"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 қаңтардағы N 25 Қаулысы. Күші жойылды - Қзақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Лицензиар мемлекеттiк органдар 1997 жылдың 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiмен және Әдiлет министрлiгiмен келiсе отырып, мыналарды:
      лицензиялауға жататын қызметтiң нақты бiр түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын енгiзе отырып, лицензия берудiң тәртiбi мен шарттарын;
      лицензияланатын қызмет түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiн;
      лицензияның қолданылу мерзiмi шектелiп берiлетiн лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң тiзбесiн;
      берiлетiн лицензиялардың күшi әкiмшiлiк аумақтар шеңберiнде шектелетiн лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң тiзбесiн бекiтуге ұсынатын болсын.
      Лицензия берудiң тәртiбi мен шарттарын әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының аумағында күшi бар тұрақты лицензияларды (жекелеген қызмет түрлерiн қоспағанда) бiр, бiрнеше немесе барлық қызмет түрлерiн орындауға бiр лицензиар мемлекеттiк органның құзыретi шегiнде беру, сондай-ақ лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiктердi тиiстi аумақтық басқару органдарына беру көзделсiн.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 P951894_ қаулысына сәйкес облыстар мен Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органдары лицензиялауды жүзеге асыратын қызмет түрлерiне лицензия берудiң тәртiбi мен шарттарын әзiрлеуге өкiлеттiк берiлген органдар болып мыналар белгiленсiн:
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi - қоғамдық тамақтандыру пункттерiнiң қызметi бойынша;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi - тотализаторлар мен казинолар қызметiн ұйымдастыру бойынша;
 
            Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi - этил спиртiн сақтау мен сату, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сату бойынша.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
               1997.07.31. N 1196 қаулысымен. P971196_
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 4 абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1997.09.19. N 1352 қаулысымен. P971352_
 
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1997 жылдың 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде жергiлiктi атқарушы органдардың лицензиялауына жататын (лотерея өткiзуден басқа) лицензияланатын қызмет түрлерi бойынша лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттарын, сондай-ақ осындай қызмет түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң және Әдiлет министрлiгiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынатын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң және Әдiлет министрлiгiнiң келiсуiмен санитарлық, экологиялық және тау-кен-техникалық қадағалау органдарының жоғарыда аталған қаулыда көзделген лицензияланатын қызмет түрлерiне қорытынды берудiң тәртiбi мен шарттарын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынатын болсын.
      5. Осы қаулы шыққанға дейiн берiлген лицензиялар қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күшiнде болады және лицензия берудiң жаңа тәртiбi мен шарттарын бекiту қызметтiң белгiлi бiр түрiне қайталап лицензия алуды (тұрақты негiзде берiлген лицензияларды қоспағанда) талап ету үшiн негiз бола алмайды деп белгiленсiн.
      6. Егер жеке және заңды тұлғалар мердiгерлерiнiң қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар болса, онда бұл тұлғалардан мұндай лицензиялар алу талап етiлмейдi деп белгiленсiн.
      7. Лицензиар-мемлекеттiк органдарға өзiнiң жанынан лицензия беру мәселелерiмен шұғылданатын шаруашылық есептегi құрылымдар құруға тыйым салынсын.
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төлеу тәртiбi туралы ережеге лицензия беру жөнiндегi шығасыларды жабатын лицензиялық алым мөлшерiн белгiлеудi ескере отырып, өзгерiстер енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi лицензиар-мемлекеттiк органдармен бiрге мiндеттi түрде лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне олардың санын нақтылау мен экономикалық жағынан мақсатқа сай келуiн ескере отырып, қысқарту мақсатында талдау жасасын, қажет болған жағдайда қолданылып жүрген заңдарды өзгерту жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады