Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 800. Қаулының күші жойылды - 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) "Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 5 маусымдағы N 931  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 24, 219-құжат): 
      кiрiспеде "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2718 Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ведомостары, 1995 ж., N 24, 160-құжат)" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзудiң тәртiбi туралы ережеде: 
      1-тармақта "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күшi бар Жарлығына" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы "4 қаңтардағы 3аңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Жерге орналастыру - бұл жердi ұтымды пайдалануды ұйымдастыру мен қорғауға бағытталған шаралар жүйесi." деген сөздер "Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралар жүйесi болып табылады." деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ:
      мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi";
      жетiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жердiң жай-күйi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және оның қол жетiмдiлiгi";
      6-тармақта:
      екiншi абзацта:
      "жерге орналастырудың" деген сөзден кейiн ", жерлердi аймаққа бөлудiң" деген сөздермен толықтырылсын;
      "схемалары" деген сөзден кейiн "(жобалары)" деген сөзбен толықтырылсын;
      "ресурстарын" деген сөзден кейiн "ландшафтық-экологиялық көзқарас негiзiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацта:
      "жер пайдаланудың жаңаларын құрудың және қолда барларын ретке келтiрудiң жобаларын жасауды," деген сөздер "құрылуы бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды және бар жер пайдалануды ретке келтiрудi," деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жер пайдалану" деген сөздер "жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi абзацта "шегiн" деген сөз "шекараларын (шегiн)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      бесiншi абзац мынадай мазмұнда жазылсын: 
      "әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жердi пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерiнiң шекараларын жергiлiктi жерлерде белгiлеудi;"; 
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "7. Жерге орналастыруды жүргiзу жөнiнде тапсырыс берушi, жерге орналастыру құжатын әзiрлеушi, жерге орналастыруды жүргiзгенде құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалуы мүмкiн үшiншi тұлғалар, сондай-ақ жерге орналастыру құжаттамаларына келiсiм беретiн және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жерге орналастыру процесiне қатысушылар болып табылады. 
      Жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттiк кәсiпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген тәртiпте жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзуге лицензия алған басқа да заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды. 
      Мемлекеттiк монополияға жатқызылған жерге орналастыру жұмыстарын мемлекеттiк кәсiпорындар орындайды, жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функциясын жүзеге асырады."; 
      8-тармақта: 
      2) тармақшаның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2) әзiрлеушiнiң (жобалау және іздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға):"; 
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: 
      "3) жерге орналастыруды жүргiзгенде құқықтары мен заңды мүдделерi қозғалуы мүмкiн үшiншi тұлғалардың мынадай құқықтары бар: 
      олардың мүдделерi қозғалатын жерге орналастыру мәселелерiн талқылау кезiнде қатысу және жерге орналастырудың барысы мен нәтижелерi туралы ақпарат алу; 
      жерге орналастыру процесiнде олардың мүдделерін қозғайтын құқыққа қайшы әрекеттерге заңға сәйкес шағым беру"; 
      9-тармақтың 4) тармақшасында: 
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "жерге орналастыру құжаттамасын әзiрлеуші:"; 
      үшiншi абзацта "келтiруге" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылып, "мiндеттi" деген сөз алынып тасталсын және мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "жерге орналастыру құжаттамасында көзделген іс-шаралардың анықтығы, сапасы және экологиялық қауiпсiздiгi үшiн жауапкершiлiк алуға мiндеттi.";
      11-тармақта "атқарушы" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiлген, жерге орналастыру белгіленген тәртiпте жер ресурстарын басқару жөнiндегi органның бастамасымен, осы мақсат үшiн көзделген бюджет қаражаты есебiнен және оның шегiнде жүргiзiледi.";
      13-тармақта "атқарушы" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      16-тармақта "атқарушы" деген сөз "уәкiлеттi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 17-1 және 17-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "17-1. Белгiленген тәртiпте келiсiлген жерге орналастыру құжаттамаларын мыналар бекiтедi:
      заңнамада белгiленген құзыреттерiне сәйкес жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi; 
      өздерiнiң есебiнен әзiрленетiн және жүзеге асырылатын шаруашылықішiлiк жерге орналастыру жобаларын және жерлердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау және арттыруға байланысты жобаларды - жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi және жер пайдаланушылар, жер учаскелерiн жалға алушылар және басқа да тапсырыс берушiлер. 
      Жер учаскелерiнiң шекараларын қалыптастырумен, оларды жергiлiктi жерде белгiлеумен, жер учаскесiнiң жоспарын әзiрлеумен байланысты жерге орналастыру құжаттамаларын, сондай-ақ жерге орналастыру бойынша, жер ресурстарының жағдайы мен пайдаланылуының арнаулы тақырыптық карталарын жасау бойынша топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, топырақтану, агрохимиялық, геоботаникалық және басқа да зерттеу және іздестiру жұмыстарының материалдарын тиiстi жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық уәкiлеттi орган бекiтедi. 
      17-2. Жерге орналастыру құжаттамасына өзгерiстер, осы құжаттаманы бекiткен органның рұқсатымен ғана енгiзiледi."; 
      21-тармақта "17-тармағында" деген сөздер "15-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "23. Қазақстан Республикасында жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады."; 
      мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-тармақтармен толықтырылсын: 
      "23-1. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау технологиясы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiткен, жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес болуы тиiс. 
      23-2. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргiзгенде мемлекеттiк бақылауды және оларға сараптаманы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүргiзедi."; 
      3) <*>
     ЕСКЕРТУ. 3)-тармақша күшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 956  қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 1)-тармақша күшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003.09.20. N 958   қаулысымен .

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады