1. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығымен "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасы Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң оған қатысты функциясын жүзеге асыратын органы болып табылады деп айқындалсын.
3. Кәсiпорынның қызметi Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын, кәсiпорындар мен ұйымдарды материалдармен, құрал-жабдықтармен, мүкәммалмен, қосалқы бөлшектермен және басқа да ресурстармен қамтамасыз етуге бағытталады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және тiркеуден өткiзсiн, жарғылық қорын қалыптастырсын, басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешетiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы қаулының жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы