1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда белгiленген тәртiппен:
"Ақбақай тау-кен байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн тендерде сату үшiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн;
"Алтыналмас" акционерлiк компаниясының мемлекеттiк кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару туралы" N 20/95 шартына тиiстi өзгерту енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда белгiленген тәртiппен "Ақбақай тау-кен байыту комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатуды жүзеге асырсын.
3. "Алтыналмас" ұлттық акционерлiк компаниясының мәселелерi" туралы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1995 ж., N 18, 200-құжат) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 мамырдағы N 704 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
аталған қаулының қосымшасынан:
"Ақбақай ТБК АҚ, Жамбыл облысы" сөздерi алынып тасталсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi