай-күйiн байқау пункттерiнiң аумақтық-аймақтық желiлерiнде, сондай-ақ жағымсыз процестерге ұшыраған аймақтарда жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
      4) жер мониторингi деректерiнiң басқа табиғи орталар мониторингiнiң мәлiметтерiмен өзара үйлесуiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      5) жер ресурстарын басқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар мен жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық атқарушы орган жүйесiнiң өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң жер мониторингiн жүргiзуiне бақылауды жүзеге асырады;
      6) жыл сайын, белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасының Үкiметi мен мемлекеттiк басқару саласындағы мүдделi орталық атқарушы органдарға мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингi деректерiнiң негiзiнде жасалған Қазақстан Республикасындағы жерлер, олардың сапалық жай-күйi мен пайдаланылуы туралы жиынтық есеп ұсынады;
      7) iрi табиғи кешендер, облыстар және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердiң жай-күйi туралы материалдарды iрiктеудi, жүйелендiрудi және қорытуды жүзеге асырады;
      8) жер мониторингi деректерiн алудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған әдiстерiне кезең-кезеңмен көшу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      9) республикалық деңгейде ақпараттарды жаңартуды, сақтауды, қорғауды және оған кiру құқығын жүзеге асырады және қамтамасыз етедi;
      10) көрсеткiштерге ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi жүзеге асырады.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен. P010800_
      11. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың) жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитеттерi:
      1) мониторинг жүргiзудiң, сондай-ақ жердiң жай-күйiн байқау пункттерiнiң желiлерiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтарына орналастырудың бағдарламасын әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігінiң бекiтуiне ұсынады;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың деңгейiнде базалық және мерзiмдi жер мониторингiн жүзеге асырады;
      3) жекелеген табиғи кешендер, аудандар, облыстар бойынша жер мониторингiнiң деректерiн қорытады;
      4) жыл сайын белгiленген мерзiмде тиiстi атқарушы орган мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингi деректерiнiң негiзiнде жасалған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жерi, олардың сапалық жай-күйi мен пайдаланылуы туралы есеп, ал айрықша қауiптi процестер анықталған кезде - жедел мәлiметтер ұсынады;
      5) <*>
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен.   P010800_
      12. <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен.   P010800_

III. Жер мониторингiнiң құрылымы

     13. Жер мониторингiнiң құрылымы жердiң негiзгi мақсатты арналуымен және аумақтық ауқымымен айқындалады.
      14. Мониторинг жердiң мақсаттық арналуының ерекшелiгi ескерiле отырып жүргiзiледi және жердiң санаттарына сәйкес келетiн iшкi жүйелерге:
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң мониторингiне;
      елдi мекендердегi (қалалардағы, поселкелердегi және селолық елдi мекендердегi) жердiң мониторингiне;
      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жердiң мониторингiне;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жердiң, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жердiң мониторингiне;
      орман қоры жерiнiң мониторингiне;
      су қоры жерiнiң мониторингiне;
      запастағы жердiң мониторингiне бөлiнедi.
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен.   P010800_
      15. Аумақтық ауқымына қарай республикалық, аймақтық және жергiлiктi жерлердiң мониторингi жүзеге асырылады:
      республикалық - Қазақстан Республикасының барлық аумағын қамтиды;
      аймақтық - физикалық-географиялық, әкiмшiлiк, экономикалық және өзге де шекаралармен шектелген аумақтарды қамтиды;
      жергiлiктi - жекелеген жер учаскелерi мен  ландшафтық-экологиялық кешендердiң қарапайым құрылымдарына дейiнгi аймақтық деңгейден төмен аумақтық объектiлерде жүргiзiледi.

IV. Жер мониторингiн ұстау

      16. Жер мониторингiн ұстауды:
      жер учаскелерiнiң, алқаптарының, егiстiк жерлердiң жай-күйiн;
      топырақтың құнарлылығының өзгеруiне (шөлейттенуге, су және жер эрозияларының дамуына, гумус пен тамақтану элементтерiнiң болу серпiнiне, топырақ қойнауы реакциясының өзгеруiне, топырақ құрылымының бүлiнуiне немесе жақсаруына, тұздануына, тұз басуына, батпаққа айналуына, артық сулануына және жерге су жайылуына немесе бұл факторларды жоюға), топырақтың пестицидтермен, ауыр металдармен, радионуклеидтермен және басқа улы заттармен, өнеркәсiптiк, тұрмыстық және өзге де қалдықтармен ластануына, жердiң басқа да ерекшелiктерiнiң өзгеруiне байланысты процестердiң дамуын;
      табиғи мал азғындық алқаптарының өсiмдiк қабаты жай-күйiнiң өзгеруiмен (өсiмдiктердiң құрамының, құрылымының және өнiмдiлiгiнiң, үлгiлерiнiң, сапасының, өндiрiстiк әлеуетiнiң химиялылығының және жұғымдылығының өзгеруiмен), бүлiнуi және қалпына келуi қарқынымен, улы химиялық элементтер мен радионуклеидтердiң жинақталу деңгейiмен, сондай-ақ олардың антропогендiк ауырлықтарға төзiмдiлiгi деңгейiмен байланысты процестердiң дамуын;
      өзендердiң, теңiздердiң, көлдердiң шығанақтардың, су қоймаларының, лимандардың, гидротехникалық құрылыстардың жағалаулық шектерiнiң жай-күйiн;
      жыралардың, қар көшкiндерiнiң, сел тасқындарының, жер сiлкiнудiң, карстық, криогендiк және басқа да құбылыстардың пайда болуынан туындаған процестердiң дамуын;
      елдi мекендер, мұнай және газ өндiру, су тазарту құрылыстары, көң сақтау орындары, қоқыс төгетiн орындар, жанар-жағар май материалдары, тыңайтқыштар қоймалары, автокөлiк тұрақтары улы өнеркәсiптiк қалдықтар мен радиоактивтi материалдарды көметiн орындар, сондай-ақ басқа да өнеркәсiптiк объектiлердiң жерiнiң жай-күйiн жүйелi байқау құрайды.
      17. Жер мониторингi:
      жүйелi байқауларды, зерттеулердi, суретке түсiрулердi, тексерулердi (қайтара тексерулердi және түзетулердi) орындау;
      жердiң жай-күйiн талдауды және бағалауды жүргiзу;
      құнарлы жерлерге антропогендi әсер етудi реттеу жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлеу;
      уақыттың белгiлi бiр кезеңiнде жердiң сапалық жай-күйiн болжауды әзiрлеу;
      жер туралы деректер банкiн ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстар кiредi.
      18. Жердiң жай-күйiн бағалау жүргiзiлген байқауларды (кезеңдiк, маусымдық, тәулiктiк) талдау; алынған көрсеткiштердi нормативтермен салыстырғандағы өзгерiстердiң бағытталуы мен интенсивтiлiгiн зерттеу жолымен орындалады.
      Жердiң жай-күйiнiң көрсеткiштерi белгiлi бiр кезеңге немесе мерзiмге қатысты абсолюттi де, салыстырмалы маңыздарда бiлдiрiледi.
      19. Жерлердiң жай-күйiн бағалаудың нәтижелерi бойынша оларға өзгерiстердiң дамуының, әсiресе жағымсыз сипаты бар серпiнiн, бағытталуын және интенсивтiлiгiнiң сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар және кестелер қоса берiлуi арқылы жедел мәлiметтер, баяндамалар, ұсынымдар және ғылыми болжамдар жасалады.

V. Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыру
және оның тәртiбi

      20. Мониторингтi ұйымдастыру және жер алқаптарының, егiстiк жерлердiң және жер учаскелерiнiң жай-күйi туралы мәлiметтердi қалыптастыру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру, түгендеу, топырақтық, геоботаникалық және өзге де тексерулер мен зерттеулердi жүргiзумен, сондай-ақ жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуына тiкелей байқауды және мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырумен қамтамасыз етiледi.
      21. Мониторинг жүргiзу үшiн қажеттi жердiң жай-күйi туралы мәлiметтердi:
      1) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың) жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiне есептiден кейiнгi жылдың 1 қарашасына дейiн - жердi тақырыптық картаға түсiрудi және олардың жай-күйiн байқауды жүзеге асырушы азаматтар мен заңды тұлғалар;
      2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне есептiден кейiнгi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей:
      Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi - топырақтың өндiрiс қалдықтарымен, химиялық радиоактивтi, биологиялық заттармен ластануы туралы;
      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi - геологиялық ортаның жай-күйi туралы;
      басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволар - төтенше сипаты бар ахуал пайда болған кезде жерлердiң ластануының өзге де түрлерi мен жай-күйi туралы тегiн ұсынады.
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен. P010800_
      22. Жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылар тiкелей байқау кезiнде алынған жер алқаптарының, егiстiктердiң, жер учаскелерiнiң жай-күйi туралы бастапқы деректердi жердiң құрамында есептi кезеңде болған өзгерiстер туралы есеппен бiр уақытта аудандық жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен. P010800_
      23. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган ұсынылған деректердi қорытады және бар жерлердiң саны, сапалық жай-күйi мен пайдаланылуы туралы есеппен бiрге оларды аудандық атқарушы органға жолдайды.
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800 қаулысымен. P010800_
      24. Облыстың жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi ұсынылған деректердi, сондай-ақ жаңа суреттердiң, тексерулердiң, зерттеулердiң материалдары бойынша алынған жер қорының жай-күйi туралы мәлiметтердi қорытудың және бағалаудың нәтижелерi бойынша облыстық атқарушы орган мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агентігіне жер, оның сапалық жай-күйi және пайдаланылуы туралы есептiң құрамында облыстың аумақтарында жер мониторингiн ұйымдастыру және жетiлдiру жөнiнде ұсыныс жолдайды.
      25. Астана және Алматы қалаларының жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi Астана және Алматы қалаларының шеңберiнде орналасқан жер учаскелерi иелерi мен жердi пайдаланушылардан, алынған деректердi қорытады және жер оның сапалық жай-күйi және пайдаланылуы туралы есептiң құрамында оларды қалалық атқарушы орган мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігіне жолдайды.
      ЕСКЕРТУ. 25-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен. P010800_
      26. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі алынған ұсыныстарды, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларына басшылықты жүзеге асыратын мүдделi орталық атқарушы органдар ұсынған жердiң жай-күйi туралы мәлiметтi қорытады және олардың негiзiнде республикада жер мониторингiн жүргiзудiң бағдарламасын әзiрлейдi, жердiң жай-күйiн байқау пункттерiнiң аумақтық-аймақтық жүйелерiн айқындайды.
      27. Көрсетiлген бағдарламалар мен байқау пункттерiнiң желiлерiн мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларына басшылықты жүзеге асыратын мүдделi орталық атқарушы органдармен келiскеннен кейiн бұл құжаттарды, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттігі бекiтедi.
      28. Аймақта жағымсыз процестер пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын пайдалану жөнiндегi комитетi жүргiзiлген тексерулердiң нәтижелерi бойынша мониторинг жүргiзу және аталмыш аймақта жердiң жай-күйiнiң байқау пункттерiнiң желiлерiн орналастыру бағдарламалары бойынша осы Тәртiпке сәйкес бекiтiлетiн ұсыныс енгiзетiн комиссия құрады.
      29. Мониторингтiң аумақтық-аймақтық желiсi жердiң жай-күйiн байқаудың стационарлық және жартылай стационарлық пункттерiн қамтиды.
      Стационарлық байқау пункттерi берiлген толықтық пен дәлдiк арқылы жердiң жай-күйi туралы ақпараттарды жүйелi алып тұру үшiн құрылады. Мұндай пункттерге стационарлық алаңдар өзектi учаскелер және полигондар жатады.
      Жартылай стационарлық байқау пункттерi (жартылай стационарлық алаң, бейiн) жұмыстың нақты жағдайлары мен мақсатына қатысты ұйымдастырылады. Оларда байқау ара қашықтығы 36 5, 10 және одан көп жыл болатын мерзiмдерде жүргiзiледi.
      30. Мониторингтiң деңгейi байқау пункттерiнде жүргiзiлетiн жердiң жай-күйiн байқау бағдарламасымен айқындалады.
      31. Жер мониторингi бiрыңғай жiктегiштердi, кодтарды, бiрлiк жүйелерiн, деректер мен нормативтiк-техникалық базалардың стандарттық форматтарын, координаттар мен биiктiктердiң мемлекеттiк жүйесiн қолдануға негiзделген әртектi деректердiң өзара үйлесiмдiлiгi принципi сақтала отырып жүргiзiледi.
      32. Жер мониторингi жөнiндегi ақпараттарды алу үшiн:
      қашықтықтан тексерiп-байқаудың (ғарыштық аппараттардың, жоғары ұшатын ұшақтардың, шағын авиацияның және басқаларының құралдарының көмегiмен суретке түсiру және байқау);
      жер үстiндегi суретке түсiрудiң (топырақтық, геоботаникалық және басқалары) және аумақтық-аймақтық желiлер пункттерiндегi байқаулардың;
      қорлық деректердiң (карталардың, картограммалардың, схемалардың, кестелiк және басқа да материалдардың) материалдары пайдаланылады.
      33. Ғарыштық алып жүрушiлерден суретке түсiру мен байқау республикалық және аймақтық деңгейлерде жердiң жай-күйiнiң сипатын алу үшiн орындалады.
      Аппаратураларды әуеде алып жүрушiлердiң көмегiмен суретке түсiру және байқау жер мониторингiнiң жергiлiктi деңгейi үшiн жүргiзiледi.
      Жер бетiндегi байқау зерттеу, тексеру және суретке түсiру стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарды, өзектi учаскелердi, полигондарды және бейiндердi пайдалану арқылы жердiң барлық санаттары бойынша жүргiзiледi.
      34. Олардың жүргiзiлуiнiң мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiне қарай жердiң жай-күйiн байқаудың мынадай:
      базалық (жердiң мониторингiн жүргiзудi бастау сәтiндегi байқау объектiлерiнiң жай-күйiн көрсететiн бастапқы);
      жедел (ағымдағы өзгерiстердi көрсететiн);
      кезеңдiк (бiр жылдан кейiн және одан көп) топтары жүзеге асырылады.
      35. Жер мониторингiнiң нәтижелерi қағазға да, ақпараттарды электрондық жинақтау, өңдеу және сақтау жүйелерiн пайдалану арқылы да есептер, кестелер, карталар және картограммалар түрiнде ресiмделедi.
      36. Жер мониторингi жөнiндегi құжаттамалар базалық және есептiк құжаттарды қамтиды.
      Базалық құжаттарда аймақтық объектiнiң немесе жер учаскесiнiң бастапқы (фондық) жай-күйi көрсетiледi. Базалық құжаттарға жердiң жай-күйiнiң бастапқы тақырыптың карталары, картографиялық материалдар және жердiң сапалық жай-күйi туралы жиналған мәлiметтер жатады.
      Бiрдейлендiрiлген нысандар, оларда жерлердiң жай-күйiнiң белгiленген өзгеруi көрсетiлген кестелер есептiк құжаттар болып табылады.
      37. Жердiң мониторингi жөнiндегi құжаттама мынадай талаптарға сәйкес келуi:
      белгiленген үлгiдегi бланктерде атқарылуы;
      картографиялық материалдар жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген техникалық талаптарға сәйкес дайындалуы;
      мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылған мәлiмет олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген тәртiптерге сәйкес пайдаланылуы және сақталуы тиiс.
      38. Жер мониторингi жөнiндегi алынған ақпаратты жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi органдар қорытады және талдайды, олар автоматтандырылған ақпараттық жүйелердiң архивтерi мен деректер банкiнде жинақталады және сақталады.

VI. Жер мониторингi жөнiндегi ақпараттарды
пайдалану

      39. Жер мониторингi жөнiндегi ақпараттарды пайдаланушылар:
      аумақтардың дамуын жоспарлау, жердi аймақтау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеу, қала құрылысы кадастры мәселелерi, жер ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдар;
      табиғи ресурстардың пайдаланылуына және қоршаған ортаның жай-күйiне, табиғат қорғау шараларын жасауға бақылау жүргiзу мәселелерi бойынша - мемлекеттiк табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау органдары;
      өзге де заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 39-тармақ өзгерді- ҚР Үкіметінің 2001.06.11. N 800
               қаулысымен. P010800_
      40. Мониторингтiң ақпараттарын пайдалану қағазға немесе магниттiк алып жүрушiлерге стандартты ресiмделген құжаттармен танысу және (немесе) оларды алу, сондай-ақ байланыстың техникалық телекоммуникациялық құралдарын қолдану арқылы деректер банкiне тiкелей рұқсат етiлген кiру нысанында жүзеге асырылады.
      41. Жер мониторингiнiң ақпаратына кiру режимiн бұзу немесе дұрыс емес ақпарат ұсыну қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Об утверждении Порядка ведения мониторинга земель в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 1997 г. N 1347. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 19 сентября 2003 г. N 956

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 января 2001 года Z010152_ "О земле" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Сноска. В преамбулу внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      1. Утвердить прилагаемый Порядок ведения мониторинга земель в Республике Казахстан.
      2. Министерствам, центральным исполнительным органам, не входящим в состав Правительства Республики Казахстан, располагающим материалами о состоянии земель, в том числе об их загрязнении химическими и радиоактивными веществами, а также о заражении карантинными вредителями и болезнями растений, представлять копии этих материалов безвозмездно Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами для включения в ежегодные отчеты о наличии, качественном состоянии и использовании земель и доклады к ним.
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      3. В целях недопущения дублирования в проведении почвенных и геоботанических изысканий, обеспечения достоверности данных мониторинга земель:
      возложить на Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами ведение единого государственного учета почвенных, почвенно-солевых, почвенно-эрозионных, почвенно-агрохимических, почвенно-геохимических, почвенно-мелиоративных, геоботанических изысканий и обследований.
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      4. (Пункт 4 исключен - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ )
      5. Рекомендовать Министерству образования и науки Республики Казахстан, Национальной академии наук Республики Казахстан, другим заинтересованным государственным органам оказывать научно-методическую и практическую помощь Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами в организации и ведении мониторинга земель.
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      6. Признать утратившими силу:
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 августа 1992 г. N 683 P920683_ "О порядке ведения государственного земельного кадастра и мониторинга земель в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., N 33, ст. 498);
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 сентября 1993 г. N 979 P930979_ "Об утверждении Положения о мониторинге земель Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 40, ст. 471).

     Премьер-Министр
   Республики Казахстан

                                     Утвержден
                            постановлением Правительства
                                Республики Казахстан
                            от 17 сентября 1997 г. N 1347

                                     ПОРЯДОК
          ведения мониторинга земель в Республике Казахстан

      Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ :
      в тексте слова "Комитетом по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан", "Комитет по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан", "Комитету по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" заменить соответственно словами "Агентством Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами", "Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами", "Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами".
 

                                I. Общие положения

      1. Мониторинг земель представляет собой систему базовых (исходных), оперативных, периодических наблюдений за качественным и количественным состоянием земельного фонда, проводимых в целях своевременного выявления происходящих изменений, их оценки, прогноза дальнейшего развития и выработки рекомендаций по предупреждению и устранению последствий негативных процессов.
      2. Мониторинг земель является составной частью мониторинга за состоянием окружающей природной среды и одновременно базой для ведения мониторинга других природных сред. Он обеспечивает соответствующей информацией ведение государственного земельного кадастра, землеустройства, контроля за использованием и охраной земель и иных функций в области государственного управления земельными ресурсами.
      3. Объектом мониторинга земель являются все земли Республики Казахстан, независимо от форм собственности на землю, целевого назначения и характера использования земель.
      4. При ведении мониторинга земель выявляются следующие процессы, оказывающие влияние на состояние земель:
      эволюционные (связанные с естественно-историческими и социально-экономическими процессами развития);
      цикличные (связанные с суточными, сезонными, годовыми и иными временными периодами изменений природного характера);
      антропогенные (связанные с человеческой деятельностью);
      чрезвычайные ситуации (связанные с авариями, катастрофами, стихийными и экологическими бедствиями и другие).
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      5. Источниками информации для мониторинга земель служат результаты систематических наблюдений, съемок, обследований, инвентаризаций, материалы государственного контроля за использованием и охраной земель, архивные данные, другие сведения о качественном состоянии земель.
      6. Результаты мониторинга земель Агентством Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами представляются исполнительным органам в составе отчета о наличии, качественном состоянии и использовании земель в соответствии с Порядком ведения государственного земельного кадастра в Республике Казахстан, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 июня 1996 г. N 710. P960710_
      7. Работы по ведению мониторинга земель в соответствии с государственными программами осуществляются за счет бюджетных средств.
      8. Республика Казахстан в соответствии с международными научно-техническими программами может принимать участие в работах по глобальному мониторингу земель.
      Финансирование межгосударственной и международных программ по мониторингу земель осуществляется за счет и в пределах средств, предусматриваемых в бюджете на указанные цели, в порядке и на условиях, определяемых соглашениями и договорами, заключенными Республикой Казахстан с другими государствами.
      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .

               II. Функции центрального уполномоченного
              органа по управлению земельными ресурсами
                       и его органов на местах

      Сноска. В заголовок раздела внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .

      9. В соответствии с Законом Республики Казахстан "О земле" организация ведения мониторинга земель возложена на центральный уполномоченный орган по управлению земельными ресурсами и его органы на местах.
      Сноска. В пункт 9 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      10. Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами:
      1) организует проведение аэрофотокосмических, проектно-изыскательских, землеустроительных, топографо-геодезических, картографических, почвенных, геоботанических, оценочных работ и иных изысканий и обследований, необходимых для ведения мониторинга земель;
      2) разрабатывает и утверждает в установленном порядке в пределах своей компетенции:
      методические указания и инструкции, нормативы и стандарты документации, необходимые для ведения мониторинга земель, которые являются обязательными для всех государственных органов, других юридических и физических лиц;
      территориально-зональную сеть пунктов наблюдений за состоянием земель;
      3) организует и координирует проведение мониторинга земель на территориально-зональной сети пунктов наблюдений за состоянием земель, а также в регионах, подверженных негативным процессам;
      4) обеспечивает соблюдение совместимости данных мониторинга земель со сведениями мониторинга других природных сред;
      5) осуществляет контроль за ведением мониторинга земель местными уполномоченными органами по управлению земельными ресурсами и производственными подразделениями системы центрального уполномоченного органа по управлению земельными ресурсами;
      6) ежегодно в установленные сроки представляет Правительству Республики Казахстан и заинтересованным центральным исполнительным органам в сфере государственного управления сводный отчет о наличии, качественном состоянии и использовании земель Республики Казахстан, составленный на основании данных государственного земельного кадастра и мониторинга земель;
      7) осуществляет подбор, систематизацию и обобщение материалов о состоянии земель по крупным природным комплексам, областям и республике в целом;
      8) обеспечивает проведение работ по поэтапному переходу на автоматизированные методы получения, обработки и хранения данных мониторинга земель;
      9) реализует и обеспечивает на республиканском уровне обновление, сохранность, защиту информации и право доступа к ней;
      10) осуществляет информационно-справочное обслуживание пользователей.
      Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      11. Комитет по управлению земельными ресурсами области (города республиканского значения):
      1) разрабатывает и представляет на утверждение Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами программу ведения мониторинга, а также размещение сети наблюдательных пунктов за состоянием земель на территории области, города республиканского значения;
      2) осуществляет базовый и периодический мониторинг земель на уровне области, города республиканского значения;
      3) обобщает данные мониторинга земель по отдельным природным комплексам, районам, области;
      4) ежегодно в установленные сроки представляет в соответствующий исполнительный орган и Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами отчет о наличии, качественном состоянии и использовании земель области, города республиканского значения, составленный на основании данных государственного земельного кадастра и мониторинга земель, а при выявлении особо опасных процессов - оперативные сводки;
      5) (исключен)
      Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .

          12. (Пункт 12 исключен - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800   P010800_ )

                 III. Структура мониторинга земель

      13. Структура мониторинга земель определяется основным целевым назначением земель и территориальным охватом.
      14. Мониторинг проводится с учетом особенностей целевого назначения земель и подразделяется на подсистемы, соответствующие категориям земель:
      мониторинг земель сельскохозяйственного назначения;
      мониторинг земель населенных пунктов (городов, поселков и сельских населенных пунктов);
      мониторинг земель промышленности, транспорта, связи, обороны и иного несельскохозяйственного назначения;
      мониторинг земель особо охраняемых природных территорий, земель оздоровительного, рекреационного и историко-культурного назначения;
      мониторинг земель лесного фонда;
      мониторинг земель водного фонда;
      мониторинг земель запаса.
      Сноска. В пункт 14 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800   P010800_ .
      15. В зависимости от территориального охвата осуществляется республиканский, региональный и локальный мониторинг земель:
      республиканский - охватывает всю территорию Республики Казахстан;
      региональный - охватывает территории, ограниченные физико-географическими, административными, экономическими и иными границами;
      локальный - ведется на территориальных объектах ниже регионального уровня, вплоть до отдельных земельных участков и элементарных структур ландшафтно-экологических комплексов.

                 IV. Содержание мониторинга земель

      16. Содержание мониторинга земель составляет систематические наблюдения за:
      состоянием земельных участков, угодий, полей;
      развитием процессов, связанных с изменением плодородия почв (опустыниванием, развитием водной и ветровой эрозии, динамикой содержания гумуса и элементов питания, изменением реакции почвенной среды, разрушением или улучшением почвенной структуры, засолением, осолонцованием, заболачиванием, переувлажнением и подтоплением земель или ликвидацией этих факторов), загрязнением почв пестицидами, тяжелыми металлами, радионуклидами и другими токсичными веществами, промышленными, бытовыми и иными отходами, изменением других свойств почв;
      развитием процессов, связанных с изменением состояния растительного покрова природных кормовых угодий (изменением состава, структуры и урожайности, типов, качества, производственного потенциала, химизма и питательности растений), темпами деградации и восстановления, уровнем накопления токсичных химических элементов и радионуклидов, а также степенью устойчивости их к антропогенным нагрузкам;
      состоянием береговых линий рек, морей, озер, заливов, водохранилищ, лиманов, гидротехнических сооружений;
      развитием процессов, вызванных образованием оврагов, оползней, селевыми потоками, землетрясениями, карстовыми, криогенными и другими явлениями;
      состоянием земель населенных пунктов, нефте- и газодобычи, очистных сооружений, навозохранилищ, свалок, складов горюче-смазочных материалов, удобрений, стоянок автотранспорта, мест захоронения токсичных промышленных отходов и радиоактивных материалов, а также других промышленных объектов.
      17. Мониторинг земель включает работы по:
      выполнению систематических наблюдений, изысканий, съемок, обследований (переобследований и корректировок);
      проведению анализа и оценки состояния земель;
      разработке рекомендаций по регулированию антропогенных воздействий на плодородие земель;
      разработке прогноза качественного состояния земель на определенный период времени;
      организации банка данных о земле.
      18. Оценка состояния земель выполняется путем анализа проводимых наблюдений (периодических, сезонных, суточных), изучения направленности и интенсивности изменений в сравнении полученных показателей с нормативными.
      Показатели состояния земель выражаются как в абсолютных, так и в относительных значениях, отнесенных к определенному периоду или сроку.
      19. По результатам оценки состояния земель составляются оперативные сводки, доклады, рекомендации и научные прогнозы с приложением к ним тематических карт, диаграмм и таблиц, характеризующих динамику, направленность и интенсивность развития изменений, в особенности имеющих негативный характер.

            V. Организация и порядок ведения мониторинга
                                земель

      20. Организация мониторинга и формирование сведений о состоянии земельных угодий, полей и участков обеспечиваются проведением топографо-геодезических, аэрокосмических, картографических, землеустроительных, инвентаризационных, почвенных, геоботанических и иных обследований и изысканий, а также осуществлением непосредственных наблюдений и государственного контроля за использованием и охраной земель.
      21. Для ведения мониторинга необходимые сведения о состоянии земель безвозмездно представляются:
      1) комитету по управлению земельными ресурсами области (города республиканского значения) до 1 ноября следующего за отчетным года - гражданами и юридическими лицами, осуществляющими тематическое картографирование земель и наблюдение за их состоянием;
      2) Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами не позднее 1 декабя следующего за отчетным года:
      Министерством природных ресурсов и охраны окружающей среды Республики Казахстан - о загрязнении почв отходами производства, химическими, радиоактивными, биологическими веществами;
      Министерством энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан - о состоянии геологической среды;
      другими заинтересованными министерствами и ведомствами - об иных видах загрязнения и состояния земель при возникновении обстоятельств чрезвычайного характера.
      Сноска. В пункт 21 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      22. Собственники земельных участков и землепользователи первичные данные о состоянии земельных угодий, полей, участков, получаемые при непосредственных наблюдениях, представляют уполномоченному органу по управлению земельными ресурсами одновременно с отчетом о происшедших изменениях в составе земель за отчетный период.
      Сноска. В пункт 22 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      23. Уполномоченный орган по управлению земельными ресурсами обобщает представленные данные и одновременно с отчетом о наличии, качественном состоянии и использовании земель направляет их районному исполнительному органу.
      Сноска. В пункт 23 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      24. По результатам обобщения и оценки представленных данных, а также полученных по материалам новых съемок, обследований, изысканий сведений о состоянии земельного фонда комитет по управлению земельными ресурсами области направляет областному исполнительному органу и Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами в составе отчета о наличии, качественном состоянии и использовании земель предложения по организации и совершенствованию мониторинга земель на территории области.
      25. Комитет по управлению земельными ресурсами городов Астаны и Алматы обобщает полученные от расположенных в черте городов Астаны и Алматы собственников земельных участков и землепользователей данные и в составе отчета о наличии, качественном состоянии и использовании земель направляет их городскому исполнительному органу и Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами.
      Сноска. В пункт 25 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      26. Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами обобщает полученные предложения, а также сведения о состояний земель, представленные заинтересованными центральными исполнительными органами, осуществляющими руководство соответствующими отраслями государственного управления, и на их основе разрабатывает программу ведения мониторинга земель в республике, определяет территориально-зональную сеть пунктов наблюдений за состоянием земель.
      27. После согласования указанной программы и сети пунктов наблюдений с заинтересованными центральными исполнительными органами, осуществляющими руководство соответствующими отраслями государственного управления, эти документы утверждаются Агентством Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами.
      28. В случае проявления негативных процессов в регионе Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами образует комиссию, которая по результатам проведенных обследований вносит предложения по программе ведения мониторинга и размещению сети наблюдательных пунктов за состоянием земель в данном регионе, которые утверждаются в соответствии с настоящим Порядком.
      29. Территориально-зональная сеть мониторинга включает стационарные и полустационарные пункты наблюдения за состоянием земель.
      Стационарные пункты наблюдений создаются для систематического получения информации о состоянии земель с заданной полнотой и точностью. К таким пунктам относятся стационарные площадки, ключевые участки и полигоны.
      Полустационарные пункты наблюдений (полустационарные площадка, профиль) организуются в зависимости от конкретных условий и целей работы. Наблюдения на них проводятся периодически с интервалами в 3, 5, 10 и более лет.
      30. Уровень мониторинга определяется программой проводимых наблюдений за состоянием земель на наблюдательных пунктах.
      31. Мониторинг земель ведется с соблюдением принципа совместимости разнородных данных, основанного на применении единых классификаторов, кодов, системы единиц, стандартных форматов данных и нормативно-технической базы, государственной системы координат и высот.
      32. Для получения информации по мониторингу земель используются материалы:
      дистанционного зондирования (съемок и наблюдений с космических аппаратов, с высотных самолетов, с помощью средств малой авиации и др.);
      наземных съемок (почвенных, геоботанических и др.) и наблюдений на пунктах территориально-зональной сети;
      фондовых данных (карт, картограмм, схем, табличных и других материалов).
      33. Съемки и наблюдения с космических носителей выполняются для получения характеристик состояния земель на республиканском и региональном уровнях.
      Съемки и наблюдения с помощью воздушных носителей аппаратуры проводятся для локального уровня мониторинга земель.
      Наземные наблюдения, изыскания, обследования и съемки проводятся по всем категориям земель с использованием стационарных и полустационарных площадок, ключевых участков, полигонов и профилей.
      34. В зависимости от сроков и периодичности проведения осуществляются следующие группы наблюдений за состоянием земель:
      базовые (исходные, фиксирующие состояние объектов наблюдения на момент начала ведения мониторинга земель);
      оперативные (фиксирующие текущие изменения);
      периодические (через год и более).
      35. Результаты мониторинга земель оформляются в виде отчетов, таблиц, карт и картограмм как на бумажных носителях, так и с использованием электронных систем сбора, обработки и хранения информации.
      36. Документация по мониторингу земель включает базовые и отчетные документы.
      В базовых документах фиксируется исходное (фоновое) состояние регионального объекта или земельного участка. К базовым документам относятся исходные тематические карты состояния земель, картографические материалы и собранные сведения о качественном состоянии земель.
      Отчетными документами являются унифицированные формы, таблицы с отражением в них фиксируемого изменения состояния земель.
      37. Документация по мониторингу земель должна соответствовать следующим требованиям:
      исполняться на бланках установленного образца;
      картографические материалы изготавливаются в соответствии с техническими требованиями, устанавливаемыми центральным уполномоченным органом по управлению земельными ресурсами;
      сведения, содержащиеся на планах (чертежах) земельных участков, отнесенные к государственной тайне, используются и хранятся в соответствии с установленными правилами, обеспечивающими их секретность.
      Сноска. В пункт 37 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      38. Получаемая информация по мониторингу земель обобщается и анализируется соответствующими органами по управлению земельными ресурсами, накапливается и хранится в архивах и банке данных автоматизированной информационной системы.

             VI. Использование информации по мониторингу
                                земель

      39. Пользователями информацией по мониторингу земель являются:
      государственные и местные исполнительные и представительные органы - по вопросам планирования развития территорий, зонирования земель, разработки программ по рациональному использованию природных ресурсов, градостроительного кадастра, другим вопросам, связанным с управлением земельными ресурсами;
      государственные органы природных ресурсов и охраны окружающей среды - по вопросам проведения контроля за использованием природных ресурсов и состоянием окружающей среды, разработки природоохранных мероприятий;
      иные юридические и физические лица.
      Сноска. В пункт 39 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 11 июня 2001 г. N 800 P010800_ .
      40. Пользование информацией мониторинга осуществляется в форме ознакомления и (или) получения стандартно оформленных на бумажных или магнитных носителях документов, а также непосредственно санкционированного доступа к банку данных с применением технических телекоммуникационных средств связи.
      41. Нарушение режима доступа к информации мониторинга земель или предоставление недостоверной информации влечет за собой ответственность согласно действующему законодательству.