Қазақстан Республикасында май құю станцияларын ұстау мен пайдалану жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 19 қыркүйек N 1352. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200  Z952200_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасында май құю станцияларын ұстау мен пайдалану жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн және ол 1997 жылдың 1 қарашасынан бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  P951894_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат): 
      аталған қаулыға 1-қосымшаға: 
      3-бағандағы, реттiк нөмiрi 3-жол мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "май құю станцияларын ұстау мен пайдалану"; 
      3-бағандағы, реттiк нөмiрi 27-жолдан: 
      "май құю станцияларын ұстау мен пайдалану" деген сөздер алынып тасталсын; 
      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 қаңтардағы N 25   P970025_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 1, 7-құжат):
     2-тармақтың төртiншi абзацы алынып тасталсын.
     3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар өздерiнiң шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiрсiн.

      Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары

                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 19 қыркүйектегi
                                          N 1352 қаулысымен
                                             бекiтiлген

        Май құю станцияларын ұстау және оларды пайдалану жөнiндегi
        кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды
                     берудiң тәртiбi мен шарттары туралы
                                ЕРЕЖЕ

     I. Жалпы ережелер

      1. Лицензия алушыға (лицензиатқа) Қазақстан Республикасында май құю станцияларын ұстау және пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияны берудi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - лицензиар) жүргiзедi. 
      2. Меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың мұнай өнiмiне, сұйық газға және сығылған газға деген сұранысын қанағаттандыру жолымен таза пайда алуға бағытталған стационарлық, контейнерлiк және жылжымалы май құю станцияларын ұстау мен пайдалану жөнiндегi бастамашы қызметi лицензиялануға жатады. 
      3. Егер заңдарда өзгеше көзделмесе, май құю станцияларында жүзеге асырылатын көлiк құралдарының тораптары мен агрегаттарының диагностикасы, шиналарды үрлеу және жел толтыру, доңғалақтарға балансировка жасау жөнiндегi қызметтер және басқа да қызметтер лицензиялауға жатпайды. 
      4. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және халықаралық ұйымдар лицензиялау субъектiлерi болып табылады. 

      II. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртiбi 

      5. Май құю станцияларын ұстауға және пайдалануға арналған лицензия, бiлiктiлiк деңгейi қызметтiң осы түрi үшiн қойылатын талаптарға сәйкес келетiн азаматтар мен заңда тұлғаларға берiледi. 
      6. Iс-әрекет етудiң өтiнiш жасалған аумақтық аясына байланысты лицензия Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына не оның аумағының белгiлi бiр бөлiгiне қолданылуы мүмкiн. Стационарлық және контейнерлiк май құю станциялары бөлiнген жер учаскелерiнiң шегiнде орналасады, жылжымалы май құю станциялары қызметтiң осы түрi үшiн белгiленген тәртiппен, тыйым салынбаған аумақтардың шегiнде орналасады. 
      Лицензия кемiнде үш ай мерзiмге берiледi. Жылжымалы май құю станцияларына арналған лицензияларды қолдану мерзiмi бiр жылдан аспайды. Стационарлық және контейнерлiк май құю станцияларына арналған лицензиялардың қолданылу мерзiмi шектелмейдi. 
      Лицензия шетелдiк заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларға секiлдi, салық есебiне дәл сондай жағдайларда және дәл сондай тәртiпте қойған соң берiледi. 
      7. Лицензиялық алымның, сондай-ақ лицензиялық органның пайдасына аударымдардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. 
      Лицензиялық алымды лицензиат лицензияны алғанға дейiн енгiзедi. Лицензиялық алымды төлеудiң тәртiбi салық заңдарымен айқындалады. 
      8. Лицензия қатаң есептiлiк құжаты болып табылады және басқа адамға берiлуге жатпайды. 
      9. Лицензиат лицензияны жоғалтып алған жағдайда, лицензияланатын қызметтi жалғастыру үшiн 10 күн мерзiмде тиiстi дубликат беру туралы өтiнiш беруге мiндеттi. Дубликатты берудiң тәртiбiн лицензиар айқындайды және лицензиялық алым сомасының 50 процентi мөлшерiнде қосымша ақыға жүзеге асырылады. 

      III. Жауапкершiлiк және бақылау 

      10. Май құю станцияларын ұстау және пайдалану жөнiндегi қызметпен лицензиясыз не лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып айналысу - заңдармен белгiленген жауапкершiлiкке алып барады. 
      11. Лицензиат Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын, стационарлық, контейнерлiк және жылжымалы май құю станцияларының қолданылып жүрген техникалық пайдалану ережелерiн және өрт қауiпсiздiгiн, отын-май жағу материалдарын қабылдау, сақтау және босату ережелерiн сақтауға мiндеттi.
     12. Лицензиялауды талап ететiн, қызметтi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған табыс уәкiлеттi мемлекеттiк органның талап етуi бойынша алып қоюға жатады.
     13. Лицензиаттың лицензиялау туралы заңдарды сақтауына бақылау жасауды лицензиар жүзеге асырады.

     IV. Май құю станцияларын ұстау және пайдалану жөнiндегi
         кәсiпкерлiк қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

     14. Лицензиат әрбiр май құю станциясында мыналардың болуын қамтамасыз етуге тиiс:
     отын-май жағу материалдары мен арнайы сұйықтың сапасының сертификаты;
     есеп құжаты;
     өлшеу жабдығының стандарттау жөнiндегi мемлекеттiк органдарда тексерiлгенi туралы құжаттың көшiрмесi;
      май құю станциясының жауапты адамының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi техникалық минимумды тапсырғандығын растайтын мемлекеттiк өрт қадағалау органдарының берген құжаттың көшiрмесi; 
      мемлекеттiк экологиялық қадағалау органдары қорытындысының көшiрмесi. 
      15. Стационарлық және контейнерлiк май құю станциялары объектiлерiнiң орналасуы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес болуы тиiс. 
      16. Жылжымалы май құю станциялары босатылатын мұнай өнiмдерiн, сұйық және сығылған газды өлшеу құрылғыларымен жарақтандырылған, арнаулы жылжымалы құрамның базасында ғана ұйымдастыруы мүмкiн. 
      17. Жылжымалы май құю станцияларына қызмет көрсететiн адамның тиiстi көлiк құралының жүргiзушiсi ретiндегi жұмыс стажы кемiнде 3 жыл болуы және қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн арнаулы әзiрлiктен өткенi туралы куәлiгi болуы тиiс. 
      18. Май құю станцияларының қызметi көлiк пен жаяу жүргiншiлердiң қалыпты қозғалысына, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың жұмыс iстеуiне кедергi келтiрмеуi тиiс. 

Об утверждении Положения о лицензировании предпринимательской деятельности по содержанию и эксплуатации заправочных станций в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 1997 г. N 1352. Утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N 646

 

  Постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 1997 г. N 1352 утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N  646 .
 

        В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 17 апреля 1995 г. N 2200  Z952200_ "О лицензировании" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 37) Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Утвердить прилагаемое Положение о лицензировании предпринимательской деятельности по содержанию и эксплуатации заправочных станций в Республике Казахстан и ввести его в действие с 1 ноября 1997 года. 
      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения и изменения: 
      в постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 г. N 1894  P951894_ "О реализации постановления Президента Республики Казахстан от 17 апреля 1995 г. N 2201" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 41, ст. 515): 
      в приложении 1 к указанному постановлению: 
      в графе 3 строки, порядковый номер 3, дополнить абзацем следующего содержания: 
      "содержание и эксплуатация заправочных станций"; 
      в графе 3 строки, порядковый номер 27, исключить слова "содержание и эксплуатация заправочных станций"; 
      в постановлении Правительства Республики Казахстан от 9 января 1997 г. N 25  P970025_ "О дополнительных мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О лицензировании" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 1, ст. 7): 
      абзац четвертый пункта 2 исключить. 
      3. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, местным исполнительным органам привести свои решения в соответствие с настоящим постановлением. 

    Первый заместитель

      Премьер-Министра

    Республики Казахстан

                                       Утверждено

                               постановлением Правительства

                                   Республики Казахстан

                               от 19 сентября 1997 г. N 1352
 

                                  Положение 
                  о порядке и условиях выдачи лицензии 
            на осуществление предпринимательской деятельности 
                      по содержанию и эксплуатации 
                           заправочных станций 
 

                             I. Общие положения 
 

        1. Выдача лицензии получателю лицензии (лицензиату) на осуществление деятельности по содержанию и эксплуатации заправочных станций в Республике Казахстан производится Министерством транспорта и коммуникаций Республики Казахстан и его территориальными органами (далее - лицензиар). 
      2. Лицензированию подлежит инициативная деятельность физических и юридических лиц, независимо от форм собственности, по содержанию и эксплуатации стационарных, контейнерных и передвижных заправочных станций, направленная на получение чистого дохода путем удовлетворения спроса на нефтепродукты, сжиженный и сжатый газ. 
      3. Не подлежат лицензированию услуги по диагностике узлов и агрегатов транспортных средств, подкачке и вулканизации шин, балансировке колес и другие услуги, осуществляемые на заправочных станциях, если иное не предусмотрено законодательством. 
      4. Субъектами лицензирования являются граждане и юридические лица Республики Казахстан, иностранные юридические лица, иностранные граждане, лица без гражданства и международные организации. 
 

                    II. Условия и порядок выдачи лицензии 
 

        5. Лицензия на содержание и эксплуатацию заправочных станций предоставляется гражданам и юридическим лицам, квалификационный уровень которых соответствует предъявляемым требованиям для данного вида деятельности. 
      6. В зависимости от заявленной территориальной сферы действия лицензия может быть действительна на всей территории Республики Казахстан либо на определенной части ее территории. Стационарные и контейнерные заправочные станции располагаются в пределах отвода земельных участков, передвижные заправочные станции располагаются в пределах территорий, не запрещенных в установленном порядке для данного вида деятельности. 
      Лицензия выдается на срок не менее трех месяцев. Срок действия лицензии для передвижных заправочных станций не может превышать одного года. Сроки действия лицензии для стационарных и контейнерных заправочных станций не ограничиваются. 
      Лицензия выдается иностранным юридическим и физическим лицам, а также лицам без гражданства после постановки их на налоговый учет на таких же условиях и в таком же порядке, как юридическим и физическим лицам Республики Казахстан. 
      7. Размер лицензионного сбора, а также отчислений в пользу лицензионного органа определяется Правительством Республики Казахстан. 
      Лицензионный сбор вносится лицензиатом до получения лицензии. Порядок уплаты лицензионного сбора определяется налоговым законодательством. 
      8. Лицензия является документом строгой отчетности и не подлежит передаче другому лицу. 
      9. В случае утраты лицензии лицензиат для продолжения лицензируемой деятельности обязан в 10-дневный срок подать заявление о выдаче соответствующего дубликата. Порядок выдачи дубликата определяется лицензиаром и осуществляется за дополнительную плату в размере 50 процентов от суммы лицензионного сбора. 
 

                       III. Ответственность и контроль 
 

        10. Занятие деятельностью по содержанию и эксплуатации заправочных станций без лицензии либо с нарушением лицензионных норм и правил влечет установленную законодательством ответственность. 
      11. Лицензиат обязан соблюдать требования законов и других 

  нормативных правовых актов Республики Казахстан, действующие правила

технической эксплуатации стационарных, контейнерных и передвижных

заправочных станций и пожарной безопасности, правила приема, хранения и

отпуска горюче-смазочных материалов.

     12. Доход, полученный от осуществления деятельности, требующей

лицензирования, без лицензии подлежит изъятию в соответствующий бюджет

по иску уполномоченного государственного органа.

     13. Контроль за соблюдением лицензиатом законодательства о

лицензировании осуществляет лицензиар.

           IV. Квалификационные требования к предпринимательской

               деятельности по содержанию и эксплуатации

                          заправочных станций

       14. Лицензиат должен обеспечить наличие на каждой заправочной

станции:

     сертификата качества на горюче-смазочные материалы и специальные

жидкости;

     учетного документа;

     копии документа о поверке измерительного оборудования в

государственных органах по стандартизации;

     копии документа, подтверждающего сдачу ответственным лицом

заправочной станции технического минимума по пожарной безопасности,

выданного органами государственного пожарного надзора;

     копии заключения органов государственного экологического надзора.
 

        15. Расположение объектов стационарных и контейнерных заправочных станций должно соответствовать проектно-сметной документации. 
      16. Передвижные заправочные станции могут быть организованы только на базе специализированного подвижного состава, оснащенного устройствами измерения отпускаемых нефтепродуктов, сжиженного и сжатого газа. 
      17. Лицо, обслуживающее передвижные заправочные станции, должно иметь стаж работы в качестве водителя соответствующего транспортного средства не менее 3 лет и свидетельство о прохождении специальной подготовки для осуществления перевозки опасных грузов. 
      18. Деятельность заправочных станций не должна препятствовать нормальному движению транспорта и пешеходов, функционированию предприятий, учреждений, организаций.