Қазақстан Республикасында жердi аймақтарға бөлудiң негiзгi ережелерi мен принциптерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 10 қазандағы N 1435. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:<*>
      Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жердi аймақтарға бөлудiң негiзгi ережелерi мен принциптерi бекiтiлсiн.
       ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1997 жылғы 10 қазандағы    
N 1435 қаулысымен      
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасында жердi аймақтарға бөлудiң негiзгi ережелерi мен принциптерi I. Жердi аймақтарға бөлудiң негiзгi ережелерi

      1. Осы Ереже "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабына сәйкес әзiрлендi.<*>
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
      2. Жердi аймақтарға бөлу - жердi нысаналы және мақсатты пайдалану режимiн белгiлей отырып, оның аумақтарын анықтау.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
      3. Жердi аймақтарға бөлудiң мақсаты: 
      оны аймақтарға бөлу жолы арқылы; 
      жер ресурстарын басқару саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн; 
      аймақтардың шекаралары мен көлемiн белгiлеудi, түрлi аймақтарға бөлiнген жерлердi пайдаланудың тәртiбi мен режимiн; 
      жердi пайдалану мен қорғаудың аймақтық /оның iшiнде қала құрылысындағы/ бағдарламасын жасауды қамтамасыз ету.
      4. Жердi аймақтарға бөлу республикалық және облыстық деңгейлерде жүзеге асырылады.
      5. Жердiң нысаналы арналуына орай, мыналар аймақтарға бөлiнуге жатады:
      ауыл шаруашылығы жерлерi;
      елдi мекендер (қалалар, поселкелер мен селолық елдi мекендер) жерлерi;
      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналған жерлер, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;<*>
      ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерлерi;
      орман қорының жерi;
      су қорының жерi;
      запас жер.
      Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленеді:
      1) орманды дала;
      2) дала;
      3) қуаң дала;
      4) шөлейтті;
      5) шөлді;
      6) тау етегі-шөлді-дала;
      7) субтропикалық шөлді;
      8) субтропикалық тау етегі-шөлді;
      9) орта азиялық таулы;
      10) оңтүстік-сібірлік таулы.<*>
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
      6. "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган және оның жергілікті жерлердегі органдары жүзеге асырады.
      Жерді аймақтарға бөлу аумақты, сондай-ақ жекелеген санаттағы жерлерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық схемаларын (жоспарларын) әзірлеу жолымен жерге орналастыру тәртібімен жүзеге асырылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен .
      7. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкілетті орган мүдделi орталық органдармен бiрлесе отырып, республикалық деңгейде жердi аймақтарға бөлу туралы шешiм қабылдайды, ұйымдастырады және аумақтарды аймақтандырудың республикалық схемасын жасап, бекiтудi қамтамасыз етедi /табиғи - ауыл шаруашылықтық аймақтау /аудандандыру/, өндiргiш күштердi дамыту және орналастыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен басқа да жерлер үшiн резервтiк жер ұстау/.<*> 
      Облыстық деңгейде жердi аймақтарға бөлу үшiн жер ресурстары жөнiндегi орталық атқарушы орган мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып, жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттар мен ведомствоаралық нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
      8. Облыстық (Астана және Алматы қалаларының) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдар облыстық (Астана және Алматы қалаларының) атқарушы органдардың тапсырмасы бойынша қоршаған ортаны қорғау, сәулет және қала құрылысы жөніндегі жергілікті органдармен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, облыстық (қалалық) деңгейде жерлерді аймақтарға бөлудің жобаларын (схемаларын) әзірлеуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді және оларды облыстық (Астана және Алматы қалаларының) өкілді органдардың бекітуіне енгізеді.<*> 
      Жердi аймақтарға бөлудiң облыстық /қалалық/ деңгейiнде аумақтарды аймақтандырудың жобалары /схемалары/ ғылыми негiзделген құжаттары мен болжамдары, нысаналы пайдалану режимiн белгiлеу бағдарламасы жасалады /ауыл шаруашылық, селитебтi, өнеркәсiптiк, табиғат қорғау және басқа да мақсаттағы жерлер/. 
       ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123 қаулысымен.
      9. Аймақтарды анықтау жер, қала құрылысын және басқа да кадастрлардың мәлiметтерi негiзiнде және әуеден түсiрiлген суреттер мен бейне көрiнiстердiң, жер қабаттарын зерттеудiң, геоботаникалық iзденiстердiң нәтижесiнде, сондай-ақ жердi тиiмдi пайдалану бағдарламасы мен жер қабаттарының құнарлылығын арттыру, басқа да табиғат қорғау шаралары кешенiнде жер ресурстарын сақтау, нарықтық талаптар мен экономикалық болжамдар негiзiнде жүзеге асырылады. 
      Жердi мақсатты пайдалану нақты бiр аймақтың табиғи, экономикалық және басқа да жағдайларына сәйкес белгiленедi. 
      Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген орман, су және басқа да табиғат ресурстарын пайдалану тәртiбiнiң сақталуы, сондай-ақ қолданылып жүрген сәулет-жобалау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптар (нормалар, ережелер, нормативтер) қамтамасыз етiледi. 
      10. Жердi аймақтарға бөлу кезiнде заңға сәйкес тәртiпте қаралып, бекiтiлген аумақтарды мақсатты пайдалану режимi жер қатынастарын жүргiзушi субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады. 
      11. Аумақтарды мақсатты пайдалану туралы жердi аймақтандыру мәлiметтерi жер ресурстарын басқаруды ұйымдастыруда, жер заңдарын шешу, жер учаскелерiн жеке меншiкке және пайдалануға беруде, мемлекеттiк қажеттiлiкке сату мен сатып алуда жер учаскесiнде зерттеу жүргiзуге рұқсат беруде, сондай-ақ жердi пайдалану мен сақтауға бақылау жасауда, басқа да жер қатынастарын реттеу мәселелерiнде пайдаланылады. 
      12. Атқарушы органдардың шешiмiмен жүзеге асырылатын жердi аймақтарға бөлу iсi бюджеттiк қаражат есебiнен жүргiзiледi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123  қаулысымен.

II. Жердi аймақтарға бөлудiң принциптерi 

      13. Мақсатты пайдалану режимi бекiтiлген жер аумақтарын анықтау Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау қатынастарын реттейтiн, қазба байлықтары мен орман, су ресурстарын, жан-жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ сәулет-қала құрылысы қызметiн реттейтiн заңдарының принциптерiне негiзделедi. 
      14. Ауыл шаруашылығы мақсаты үшiн пайдаланылатын жердi аймақтарға бөлу мынадай принциптерге негiзделедi: 
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердiң басымдығы; 
      ауыл шаруашылығы жерлердiң ерекше қорғалуы; 
      ауыл шаруашылығына арналған жерлердiң мақсатты пайдаланылуы; 
      ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ауыл шаруашылығы жерлерiн ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысы жоқ басқа мақсаттарға пайдалануға алған кездегi жоғалтқан шығынның орнын толтыру. 
      15. Елдi мекендер /қалалар, поселкелер мен селолық елдi мекендер/ жерiн аймақтарға бөлу мынадай принциптерге негiзделедi: 
      қалалар мен поселкелердiң, селолық елдi мекендердiң жерлерiн пайдалану олардың бас жоспарларына, жоспарлау жобаларына, аумақтық жер-шаруашылық құрылымының құрылысы мен жоспарына сәйкес пайдалану; 
      қала сыртынан жердi оны пайдаланудың бекiтiлген режимiмен бөлу. 
      Қала маңайындағы аумақтарды аймақтау ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқынды дамытуға болатын, әсiресе қала құрылысын реттейтiн жердi /құрылыс, қаланы дамытуға, құрылыстарды орналастыру және салуға, инженерлiк-коммуникация және көлiк инфрақұрылымдарының қалыпты жұмыс iстеуiне қажеттi резервтiк жер/, қорғаныштық және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын және халықтың тынығу орны болып табылатын жасыл ормандары, орман парктерi мен жасыл көшеттерi бар жасыл желек аймақтарын бөле отырып жүзеге асырылады. 
      16. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердi аймаққа бөлу Қазақстан Республикасының жер қатынастары мен жердi пайдалану, жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдармен, өзге де заң және нормативтiк актiлерге сәйкес және мынадай негiзгi принциптерге негiзделедi: 
      жер мен жер қойнауын ұтымды, кешендi және қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ету; 
      қоршаған табиғи ортаның қорғалуын қамтамасыз ету; 
      өнеркәсiп, көлiк және өзге де өнеркәсiптiк объектiлердiң қалыпты жұмыс iстеуiне қажеттi жағдай туғызу, елдiң қорғаныс қабiлетiн арттыру саласындағы мiндеттердiң орындалуы; 
      өнеркәсiп, көлiк және өзге де объектiлер маңайында ерекше пайдалану жағдайлары мен аймақтарын белгiлеу, осы аймақтарды жеке меншiкке немесе пайдалануға беру туралы шешiм қабылдаған орган аймақтарды белгiлеу мақсатында сәйкес келмейтiн осы аймақтағы қызмет түрлерiн шектеуге немесе тыйым салады. 
      Аймақтарда жердi пайдаланудың ерекше жағдайлары мыналармен айқындалады:
      өнеркәсiп кәсiпорындарының санитарлық-қорғаныс аймақтары;
      қауiптi сел және қорғаныштық орман аймағы шектесетiн темiр және автомобиль жолдары тармақтары;
      су қоймалары құрылыстарының қорғаныс аймақтары;
      әуежай маңындағы алап;
      су құбыры арналары, байланыс желiлерi, радиоландыру және электр тарату қорғаныштық аймақтары;
      су қорғау аймақтары мен алаптары;
      әскери полигондар аумақтары.<*>
       ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123  қаулысымен.
      17. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді аймақтарға бөлу Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады және мынадай негiзгi принциптерге негiзделедi:<*> 
      мемлекеттiк табиғи-қорықтық қордың сақталуы, биологиялық сан алуандық пен табиғи экологиялық жүйенiң сақталуы; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мақсатты пайдаланылуы; 
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылым, мәдениет, ағарту және бiлiмдi дамыту мақсатында ұтымды пайдалану; 
      жергiлiктi халықтың мүддесi мен әлеуметтiк-экономикалық факторларын ескере отырып туризм мен реакрацияны дамыту;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шараларды мемлекеттiк қолдау;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақ туралы заңдардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның орнын толтыру.
       ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметiнiң 2001.08.29. N 1123  қаулысымен.
      18. Орман қорының жерiн аймаққа бөлу мынадай принциптерге негiзделедi:
      ормандардың экологиялық және ресурстық әлеуетiн арттыруға арналған жағдайларды қамтамасыз ету;
      орман ресурстарын ұтымды және ысырапсыз пайдалану, оны қорғау, сақтау және ұдайы өндiру;
      орман жерлерiн орман және ауыл шаруашылығына байланысы жоқ мақсаттарға пайдалануға алудан немесе жер сапасына кәсiпорындардың, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қызметi салдарынан нашарлауынан келтiрiлген орман шаруашылығы өндiрiсi зиянының орнын толтыру.
      19. Су қорының жерiн аймаққа бөлу мынадай негiзгi принциптерде жүзеге асырылады:
      халықтың, экономикалық салалар мен қоршаған табиғи ортаның мұқтаждары үшiн судың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету;
      су ресурстарын ластанудан, су көздерiнiң бiтелуiнен және сарқылуынан қорғау;
      судың зиянды әсерiнiң алдын алу және жою.
      20. Жер запасын аймаққа бөлу ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп және өзге мақсаттар үшiн, жеке меншiкке немесе пайдалануға берiлмеген жерлердiң мақсатты режимiн анықтау принципi негiзiнде жүзеге асырылады.

Об утверждении Основных положений и принципов зонирования земель Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 октября 1997 г. N 1435

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 января 2001 года Z010152_ "О земле" Правительство Республики Казахстан постановляет: <*>
      Сноска. В преамбулу внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123 P011123_ .
      Утвердить прилагаемые Основные положения и принципы зонирования земель Республики Казахстан.

   Исполняющий обязанности
       Премьер-Министра
    Республики Казахстан

                                             Утверждены
                                   постановлением Правительства
                                       Республики Казахстан
                                   от 10 октября 1997 г. N 1435

           Основные положения и принципы зонирования земель
                         Республики Казахстан

               I. Основные положения зонирования земель
      1. Настоящее Положение разработано в соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан от 24 января 2001 года Z010152_ "О земле"
      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123 P011123_ .
      2. Зонирование земель - определение территории земель с установлением их целевого назначения и режима использования. <*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123 P011123_ .
      3. Задачами зонирования являются:
      обеспечение путем зонирования:
      проведения единой государственной политики в области управления земельными ресурсами;
      установления границ и размеров зон, порядка и режима использования земель, включенных в различные зоны;
      разработки зональных и региональных (в том числе градостроительных) программ использования и охраны земель.
     4. Зонирование земель осуществляется на республиканском и областных уровнях.
     5. В соответствии с целевым назначением земель зонированию подлежат:
     земли сельскохозяйственного назначения;
     земли населенных пунктов (городов, поселков и сельских населенных пунктов);
     земли промышленности, транспорта, связи, обороны и иного  несельскохозяйственного назначения, земли оздоровительного, рекреационного и историко-культурного назначения;
     земли особо охраняемых природных территорий;
     земли лесного фонда;
     земли водного фонда;
     земли запаса.
     На территории Республики Казахстан по природным условиям выделяются следующие зоны:
     1) лесостепная;
     2) степная;
     3) сухостепная;
     4) полупустынная;
     5) пустынная;
     6) предгорно-пустынно-степная;
     7) субтропическая пустынная;
     8) субтропическая предгорно-пустынная;
     9) среднеазиатская горная;
     10) южно-сибирская горная. <*>

     Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123  P011123_ .
      6. Организацию работ по зонированию земель в соответствии со статьей 11 Закона Республики Казахстан от 24 января 2001 года Z010152_ "О земле" осуществляет центральный уполномоченный орган по управлению земельными ресурсами и его органы на местах.
      Зонирование земель осуществляется в порядке землеустройства путем разработки республиканских, областных и региональных схем (проектов) зонирования территории, а также земель отдельных категорий. <*>
      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123 P011123_ .
      7. Центральный уполномоченный орган по управлению земельными ресурсами совместно с заинтересованными центральными исполнительными органами принимает решение о зонировании земель на республиканском уровне, организует и обеспечивает разработку и утверждение республиканских схем зонирования территории (природно-сельскохозяйственного зонирования (районирования), развития и размещения производительных сил, резервирования земель для развития и размещения особо охраняемых природных территорий и других зон).
      Для проведения зонирования земель на областном уровне центральный исполнительный орган по управлению земельными ресурсами совместно с заинтересованными центральными исполнительными органами осуществляет разработку в установленном порядке межведомственных нормативных правовых актов и инструктивно-методических документов по зонированию земель. <*>
      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123 P011123_ .
      8. Областные (городов Астаны и Алматы) уполномоченные органы по управлению земельными ресурсами совместно с местными органами по охране окружающей среды, архитектуры и градостроительства и другими заинтересованными органами по поручению областного (городов Астаны и Алматы) исполнительного органа организуют и обеспечивают разработку проектов (схем) зонирования земель на областном (городском) уровне и вносят их на утверждение областным (городов Астаны и Алматы) представительным органам.
      При зонировании земель на областном (городском) уровне разрабатываются проекты (схемы) зонирования территорий, документов, включающих научные обоснования, прогнозы, программы по установлению их целевого режима использования (сельскохозяйственные, селитебные, промышленные, природоохранные и иного назначения). <*>
      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123 P011123_ .
      9. Определение зон осуществляется на основе данных земельного, градостроительного и других кадастров, материалов аэрофотосъемки, почвенных, геоботанических и других изысканий и обследований, а также программ по рациональному использованию земель, повышению плодородия почв, охране земельных ресурсов в комплексе с другими природоохранными мероприятиями, рыночных конъюнктур и перспективных экономических прогнозов.
      Целевое использование земель устанавливается исходя из экономических, природных и других условий конкретного региона.
      При этом обеспечивается соблюдение установленного законодательством Республики Казахстан порядка пользования лесными, водными и другими природными ресурсами, а также действующих архитектурно-планировочных, строительных, экологических, санитарно-гигиенических и иных специальных требований (норм, правил, нормативов).
      10. Определенный при зонировании целевой режим использования территории, рассмотренный и утвержденный в порядке, предусмотренном законодательством, является для субъектов земельных правоотношений обязательным.
      11. Данные зонирования земель, содержащие сведения о целевом режиме использования территорий, используются при организации управления земельными ресурсами, разрешении земельных споров, предоставлении земельных участков в частную собственность и землепользование, изъятии (выкупе) земель для государственных надобностей, выдаче разрешений на занятие земельного участка для изыскательских работ, осуществлении контроля за использованием и охраной земель и иных целях, связанных с регулированием земельных отношений.
      12. Зонирование земель, проводимое по решению исполнительных органов, осуществляется за счет бюджетных средств. <*>
      Сноска. В пункт 12 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123 P011123_ .

                   II. Принципы зонирования земель

      13. Определение территории земель с установлением их целевого режима использования основывается на принципах законодательства Республики Казахстан, регулирующих отношения по использованию и охране земли, недр, лесных и водных ресурсов, растительного и животного мира, а также архитектурно-градостроительной деятельности.
      14. Зонирование земель сельскохозяйственного назначения основывается на принципах:
      приоритета земель сельскохозяйственного назначения;
      особой охраны сельскохозяйственных угодий;
      целевого использования земель сельскохозяйственного назначения;
      возмещения потерь сельскохозяйственного производства при изъятии сельскохозяйственных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением сельского хозяйства.
      15. Зонирование земель населенных пунктов (городов, поселков и сельских населенных пунктов) основывается на следующих основных принципах:
      использования земель городов, поселков, сельских населенных пунктов в соответствии с их генеральными планами, проектами планировки и застройки и планами земельно-хозяйственного устройства территории;
      выделения за пределами городской черты пригородных зон с установленным режимом их использования.
      В пригородных зонах зонирование территории осуществляется с выделением зон интенсивного развития пригородного сельскохозяйственного производства, особо градостроительного регулирования (резервных территорий для развития города, размещения и строительства сооружений, необходимых для нормального функционирования инженерной и транспортной инфраструктур), зеленых зон, занятых лесами, лесопарками и другими зелеными насаждениями, выполняющими защитные и санитарно-гигиенические функции, и являющихся местом отдыха населения.
      16. Зонирование земель промышленности, транспорта, связи и иного несельскохозяйственного назначения осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирующим отношения по использованию и охране земли, недр, охране окружающей среды, другими законодательными и нормативными актами и основывается на следующих основных принципах:
      обеспечения рационального, комплексного и безопасного использования земли и недр;
      обеспечения охраны окружающей природной среды;
      создания необходимых условий для функционирования промышленных, транспортных и иных объектов, а также выполнения задач в области укрепления обороноспособности страны;
      установления вокруг промышленных, транспортных и иных объектов зон с особыми условиями пользования землей, в пределах которых органом, принявшим решение о предоставлении земель в собственность или землепользование, ограничиваются или запрещаются те виды деятельности, которые несовместимы с целями установления зон.
     В зонах с особыми условиями пользования землей определяются:
     санитарно-защитные зоны промышленных предприятий;
     селеопасные, оползнеопасные и защитные лесные зоны, примыкающие к полосе отвода железных и автомобильных дорог;
     защитные зоны водозаборных сооружений;
     приаэродромные полосы;
     охранные зоны магистральных трубопроводов, линий связи, радиофикации и электропередачи;
     водоохранные зоны и полосы;
     территория военных полигонов. <*>

     Сноска. В пункт 16 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 29 августа 2001 г. N 1123  P011123_ .
      17. Зонирование земель особо охраняемых природных территорий, земель оздоровительного, рекреационного и историко-культурного назначения осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области охраны окружающей среды и основывается на следующих основных принципах:
      сохранения государственного природно-заповедного фонда, биологического разнообразия и естественных экологических систем;
      целевого использования особо охраняемых природных территорий;
      рационального использования особо охраняемых природных территорий в целях развития науки, культуры, просвещения и образования;

     развития туризма и рекреации с учетом социально-экономических факторов и интересов местного населения;

     государственной поддержки мероприятий по использованию и охране особо охраняемых природных территорий;

     государственного регулирования и контроля в области особо охраняемых природных территорий;

     платности использования особо охраняемых природных территорий;

     возмещения ущерба, причиненного нарушением законодательства об особо охраняемых природных территорий. <*>

     Сноска. В пункт 17 внесены изменения - постановлением Правительства  РК от 29 августа 2001 г. N 1123  P011123_ .

     18. Зонирование земель лесного фонда осуществляется напринципах:

     обеспечения условий для повышения экологического и ресурсного потенциала лесов;
     рационального и неистощительного использования лесных ресурсов, их охраны, защиты и воспроизводства;
      возмещения потерь лесохозяйственного производства, вызванного изъятием лесных угодий для использования их в целях, не связанных с ведением лесного и сельского хозяйства или ухудшения качества земель в результате влияния, вызванного деятельностью предприятий, организаций и граждан.
      19. Зонирование земель водного фонда осуществляется на следующих основных принципах:
      обеспечения рационального использования вод для нужд населения, отраслей экономики и окружающей природной среды;
      охраны водных ресурсов от загрязнения, засорения и истощения;
      предупреждения и ликвидации вредного воздействия вод.
      20. Зонирование земель запаса осуществляется на принципе перспективного определения целевого режима земель, не предоставленных в собственность или землепользование, для нужд сельского хозяйства, промышленности и иных целей.