Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң биологиялық ресурстарды мемлекеттiк экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 қыркүйектегi N 1350. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377  U973377_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қоса берiлiп отырған: 
      Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Биологиялық ресурстарды мемлекеттiк экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi агенттiгi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Биологиялық ресурстарды мемлекеттiк экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 қыркүйектегi
                                          N 1350 қаулысымен
                                             бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
          министрлiгiнiң биологиялық ресурстарды мемлекеттiк
          экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану
      жөнiндегi агенттiгi (Экобиоресурсминiнiң Мемэкологбақылау
            мен биоресурстар жөнiндегi агенттiгi) туралы
                                ЕРЕЖЕ

                          I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң биологиялық ресурстарды мемлекеттiк экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) биологиялық ресурстарды қорғауға, ұлғайту мен пайдалануға экологиялық бақылау жасау саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады. Арнайы, атқарушылық және ведомство үстiнен бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады және өзiне жүктелген мiндеттердi Экология және биоресурстар министрлiгiнiң құзыретi шегiнде орындайды. 
      Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi болады. 
      2. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 
      3. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады. 
      4. Агенттiк аппаратын ұстауға кететiн шығыстарды қаржыландыру, республикалық бюджетте, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады. 

                         II. Негiзгi мiндеттер 

      Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi - қоршаған ортаның жай-күйiне және оның шаруашылық және өзге де қызметтiң ықпалынан өзгеруiне бақылауды ұйымдастыру, мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстар ұлғайту мен ұтымды пайдалану жөнiндегi шаралар жоспарының орындалуын, табиғат қорғау заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келiсiмдер мен конвенциялардың талаптарының орындалуын тексеру болып табылады. 

                           III. Функциялары 

      Өзiне жүктелген мiндеттерге және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Агенттiк: 
      1) табиғат ресурстарын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды, оның iшiнде мыналарды: 
      қоршаған табиғи ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк кадастрлар мен есептi жүргiзудi; 
      тұрақты және көшпелi ластану көздерiнен шығарылымдар нормаларын, атмосфералық ауаны қорғау, атмосфералық ахуалды жасанды өзгертуге бағытталған әрекеттердi жүргiзу жөнiндегi ережелердi сақтауды; 
      жерлердi ластану мен қоқыстанудан қорғауды; 
      қоршаған табиғи ортаға шығарымдардың, тастандыларды талдауды ұйымдастыру мен жүргiзудi; 
      экологиялық талдау жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз ету мен аттестациялауды; 
      кәсiпорындар мен ведомстволардың табиғатты қорғаудың талдау қызметтерiнiң жұмыстарын; 
      қорықтардың, қорғалымдардың, басқа да қорғалатын аумақтар мен сирек кездесетiн ландшафтардың табиғат қорғау режимiнiң сақталуын; 
      жер учаскелерiнiң иелерi мен жердi пайдаланушылардың өндiрiстiң табиғатты қорғау технологияларын ұтымды пайдалануына, шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде қоршаған табиғи ортаға зиян келтiрiлуiне және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеу мақсатында, олардың: топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен сақтау жөнiндегi ұйымдастырушылық-шаруашылық, агротехникалық, орман-мелиорациялық және гидротехникалық шаралар кешенiн дұрыс жүргiзуiн; 
      жаңа және қайта жаңартылған үйлердi, құрылыстарды, ғимараттар мен басқа да объектiлердi орналастырған және пайдалануға берген кезде экологиялық талаптардың қамтамасыз етiлуiн; 
      топырақтың құнарлы қабатын алуды, сақтау мен пайдалануды; 
      пайдалы қазбалардың, өнеркәсiптiк қорларының жасалуына қарай босатылған немесе басқа да процестер мен жұмыстардан бүлiнген жердi мақсатына сәйкес онан әрi пайдалану үшiн жарамды қалпына келтiрудi (бүлiнген жердi қайта қопсытуды). Жердiң құнарлы қабаты қалпына келмейтiндей етiп жойылған және сапалық жағдайы нашарлаған жағдайда, жер ресурстарына келтiрiлген зиян айқындалып, тиiстi санкциялар қолданылады; 
      өндiрiс қалдықтарын пайдалану, сақтау, тасымалдау, орналастыру және оларды тұтыну кезiнде, сондай-ақ материалдарды, заттарды, оның iшiнде биологиялық, қауiптi қалдықтарды және химияландыру құралдарын тасымалдағанда табиғатты қорғау талаптарының орындалуын; 
      өсiмдiктер ресурстарын қорғау мен пайдалануды; 
      дәрiлiк тағамдық және техникалық өсiмдiк шикiзатын пайдалану лимиттерiнiң белгiленген тәртiппен пайдаланылуын, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жобалар мен материалдардың негiзiнде бекiтiлген лимиттер мен квоталарға сәйкес оларды дайындауға рұқсат берудi; 
      заңды және жеке тұлғалардың су заңдарының экологиялық талаптарын сақтауын және су қорғау шараларын дер кезiнде орындауын; 
      су шаруашылығы жүйелерiн және су қоймаларын, iрi гидротораптарды пайдалану ережелерiнiң орындалуын; 
      жануарлар дүниесiн, балық қорларын қорғауды ұлғайту мен пайдалануды және балық аулауды реттеудi, өнеркәсiптiк аң аулау, спорттық-әуесқойлық аң және балық аулау ережелерiнiң, аң мен балық шаруашылығын жүргiзу тәртiбiнiң орындалуын; 
      балық-су-мелиоративтiк жұмыстарының жүргiзiлуiн, балықтар мен жемдiк организмдердiң жерсiндiрiлуiн, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар материалдардың негiзiнде кәсiпшiлiк балықтардың құртшабақтарын құтқаруды; 
      ғылыми, мәдени-ағартушылық және өзге де мақсаттарда жабайы аңдардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн аулауды, мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар материалдардың негiзiнде жабайы аңдарды, олардың бөлiктерi мен туындыларын республикаға әкелу мен әкетудi; 
      жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарының зоологиялық коллекцияларын жасау ережелерiнiң орындалуын; 
      iрi гидротораптар мен гидроэлектростанцияларының бөгеттерi жанындағы балық жүргiзетiн және балық өткiзетiн басқа да құрылғылардың жұмыс талаптарының орындалуын; 
      су шаруашылығы су тоғандарында орналасқан, жұмыс iстейтiн барлық бас сағалардың есебiн жүргiзудi; 
      барлық балық шаруашылығының, сутоғандарында ихтологиялық байқаулар жүргiзудi; 
      табиғат пайдаланушыларда табиғат ресурстарын пайдалануға келiсiмнiң және рұқсат қағаздардың болуын; 
      әскери ведомстволардың қарауына жататындарын қоса алғандар, республиканың бүкiл аумағындағы жабайы аңдар мекендейтiн жерлердегi және олардың қоныс аудару жолдарындағы, балық шаруашылығы су тоғандарындағы (учаскелерiндегi) шаруашылық қызметi кезiнде (өсiмдiктердi сақтау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды қолдану) жануарлардың қырылуын болғызбау жөнiндегi шараларды заңды және жеке тұлғалардың орындауын заңдарда белгiленген тәртiппен; 
      жануарлар дүниесi объектiлерiн алудың белгiленген тәртiбiн заңды және жеке тұлғалардың орындауын; 
      жануарлардың және оларды пайдаланудың мемлекеттiк есебiнiң жүргiзiлуiн, сондай-ақ таралым жайын есепке ала отырып, жабайы аңдардың жекелеген түрлерiн аулауды шектеудi немесе оған тыйым салуды; 
      жабайы аңдарды аулауға берiлген рұқсат қағаздарда белгiленген шарттардың сақталуын; 
      ғылыми, селекциялық және шаруашылық мақсаттарға, сондай-ақ олардың санын ретке келтiрiп отыру мақсатында жабайы аңдарды аулауға қойылатын заң талаптарының сақталуын; 
      қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi талаптардың нормативтiк-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлуiн; 
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк экологиялық бақылау қызметтерiнiң жұмысын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген жағдайда және тәртiппен тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар беру туралы шешiмдердi келiседi; 
      3) жабайы жануарларды есепке алуды ұйымдастыруға белгiленген тәртiппен қатысады; 
      4) қоғамдық бiрлестiктермен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында өзара iс-қимыл жасайды; 
      5) ведомстволық бағынысты бөлiмшелердi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етедi; 
      6) табиғатты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияларды даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастырады, үздiксiз экологиялық бақылау жүйесiн дамытуға жәрдемдеседi. 

                             IV. Құқықтары 

      Агенттiктiң өз өкiлеттiктерiнiң шеңберiнде мыналарға құқығы бар: 
      министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарынан, сондай-ақ лауазымды адамдардан Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстарды қорғау мәселелерi жөнiнде, сондай-ақ олардың табиғатты қорғау заңдарының талаптарын орындау мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпаратты алу, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистикалық агенттiгiмен келiсе отырып, қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк есепке алу мен есептiлiк жүйесiнiң тәртiбi мен талаптарын белгiлеу; 
      өз құзыретi шегiнде табиғатты қорғау талаптарын бұзушыларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдану, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау; 
      экологиялық талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын кәсiпорындардың, құрылғылар мен объектiлердiң жұмысын шектеу мен уақытша тоқтату, оларды iске қосуға тыйым салу, шаруашылық және өзге қызметтi шектеу немесе уақытша тоқтату туралы ұйғарымдар шығару немесе осы қызметтi тоқтату туралы ұсыныс енгiзу; 
      табиғатты қорғау заңдары талаптарының бұзылуы туралы iстер жөнiндегi сот қаралымдарында талаптар қою және талапкер болу; 
      ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қорықтарда, қорғалымдарда, ұлттық және табиғи парктерде, айрықша қорғалатын басқа да аумақтарда табиғатты қорғау заңдарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру; 
      белгiленген тәртiппен көлiк құралдарын ұстау және қарау, тәртiп бұзушылықтың қаруы болған затты, заңсыз алынған өнiмдi, оның iшiнде балық өнiмiн алып қою, олардың кiм екенiн айқындау және хаттама жасау үшiн тәртiп бұзушыларды тиiстi органдарға алып келу; 
      мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындыларын есепке ала отырып, арнайы су пайдалануға, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша экологиялық жағынан қауiптi заттарды және табиғат ресурстарының жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуге жыл сайынғы рұқсат қағаздардың берiлуiн келiсу; 
      ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн балықтардың жыртқыш түрлерiн, ұстауға, жерсiндiруге, балықтандыруға, балық өсiруге, бақылау мен жаппай аулауға, қырылып кету қаупi бар су тоғандарынан балықты аулап алу үшiн белгiленген тәртiппен балық аулауға рұқсат беру. Балық аулаудың белгiленген режимiнiң негiздiлiгiн растау және балық қорларын ұтымды пайдалану жөнiнде ұсынымдар жасау мақсатында тексеру тұрғысынан аулау жүргiзу; 
      әуесқойлық және спорттық балық аулауға бақылау жасау; 
      аң шаруашылығын жүргiзу құқықтарын беру және аңшылық жерлердi бекiтiп беру, балықты және басқа да су жануарларын кәсiптiк аулауға құқық беру және балық шаруашылығы су тоғандарын бекiтiп беру туралы ұсыныстарды әзiрлеуге қатысу; 
      сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiнiң қырылуы мен санының азаюына, олардың мекендеу ортасының, палеобиологиялық қалдықтардың орналасқан орындарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн iс-қимылдарға белгiленген тәртiппен тыйым салу; 
      шаруашылық қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiне, қоршаған ортаға зиянды заттарды тастау мен шығаруға лицензиялар беру, Қазақстан Республикасы белгiленген тәртiппен, табиғат пайдалануға рұқсат беру; 
      коллекциялық мақсаттар үшiн (палеобиологиялық жиналымдарды қоса алғанда) жануарларды ұстауға өз құзыретiнiң шегiнде рұқсат беру; 
      ауыл шаруашылығына арналған және мемлекеттiк жер қорындағы жерлерде жабайы өсiмдiктердi, олардың бөлiктерi мен тұқымдарын тағамдық мақсаттар үшiн, дәрiлiк және техникалық шикiзат ретiнде, сондай-ақ басқа да мақсаттарға дайындауға рұқсат беру; 
      Қазақстан Республикасының Қызыл Кiтабына енгiзiлген жабайы өсiмдiктер мен олардың бөлiктерiн, сондай-ақ жердiң барлық санатындағы қылша мен мияны алуға белгiленген тәртiппен рұқсат беру; 
      жұмыстарды жүргiзгенде жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану, жануарлардың мекендеу ортасын, олардың көбею жағдайы мен қоныс аудару жолдарын сақтау жөнiндегi ережелер, нормалар мен өзге де талаптар бұзылатын жұмыстарды тоқтату; 
      мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында меншiк және бағыныстылық нысандарына қарамастан ұйымдар мен басқа да объектiлерге (оның iшiнде белгiленген тәртiппен әскери және қорғаныс объектiлерiне) бөгетсiз кiру (қызметтiк куәлiктерiн көрсетiп); 
      табиғат ресурстарын пайдалануға және қоршаған ортаны қорғау саласында жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға арналған лицензияларда белгiленген шарттардың орындалуын, табиғат пайдалануға арналған шарттардың (келiсiм-шарттардың) және рұқсаттардың орындалуын тексеру, оларды белгiленген тәртiппен жою, оларды жою туралы ұйғарымдар беру немесе ұсыныстар енгiзу; 
      құрылысты қаржыландыруды және объектiлердi пайдалануды, экологиялық талаптарды бұза отырып немесе экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз жүзеге асырылған шаруашылық және өзге де қызметтi тоқтату туралы тиiстi қаржы-несие ұйымдарына ұйғарымдар енгiзу; 
      қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану саласындағы құқықтық және нормативтiк-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу мен жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу; 
      қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламалары мен болжамдарының жобаларын iске асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 
      заңдарда белгiленген тәртiппен ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзу; 
      өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетелдiк заңды тұлғалармен өзара iс-қимылды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы қабылдаған келiсiмдер мен конвенцияларды, басқа да экологиялық бағдарламалар мен жобаларды орындау жөнiндегi мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысу. 
      Табиғатты қорғау саласында мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын адамдар айырым белгiлерi бар пiшiмдi киiммен және бiрыңғай үлгiдегi қызметтiк куәлiктермен қамтамасыз етiледi, мiндеттi сақтандыруға жатады, белгiленген тәртiппен және қаза болған немесе мертiккен жағдайда зиянды өтеп алуға құқылы. 
      Қоршаған ортаны қорғау саласында бақылау жасайтын адамдар заңдарда көзделген жағдайларда арнайы құралдар мен атыс қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқылы. 

                        V. Жұмысты ұйымдастыру 

      Агенттiктi Директор басқарады, ол сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады оны, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      Директордың орынбасары болады, оны Агенттiк Директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 
      Агенттiк Директоры Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 
      Осы мақсатта Агенттiк Директоры: 
      өз орынбасарының және Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi; 
      Агенттiктiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлiмшелердiң басшылары мен орынбасарлары (облыстық, ауданаралық және аудандық деңгейдегi) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      тәртiптiк жазалар қолданады; 
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады, Агенттiкке ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдары мен штаттарын, сондай-ақ олардың ережелерiн бекiтедi; 
      өз құзыретiнiң шегiнде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi; 
      Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiне құрылымдық бөлiмшелердi құру немесе тарату туралы ұсыныстар жасайды;
      өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
     Агенттiк директоры болмағанда оның функциясын орынбасары атқарады.
     Агенттiктiң штат санын Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрi белгiлейдi және бекiтедi.
     Агенттiктi тарату мен қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 қыркүйектегi
                                          N 1350 қаулысымен
                                            бекiтiлген

          Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
          министрлiгiнiң биологиялық ресурстарды мемлекеттiк
          экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану
             жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың
                               ТIЗБЕСI

     Республикалық мамандандырылған талдамалы бақылау лабораториясы
     Балық қорларын сақтау және балық аулауды реттеу жөнiнде Зайсан-Ертiс облысаралық бассейндер басқармасы
     Балық қорларын сақтау және балық аулауды реттеу жөнiнде Iле-Балқаш облысаралық бассейндер басқармасы
     Балық қорларын сақтау және балық аулауды реттеу жөнiнде
Орал-Каспий облысаралық бассейндер басқармасы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Ақмола облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Ақтөбе облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Алматы облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Атырау облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Жамбыл облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Қарағанды облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Қызылорда облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Қостанай облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Маңғыстау облыстық мемлекеттiк инспекциясы
     Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Павлодар облыстық мемлекеттiк инспекциясы
      Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк инспекциясы 
      Жануарлар дүниесiн қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөнiндегi Оңтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк инспекциясы 

Об утверждении Положения об Агентстве по государственному экологическому контролю, охране, воспроизводству и использованию биологических ресурсов Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1997 г. N 1350. Утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N 646

 

        Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 1997 г. N 1350 утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N  646 .
 

        В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 4 марта 1997 г. N 3377  U973377_ "Об очередных мерах по реформированию государственных органов Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      Утвердить прилагаемые: 
      Положение об Агентстве по государственному экологическому контролю, охране, воспроизводству и использованию биологических ресурсов Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан; 
      перечень организаций, находящихся в ведении Агентства по государственному экологическому контролю, охране, воспроизводству и использованию биологических ресурсов Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан. 

    Первый заместитель

      Премьер-Министра

    Республики Казахстан

                                       Утверждено

                                постановлением Правительства

                                    Республики Казахстан

                                от 18 сентября 1997 г. N 1350
 

                                Положение 
           об Агентстве по государственному экологическому 
          контролю, охране, воспроизводству и использованию 
      биологических ресурсов Министерства экологии и биоресурсов 
         Республики Казахстан (Агентство по госэкологконтролю 
                   и биоресурсам Минэкобиоресурсов) 
 

                            I. Общие положения 
 

        1. Агентство по государственному экологическому контролю, воспроизводству и использованию биологических ресурсов Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан (далее - Агентство) является государственным органом управления в области экологического контроля за охраной, воспроизводством и использованием биологических ресурсов, автономно осуществляет специальные, исполнительные и надведомственные контрольно-надзорные функции и выполняет возложенные на него задачи в пределах компетенции Министерства экологии и биоресурсов. 
      Решения Агентства, принятые в пределах его компетенции, обязательны для исполнения всеми органами, организациями, должностными лицами и гражданами. 
      2. Агентство в своей деятельности руководствуется Конституцией, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением. 
      3. Агентство является юридическим лицом, имеет счета в банке, печать с изображением Государственного герба Республики Казахстан и своим наименованием на казахском и русском языках. 
      4. Финансирование расходов на содержание аппарата Агентства осуществляется за счет ассигнований, предусмотренных в республиканском бюджете на содержание Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан. 
 

                           II. Основные задачи 
 

        Основными задачами Агентства являются организация и осуществление государственного контроля за состоянием окружающей среды и ее изменениями под влиянием хозяйственной и иной деятельности, проверка выполнения планов мероприятий по охране и оздоровлению окружающей среды, воспроизводству и рациональному использованию природных ресурсов, соблюдения требований природоохранного законодательства и нормативно-правовых актов, международных соглашений и конвенций, в которых участвует Республика Казахстан. 
 

                               III. Функции 
 

        В соответствии с возложенными задачами и действующим законодательством Агентство: 
      1) организует и осуществляет государственный контроль в области охраны и использования природных ресурсов, в том числе в части: 
      ведения государственных кадастров и учета в области охраны окружающей природной среды и использования природных ресурсов; 
      соблюдения норм выбросов от стационарных и передвижных источников загрязнения, правил по охране атмосферного воздуха, проведения действий, направленных на искусственное изменение состояния атмосферы; 
      защиты земель от загрязнения и засорения; 
      организации и проведения анализов выбросов, сбросов в окружающую природную среду; 
      метрологического обеспечения и аттестации экоаналитических работ; 
      деятельности природоохранных аналитических служб предприятий и ведомств; 
      соблюдения природоохранного режима заповедников, заказников, других охраняемых территорий и редких ландшафтов; 
      рационального использования собственниками земельных участков и землепользователями природоохранных технологий производства, правильного проведения ими комплекса организационно-хозяйственных, агротехнических, лесомелиоративных и гидротехнических противоэрозионных мероприятий по восстановлению и сохранению плодородия почв в целях недопущения причинения вреда окружающей природной среде и ухудшения экологической обстановки в результате хозяйственной деятельности; 
      обеспечения экологических требований при размещении и вводе в эксплуатацию новых и реконструируемых зданий, строений, сооружений и других объектов; 
      снятия, хранения и использования плодородного слоя почвы; 
      приведения земель, высвобождающихся по мере выработки промышленных запасов полезных ископаемых или других нарушающих процессов и работ в состояние, пригодное для дальнейшего использования их в соответствии с целевым назначением (рекультивацией нарушенных земель). В случаях безвозвратной утери плодородного слоя и ухудшения качественного состояния земель определяют причиненный вред земельным ресурсам и применяют соответствующие санкции; 
      исполнения природоохранных требований при использовании, хранении, транспортировке, размещении отходов производства и их потребления, а также перевозке токсичных материалов, веществ, в том числе биологических, опасных отходов и средств химизации; 
      охраны и использования растительных ресурсов; 
      использования в установленном порядке лимитов пользования лекарственным, пищевым и техническим растительным сырьем, выдачи разрешения на их заготовку в соответствии с утвержденными лимитами и квотами на основании проектов и материалов, имеющих положительное заключение государственной экологической экспертизы; 
      соблюдения юридическими и физическими лицами экологических требований водного законодательства и своевременного выполнения водоохранных мероприятий; 
      выполнения правил эксплуатации водохозяйственных систем и водохранилищ, крупных гидроузлов; 
      охраны, воспроизводства и использования животного мира, рыбных запасов и регулирования рыболовства, выполнения правил промышленного лова, спортивно-любительской охоты и рыболовства, порядка ведения охотничьего и рыбного хозяйства; 
      ведения рыбоводно-мелиоративных работ, акклиматизации рыб и кормовых организмов, спасения молоди промысловых рыб на основании материалов, имеющих положительное заключение государственной экологической экспертизы; 
      добычи редких и исчезающих видов в научных, культурно-просветительских и иных целях, по ввозу в республику и вывозу из нее диких животных, их частей и дериватов на основании материалов, имеющих положительное заключение государственной экологической экспертизы; 
      соблюдения правил создания зоологических коллекций животных, их частей и дериватов; 
      выполнения требований работы рыбоходов и других рыбопропускных сооружений при крупных гидроузлах и плотинах гидроэлектростанций; 
      ведения учета всех действующих, расположенных на рыбохозяйственных водоемах водозаборов; 
      проведения ихтиологических наблюдений на всех рыбохозяйственных водоемах; 
      наличия у природопользователей согласований и разрешений на использование природных ресурсов; 
      выполнения юридическими и физическими лицами мер по предотвращению гибели животных при хозяйственной деятельности (применение средств защиты растений, минеральных удобрений и других ядохимикатов) в местах обитания диких животных и на путях их миграции, на рыбохозяйственных водоемах (участках) на всей территории республики, включая находящиеся в ведении военных ведомств в установленном законодательством порядке; 
      соблюдения юридическими и физическими лицами установленного порядка изъятия объектов животного мира; 
      ведения государственного учета животных и их использования, а также ограничения или запрещения добычи отдельных видов диких животных с учетом состояния популяции; 
      соблюдения условий, установленных в разрешениях на добычу диких животных; 
      соблюдения требований законодательства добычи диких животных в научных, селекционных и хозяйственных целях, а также в целях регулирования их численности; 
      нормативно-методического обеспечения требований по охране окружающей природной среды; 
      координации работ служб государственного экологического контроля центральных и местных исполнительных органов; 
      2) согласовывает решения о выдаче лицензий на экспорт и импорт товаров в случаях и порядке, установленном Правительством Республики Казахстан; 
      3) в установленном порядке участвует в организации учета диких животных; 
      4) взаимодействует с общественными объединениями в области охраны окружающей природной среды; 
      5) обеспечивает материально-техническое снабжение подведомственных подразделений; 
      6) организует подготовку, переподготовку квалификации государственных инспекторов по охране природы, способствует развитию системы непрерывного экологического контроля. 
 

                                IV. Права 
 

        Агентство в пределах своих полномочий имеет право: 
      получать от министерств, государственных комитетов и иных центральных и местных исполнительных органов и организаций, а также должностных лиц необходимую информацию по вопросам охраны природных ресурсов в Республике Казахстан, а также по вопросам соблюдения ими требований природоохранного законодательства устанавливать по согласованию с Национальным статистическим агентством Министерства экономики и торговли Республики Казахстан порядок и требования к государственной системе учета и отчетности в области охраны окружающей природной среды и использования природных ресурсов; 
      принимать в пределах своей компетенции меры по привлечению нарушителей природоохранных требований к административной ответственности, рассматривать дела об административных правонарушениях; 
      выносить предписания об ограничении и приостановлении работы предприятий, сооружений и объектов, запрещении их ввода в эксплуатацию, ограничении или приостановлении хозяйственной и иной деятельности, осуществляемой с нарушениями экологических требований, или выносить предложения о прекращении этой деятельности; 
      предъявлять исковые требования и выступать истцом в судебных разбирательствах по делам о нарушениях требований природоохранного законодательства; 
      осуществлять контроль за соблюдением природоохранного законодательства в заповедниках, заказниках, национальных и природных парках, на других особо охраняемых территориях, независимо от их ведомственной принадлежности; 
      в установленном порядке производить задержание и досмотр транспортных средств, изъятие предмета, явившегося орудием совершения нарушений, незаконно добытой продукции, в том числе рыбной, доставлять нарушителей в соответствующие органы для установления их личности и составления протокола; 
      согласовывать в установленном порядке выдачу ежегодных разрешений на специальное водопользование с учетом заключений государственной экологической экспертизы, ввоз в Республику Казахстан и вывоз из нее экологически опасных веществ и отдельных видов природных ресурсов по утвержденному Правительством Республики Казахстан перечню; 
      выдавать в установленном порядке разрешения на лов рыбы для научно-исследовательских целей, отлов хищных видов рыб, акклиматизацию, зарыбление, рыборазведение, контрольные и тотальные ловы, отлов рыбы в замороопасных водоемах. Проводить контрольный лов рыбы для подтверждения обоснованности установленного режима рыболовства и выработки рекомендаций по рациональному использованию рыбных запасов; 
      осуществлять контроль за любительским и спортивным рыболовством; 
      участвовать в подготовке предложений о предоставлении права ведения охотничьего хозяйства и закрепления охотничьих угодий, предоставлении права на промысловый лов рыбы и других водных животных и закреплении рыбохозяйственных водоемов; 
      запрещать в установленном порядке действия, которые могут привести к гибели и сокращению численности редких и находящихся под угрозой исчезновения видов животных, нарушению среды их обитания, мест нахождения палеобиологичеоких остатков; 
      выдавать лицензии на экологически опасные виды хозяйственной деятельности, сбросы и выбросы вредных веществ в окружающую среду, в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, выдавать разрешение на природопользование; 
      в пределах своей компетенции выдавать разрешения на отлов животных для коллекционных целей (включая палеобиологические сборы); 
      выдавать в установленном порядке разрешения на заготовку дикорастущих растений, их частей и семян для пищевых целей, лекарственного и технического сырья, а также других целей на землях сельскохозяйственного назначения и госземзапаса; 
      выдавать в установленном порядке разрешения на изъятие дикорастущих растений и их частей, занесенных в Красную книгу Республики Казахстан, а также эфедры и солодки на землях всех категорий; 
      приостанавливать работы, при проведении которых нарушаются правила, нормы и иные требования по охране, воспроизводству и использованию животного мира, сохранению среды обитания животных, условий их размножения и путей миграции, до устранения нарушений; 
      беспрепятственно посещать (при предъявлении служебных удостоверений) организации и другие объекты, (в том числе в установленном порядке военные и оборонные объекты), независимо от форм собственности и подчинения, в целях осуществления государственного контроля; 
      проверять соблюдение условий, установленных в лицензиях на пользование природными ресурсами и осуществление отдельных видов деятельности в области охраны окружающей среды, выполнение договоров (контрактов) и разрешений на природопользование, аннулировать их в установленном порядке, давать предписания или вносить предложения об их аннулировании; 
      вносить в соответствующие финансово-кредитные организации предписания о прекращении финансирования строительства и эксплуатации объектов, хозяйственной и иной деятельности, осуществляемой с нарушением экологических требований или без положительного заключения экологической экспертизы; 
      участвовать в организации работ по разработке и совершенствованию правовых и нормативно-методических документов в области охраны окружающей природной среды и использования природных ресурсов; 
      подготавливать предложения по реализации проектов государственных программ и прогнозов Республики Казахстан по вопросам охраны окружающей природной среды и использования природных ресурсов; 
      вносить предложения по созданию, реорганизации и ликвидации подведомственных организаций в установленном законом порядке; 
      организовывать и осуществлять в пределах своей компетенции взаимодействие с международными экологическими организациями, иностранными юридическими лицами, участвовать в межгосударственном сотрудничестве по выполнению принятых Республикой Казахстан соглашений и конвенций, других экологических программ и проектов. 
      Лица, осуществляющие государственный контроль в области охраны окружающей среды, обеспечиваются форменным обмундированием со знаками различия и служебными удостоверениями единого образца, подлежат обязательному страхованию, имеют право на возмещение ущерба в установленном порядке и в случае гибели или увечья. 
      В предусмотренных законодательством случаях лица, осуществляющие контроль в области охраны окружающей среды, имеют право на хранение, ношение и применение специальных средств и огнестрельного оружия. 
 

                          V. Организация работы 
 

        Агентство возглавляет Директор, являющийся одновременно Главным государственным инспектором Республики Казахстан по охране окружающей среды, который назначается на должность и освобождается от должности Правительством Республики Казахстан по представлению Министра экологии и биоресурсов Республики Казахстан. 
      Директор Агентства имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности Министром экологии и биоресурсов Республики Казахстан по представлению Директора Агентства. 
      Директор Агентства организует и осуществляет руководство работой Агентства и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Агентство задач и осуществление им своих функций. В этих целях Директор Агентства: 
      определяет обязанности и степень ответственности своего заместителя и руководителей структурных подразделений Агентства; 
      назначает на должность и освобождает от должности работников центрального аппарата Агентства, руководителей и заместителей подведомственных структурных подразделений (областного, межрайонного и районного уровня); 
      налагает дисциплинарные взыскания; 
      в пределах своей компетенции издает приказы, утверждает структуру и штаты подведомственных Агентству организаций, а также их положения; 
      в пределах своей компетенции представляет Агентство в государственных органах и организациях в соответствии с действующим законодательством; 
      вносит предложения Министру экологии и биоресурсов Республики Казахстан о создании и ликвидации структурных подразделений; 
      принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции. 
      В отсутствие Директора Агентства его функции выполняет заместитель. 
      Штатная численность Агентства определяется и утверждается Министром экологии и биоресурсов Республики Казахстан. 
      Ликвидация и реорганизация Агентства производится в установленном законодательством порядке. 

                                               Утвержден

                                       постановлением Правительства

                                           Республики Казахстан

                                       от 18 сентября 1997 г. N 1350
 

                                 Перечень 

              организаций, находящихся в ведении Агентства

            по государственному экологическому контролю,

              охране, воспроизводству и использованию

           биологических ресурсов Министерства экологии и

                  биоресурсов Республики Казахстан

       Республиканская специализированная лаборатория аналитического

контроля

     Зайсаниртышское межобластное бассейновое управление по

охране рыбных запасов и регулированию рыболовства

     Илибалхашское межобластное бассейновое управление по охране

рыбных запасов и регулированию рыболовства

     Уралокаспийское межобластное бассейновое управление по охране

рыбных запасов и регулированию рыболовства

     Акмолинская областная государственная инспекция по охране,

воспроизводству и использованию животного мира

     Актюбинская областная государственная инспекция по охране,

воспроизводству и использованию животного мира

     Алматинская областная государственная инспекция по охране,

воспроизводству и использованию животного мира

     Атырауская областная государственная инспекция по охране,

воспроизводству и использованию животного мира
 

        Восточно-Казахстанская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Жамбылская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Западно-Казахстанская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Карагандинская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Кызылординская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Костанайская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Мангистауская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Павлодарская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Северо-Казахстанская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира 
      Южно-Казахстанская областная государственная инспекция по охране, воспроизводству и использованию животного мира