1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда белгiленген тәртiппен:
лицензиялық шарттардың орындалмауына және жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарттарының жасалмауына байланысты "Балқаш" тау-кен компаниясынан Бескемпiр, Ақсақал кен орындарына арналған, "Васильков КБК" акционерлiк қоғамынан - Васильков кен орнына арналған және "Думан-Шуақ" бiрлескен кәсiпорнынан - Светинское және Думан-Шуақ кен орындарына арналған лицензияларды қайтып алсын;
"Алтыналмас АК" акционерлiк қоғамына Жамбыл облысының Ақбақай аймағының Бескемпiр, Ақсақал, Светинское және Думан-Шуақ кен орындары, сондай-ақ Көкшетау облысының Васильков кен орны алтын рудасы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларды беру туралы қажеттi материалдарды әзiрлесiн және Үкiметке енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi:
белгiленген тәртiппен Жамбыл облысы "Ақбақай КБК" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн "Алтыналмас АК" акционерлiк қоғамына басқаруға берсiн;
"Васильков КБК" және "Ақбақай КБК" акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi басқарушы компанияның кен орындарын игеруiне салынған инвестициялық қаражат қайтарылғанға дейiн жекешелендiрiлмесiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Ақбақай кен-байыту комбинаты" акционерлiк қоғамын жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қазандағы N 1241 P961241_ қаулысы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 26 ақпандағы N 45 R970045_ өкiмi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы