Республикалық бюджетте тұратын ұйымдардың олардың көрсеткен қызметтерi мен берген тауарлары үшiн ұйымдардың алдындағы берешектерiне есеп жүргiзудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджетте тұратын ұйымдардың ұйымдарға (тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi берушiлерге) пайда болған берешектерiн оларды соңғыларының республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiн өтеуi есебiне есептеу жолымен өтеудiң тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi бюджеттер бойынша берешектердiң есебiн жүргiзудiң осындай тәртiбiн әзiрлесiн және оны белгiленген ретпен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
3. "Республикалық жергiлiктi бюджеттерде тұратын мекемелердiң
ұйымдарға (берушiлерге) пайда болған берешектерiн оларды соңғыларының
бюджетке төленетiн төлемдер жөнiндегi берешектерiн өтеуi есебiне
есептеу арқылы өтеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 маусымдағы N 719 қаулысының күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 қыркүйектегi
N 1393 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджетте тұратын ұйымдардың ұйымдарға
(тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi берушiлерге)
пайда болған берешектерiн оларды соңғыларының республикалық
бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiн өтеуi
есебiне есептеу жолымен өтеудiң
ТӘРТIБI
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп республикалық бюджеттiң, республикалық бюджетте тұратын ұйымдардың және тауарларды беретiн, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететiн ұйымдардың (бұдан әрi - ұйымдар (берушiлер) есептеулер жүргiзу жолымен өзара берешектерiн өтеуi кезiндегi өзара қатынасын реттейдi.
2. Бюджеттiк ұйымдардың берiлген тауарлар, көрсетiлген қызметтер және орындалған жұмыстар үшiн ұйымдардың - берушiлердiң алдындағы берешектерiн соңғыларының республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiн өтеуi есебiне есептеу бюджеттiк ұйымдар шығыстары сметаларының тиiстi ерекшелiгi мен ұйымдардың - берушiлердiң республикалық бюджеттiң алдындағы берешектерiнiң сомалары бойынша республикалық бюджетте көзделген шығыстар лимиттерiнiң шегiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының негiзiнде жүргiзiледi.
3. Бюджеттiк ұйымдардың берешектерiне жүргiзiлген есептеудiң сомалары қары жоспарын құрудың және қолма-қол ақша құйылуын болжаудың тәртiбiн реттейтiн қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге сәйкес, оларды кейiн республикалық бюджеттен қаржыландыру кезiнде мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, басқа да мемлекеттiк органдарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдарына және ұйымдарға (бұдан әрi - министрлiктерге (ведомстволарға)) берiлетiн қазынашылық рұқсаттарда;
министрлiктердiң (ведомстволардың) рұқсаттарында;
бюджеттiк қаражаттарды төменде тұрған бөлушiлердiң рұқсаттарында көрсетiледi.
II. Өзара берешектердiң есебiн жүргiзудiң тәртiбi
4. Берешектердiң есебi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасында бөлуге жататын жалпы мемлекеттiк салықтарды қоспағанда тек республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша ғана жүргiзiледi.
5. Министрлiк (ведомство) республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша несиелiк берешектерi бар ұйыммен (берушiмен) бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң есеп жүргiзу туралы шешiмiнiң жобасын дайындайды, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде, Экономика министрлiгiнде және Әдiлет министрлiгiнде келiседi. Қаулының келiсiлген жобасы белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi көрсетiлген қаулыны қабылдағаннан кейiн министрлiк (ведомство) ведомстволық бағыныстағы бюджеттiк ұйымдар мен ұйымға (берушiге) олардың өткiзiлетiн есептеуге кiргiзiлетiндiгi туралы жазбаша хабарлайды.
6. Республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегi бар ұйым (берушi) есеп жүргiзу үшiн, оның алдында берешегi бар бюджеттiк ұйымға қызмет көрсететiн облыстық (Алматы және Ақмола) қалалық Қазынашылық басқармасына мынадай құжаттарды:
салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының: толық түспеудi, есептелген айыппұлдар мен үстемелердi бөлiп көрсету арқылы салықтар және республикалық бюджетке төленетiн басқа да төлемдер жөнiндегi берешектердiң бар екендiгi туралы анықтамасын;
ұйымдар (берушiлер) мен бюджеттiк ұйымдардың арасындағы берешектердi салыстыру актiсiн. Ұйым (берушi) бюджеттiк ұйымдардан берешектердi талап ету құқығын басқа заңды тұлғаға берген жағдайда, республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегi бар соңғысы сонымен бiрге ұйым (берушi) мен аталған заңды тұлғаның арасындағы берешектердi салыстыру актiсiн, талап ету құқығын беру туралы келiсiмнiң нотариалдық расталған көшiрмесiн ұсынады;
министрлiктiң (ведомствоның) бюджеттiк ұйым мен ұйымның (берушiнiң) жүргiзiлетiн есептеуге кiргiзiлгендiгi туралы жазбаша хабарлауының көшiрмесiн;
бюджеттiк ұйымның, ұйымның (берушiнiң) және республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегi бар, кредитордың құқығы (егер ондай болса) ауысқан заңды тұлғаның арасында есеп жүргiзу туралы шартты (1-қосымша) ұсынады. Шартты осы тармақта көрсетiлген құжаттардың негiзiнде ұйым (берушi) ресiмдейдi.
7. Облыстық (Алматы және Ақмола қалалық) Қазынашылық басқармасы бюджеттiк ұйымның орналасқан жерi бойынша шарттарды тiркеу журналына тiркейдi, оларды бюджеттiк ұйым қол астындағы министрлiктер (ведомстволар) бойынша тексередi, топтайды және тiркеу журналына белгi соғу арқылы бес данада тиiстi министрлiкке (ведомствоға) жолдайды.
8. Ұйымның (берушiнiң) алдында берешегi бар бюджеттiк ұйым қол астындағы министрлiк (ведомство) есептеуге қатысатын әрбiр бюджеттiк ұйымның сметасында көзделген сомалардың шегiнде және есептеулер жүргiзу туралы шарттардың негiзiнде үш данада шарттардың тiзiлiмi (3-қосымша) мен бес данада есептеу жүргiзу туралы шарт (1-қосымша), қоса берiлетiн төрт данада өзара берешектердi өтеу туралы келiсiмдi (бұдан әрi - келiсiм) (2-қосымша) ресiмдейдi және оларды қол қоюға және тiркеуге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жолдайды.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi алынған келiсмдердi тiркейдi, аталған министрлiк (ведомство) бойынша қаражаттың бар екендiгiн тексередi, министрлiктерге (ведомстволарға) шығыстардың бюджеттiк жiктелуiнiң тиiстi кодтары бойынша есептеу сомаларын көрсететiн Қазынашылық рұқсаттар бередi.
10. Министрлiк (ведомство) әрбiр ведомстволық бағыныстағы ұйымға министрлiктiң (ведомствоның) рұқсатын беру жолымен жүргiзiлген есептеудiң сомасы туралы хабарлайды. Бюджеттiк қаражатты төменде тұрған бөлушiлердiң рұқсаты министрлiктердiң (ведомстволардың) рұқсаттары сияқты рәсiмделедi. Министрлiктер мен ведомстволар бiр уақытта лимиттердiң бөлiнуiн бақылау көрсеткiшiсiне "Есептеу түрiнде" деген белгi соғады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне, Алматы қалалық және Ақмола облыстық Қазынашылық басқармаларына қазынашылық рұқсаттарда көрсетiлген есептеулер сомасын министрлiктер (ведомстволар) немесе төменде тұрған лимиттердi бөлушiлер осы Тәртiптiң 8-тармағына сәйкес шарттардың тiзiлiмiнде көрсетiлген ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға ғана бөлуiне және жолдауына бақылау жасау жүктеледi.
11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi ресiмделген келiсiмдердiң негiзiнде көрсетiлген сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде "есептеу" бағанында көрсету жөнiнде бухгалтерлiк жазба жүргiзедi.
12. Есепке қабылданған келiсiмге кiргiзiлген есептеу жүргiзу туралы шарттар төрт данада тиiстi облыстық (Алматы және Ақмола қалалық) Қазынашылық басқармаларына жолданады, ал соңғысы қол қойғызу немесе iлеспе хат арқылы: бiр данасын - есептеуге қатысқан бюджеттiк ұйымға, екi данасын - шарттың бiр данасын бюджетке салық төлеушiге беретiн облыстық салық басқармасына бередi. Шарттың бiр данасы облыстық (Алматы және Ақмола қалалық) Қазынашылық басқармасының iс қағаздарында қалады, оған салыстыру актiлерi, салықтар бойынша берешектiң бар екендiгi туралы салық органының анықтамасы және министрлiктiң (ведомствоның) хабарлауы қоса тiгiледi.
13. Шарт есептеуге қатысқан ұйымдардағы берешектердi есептен
шығару жөнiнде, сондай-ақ салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша
салық органындағы салық төлеушiнiң жеке шотына шартта көрсетiлген
және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi келiсiмге кiргiзген
сомада бухгалтерлiк жазба жүргiзу үшiн негiз болып табылады.
14. Салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органы есептеу
жүргiзу туралы шартты алған кезде салық төлеушiнiң кәртiшкенiң
жиегiнде "есептеу түрiнде" деген белгiсi бар жеке шотының тиiстi
кәртiшкесiндегi аталған ұйым бойынша берешектi өтейдi.
III. Бухгалтерлiк есеп және есептiлiк
15. Берешектердi есептеудi бухгалтерлiк есепте көрсетудiң және
есептiлiктiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
белгiленген тәртiпте қабылданған нормативтiк актiлерiмен реттеледi.
1-қосымша
Есептеу жүргiзу туралы
N ________ ШАРТ
Күнi _______________
____________________________________________________________________
Бюджеттiк ұйымның жетi орынды бюджеттiк жiктеу коды мен
орналасқан жерi көрсетiлген атауы
____________________________________________________________________
Министрлiктiң (ведомствоның) атауы
____________________________________________________________________
Бюджетке салық төлеушi үйымның атауы мен орналасқан жерi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 199___ жылғы "___"___________
қаулысының негiзiнде мына төмендегiлер туралы шарт жасасты:
Бюджеттiк ұйым ________________________________________________
өзiне салық төлеушi ұйымның салықтардың мына түрлерi бойынша
республикалық бюджетке төленетiн төлемдер жөнiндегi берешектерiн өтеу
туралы мiндеттеме қабылдайды:
____________________________________________________________________
Төлемнiң түрi | Бюджеттiк жiктеу | Есептеудiң сомасы,
| коды | теңге
_____________________|_______________________|______________________
| |

БАРЛЫҒЫ: | |
_____________________|_______________________|______________________
сомасы (жазумен) ______________________________________________
Бөлiнген лимиттердiң есебiнен:
____________________________________________________________________
Бюджеттiк жiктеу | Есептеудiң сомасы,
коды | теңге
__________________________________|_________________________________
|

БАРЛЫҒЫ: |
__________________________________|_________________________________
сомасы (жазумен) ______________________________________________
Осы шарт 5 данада жасалды.
Қолдары:
Бюджеттiк Берушi Бюджетке салық
ұйым ұйым төлеушi
_____________ _____________ _____________
М.О. М.О. М.О.
Облыстық Облыстық
(Алматы қалалық) (Алматы қалалық)
Қазынашылық басқармасы салық басқармасы
__________________ __________________
М.О. М.О.
___________________________________________________________________
| Осы шарт 199__ жылғы "____"_______________ N__________ өзара |
|берешектердi өтеу туралы келiсiмге енгiзiлген және төлемдiк |
|тапсырманы алмастырады, сондай-ақ есептеуге қатысатын ұйымдардағы |
|және төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарындағы жеке |
|шоттарындағы кредиторлық берешектердi есептен шығару жөнiнде |
|бухгалтерлiк жазба жүргiзу үшiн негiз болады. |
|___________________________________________________________________|
Қолдары:
Бюджеттiк департаменттiң Қазынашылық департаменттiң
директоры директоры
М.О.
Даналарды бөлу:
Бiрiншiсi - Қазынашылық департаментi үшiн
Екiншiсi - облыстық (Алматы қалалық) қазынашылық
басқармасы үшiн
Үшiншiсi - бюджеттiк ұйым үшiн
Төртiншiсi - Салық комитетi үшiн
Бесiншiсi - салық төлеушi үшiн
2-қосымша
Өзара берешектердi өтеу туралы
N _________ КЕЛIСIМ
199__ жылғы "___"___________
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен
____________________________________________________________________
(лимиттердi бас бөлушiнiң атауы) коды
соңғысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 199___ жылғы
"____"_____________ N _________ қаулысының негiзiнде республикалық
бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектердi өтеу жөнiнде өзiне
мiндеттеме қабылдайтындығы туралы келiстi
____________________________________________________________________
(төлеушiнiң атауы мен оның орналасқан жерi)
мынадай төлем түрлерi бойынша (теңге):
___________________________________________________________________
| N |Төлемнiң түрi | Бюджеттiк жiктеудiң | Есептеу сомасы
|р/н| | коды |
|___|________________|_______________________|______________________
| | | |

| |ЖИЫНЫ: | |
|___|________________|_______________________|______________________
Жиыны: ________________________________________________________
сомасы (жазумен)
қаржы есебiне:
__________________________________________________________________
|Бюджеттiк жiктеу|есептеу |Бюджеттiк жiктеу|есептеу |
|коды |сомасы, теңге |коды |сомасы, теңге |
|________________|________________|________________|_______________|
| | | | |

|Жиыны: | |Жиыны: | |
|________________|________________|________________|_______________|
|Барлығы: | |
|__________________________________________________|_______________|
Барлығы (жазумен) ____________________________________________
2. Осы Келiсiм Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi
республикалық бюджет бойынша түскен кiрiстер мен жүргiзiлген кассалық
шығыстар жөнiнде бухгалтерлiк операциялар жүргiзуi үшiн негiз болады.
Тараптардың мөрлерi мен қолдары:
Қазақстан Республикасының Лимиттердi бас
Қаржы министрлiгi бөлушi
________________________ ________________________
(қолы, лауазымы және (қолы, лауазымы және
аты-жөнi) аты-жөнi)
М.О. М.О.
Осы Келiсiм Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiнде
тiркелдi.
қолы _______________
Келiсiм төрт данада жасалды.
Бiрiншiсi - Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi үшiн
Екiншiсi - Бюджеттiк департмент үшiн
Үшiншiсi - Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi үшiн
Төртiншiсi - Лимиттердi бас бөлушi үшiн
3-қосымша
Шарттардың тiзiлiмi
________________________ _________________________________
(Министрлiктiң атауы) |Осы тiзiлiмнiң шарттары ________ |
|күнгi N _______ келiсiмге кiргi. |
|зiлдi, _______________ парақтан |
|тұрады және ____________ теңге |
| (санмен) |
|сомаға |
|_________________________________|
___________________________________________________________________
NN |Шарттардың|Күнi | Бюджеттiк ұйым |Лимиттi бөлушiнiң |
р/с| N | |________________________|атауы (Ф2а) (қажет |
| | |Орналасқан|Жетi |Атауы|болған жағдайда |
| | |жерi |орынды | | |
| | | |коды | | |
____|__________|_____|__________|_______|_____|____________________|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |

|Жиыны: | | | | | |
____|__________|_____|__________|_______|_____|____________________|
___________________________________________
Салық төлеушi |Төлемнiң |Сомасы, |
___________________|түрi, |теңге |
Атауы |Орналасқан|кiрiстердiң | |
|жерi |коды | |
________|__________|_____________|_________|
8 | 9 | 10 | 11 |

Жиыны: | | | |
________|__________|_____________|_________|
Жиыны (жазумен)_______________________________________________
қолдары
____________________ ___________________________
Қаржы министрлiгiнiң министрлiк (ведомство)
Қазынашылық департаментi