Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 9 қазандағы N 1432

      Жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың Ақмола қаласына көшiрiлуiне байланысты, мемлекеттiк өкiмет органдарын және Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасына бағынысты ұйымдарды азық-түлiк, өнеркәсiп, шаруашылық тауарларымен, материалдармен, мүкәммалмен жабдықтауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығымен "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң оған қатысты функциясын жүзеге асыратын органы болып табылады деп айқындалсын.
      3. Кәсiпорынның қызметi Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын, кәсiпорындар мен ұйымдарды материалдармен, құрал-жабдықтармен, мүкәммалмен, қосалқы бөлшектермен және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және тiркеуден өткiзсiн, жарғылық қорын қалыптастырсын, басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы қаулының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
       мiндетiн атқарушы


О создании Республиканского государственного предприятия "База материально-технического обеспечения" Управления Делами Президента Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 1997 г. N 1432

      В связи с передислокацией высших и центральных государственных органов в г. Акмолу, в целях осуществления снабжения продовольственными, промышленными, хозяйственными товарами, материалами, инвентарем органов государственной власти и подведомственных Управлению Делами Президента Республики Казахстан организаций Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать Республиканское государственное предприятие "База материально-технического обеспечения" Управления Делами Президента Республики Казахстан (далее - Предприятие) на праве хозяйственного ведения.
      2. Определить, что Управление Делами Президента Республики Казахстан является органом государственного управления Предприятием, а также органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права государственной собственности.
      3. Установить, что деятельность Предприятия будет направлена на обеспечение высших и центральных государственных органов Республики Казахстан, предприятий и организаций материалами, оборудованием, инвентарем, запасными частями и другими ресурсами.
      4. Управлению Делами Президента Республики Казахстан в установленном порядке утвердить и зарегистрировать Устав Предприятия, сформировать уставный фонд, решить другие организационные вопросы.
      5. Министерству юстиции Республики Казахстан в установленном порядке подготовить и внести в Правительство Республики Казахстан проект постановления о внесении дополнения в Перечень республиканских государственных предприятий, утвержденный

постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 июня 1996 г.
N 790 "О Перечне республиканских государственных предприятий" (САПП
Республики Казахстан, 1996 г., N 29, ст. 256).


     Исполняющий обязанности
       Премьер-Министра
    Республики Казахстан