Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 қазан N 1473. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.03.11. N 233 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құрылымы 1-қосымшаға сәйкес аппарат қызметкерi шектi санының негiзiнде 139 адам болып бекiтiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
               қаулысымен. P980288_
 
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне үш

 

вице-министрi, сондай-ақ 11 адамдық алқасы болуға рұқсат етiлсiн.



     ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_




     4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аппараты үшiн 7

қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_




     5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарауында қоса

берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, ұйымдар (2-қосымша) бар екендiгi

назарға алынсын.

     6. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi"

туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450

қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14,



P970450_


  104-құжат) күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                     1997 жылғы 30 қазандағы

                                        N 1473 қаулысымен

                                          бекiтiлген


         Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы

                                ЕРЕЖЕ


        Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң миссиясы

          әдiлеттiлiк пен заңдылықты қамтамасыз ету жолында

                 Қазақстан Республикасының халқы мен

                       Президентiне қызмет ету


                          I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына енетiн Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Әдiлет министрлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеде айқындалған миссия мен басымдықтарға сәйкес жүзеге асырады.
      3. Әдiлет министрлiгiнiң аппаратын ұстауға арналған шығындарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстауға арналып көзделген қаржының, сондай-ақ заңдарда тыйым салынбаған өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Министрлiк - орталық аппарат, Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы (министрлiгiндегi) ведомстволар, Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдарды заңды тұлғалар (мекемелер) болып табылады және банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемекеттiк және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
               қаулысымен. P980288_
 
           II. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
                             басымдықтары
 
      6. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стратегиясының мақсаттарын, сондай-ақ өз қызметiнiң аясындағы мына басымдықтарды:
      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығының басымдығын, қазақстандық қоғам мен мемлекеттiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз ететiн ұлттық заңдардың жаңа толқынын қалыптастыруды;
      жоғары кәсiби, мәнсiз беделге ие патриоттық көңiл-күйдегi

 

азаматтардың қатарынан кадрларды iрiктеудiң негiзiнде елдiң тәуелсiз

сот корпусын қалыптастыруды;

     дүниежүзiлiк қоғамдастыққа мемлекетiмiздiң ұлттық мүдделерi мен

беделiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының қызметiн

халықаралық аренада құқықтық қамтамасыз етудi;

     заңгерлiк қызмет көрсетудiң қол жеткiзiлетiн өркениеттi рыногын

қалыптастыруды;

     ел азаматтарының құқықтық мәдениетiнiң деңгейiн көтерудi

басшылыққа алады.


          III. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң

           негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары


                            1. Мiндеттерi


     7. Негiзгi мiндеттерi:

     дамудың жалпыұлттық мемлекеттiк стратегиясын әзiрлеуге және

жүзеге асыруға қатысу;

     заң жобасы жұмыстарын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру,

жүйелеу;

     нормативтiк құқықтық актiлерге құқықтық сараптама жүргiзу;


 
       соттардың және сот приставтарының қызметiн ұйымдастырушылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      азаматтық және шаруашылық даулары жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық iстер жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзудi материалдық залалды өтеу бөлiгiнде қамтамасыз ету, сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру, әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған iстер бойынша анықтауды жүзеге

 

асыру, сот приставтарының жұмысын ұйымдастыру;



     Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындауды және

жасауды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмек ұсынуға

байланысты шараларды ұйлестiру;

     мыналарды:

     заңды тұлғаларды;

     жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен мәмiлелердi;

     бағалы қағаздардың эмиссиясын;

     нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге

асыру;

     құқықтық көмек пен заңгерлiк қызметтер көрсетудi ұйымдастыру;

     құқықтық насихат пен құқықтық жаппай оқуды

ұйымдастыру-әдiстемелiк қамтамасыз ету;

     заңдармен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып

табылады.

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_




                           2. Функциялары


     8. Заң жобасы жұмыстарын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында:


 
       заң жобасы жұмыстары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң тапсырмасы және өз бастамашылығы бойынша Президенттiң Әкiмшiлiгi, Премьер-Министрдiң Кеңсесi, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағыныстағы және есеп беретiн мемлекеттiк органдар әзiрлеген Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына құқықтық сараптама, сондай-ақ Парламент палаталары төрағаларының өтiнiмi бойынша Парламенттiң қарауындағы заң актiлерiнiң жобаларына қосымша құқықтық сараптама жүргiзу;
      заң жобасы, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен консультацияларын жүзеге асыру үшiн осы мақсатқа бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражатты пайдалана отырып мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шетелдiң мамандары мен сарапшыларын тарту;
      республика Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша үкiметтiң нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми түсiндiру;
      заңдарды құқықтық ақпараттандыру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық банкiн жүргiзу, республикада құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн құру;
      заң шығару аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестiру;
      шетелдiк құқықтық көмек берумен және құқықтық көмек туралы халықаралық шарттар жасаумен байланысты шараларды үйлестiру.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
               1998.04.07. N 288 қаулысымен. P980288_
 
      9. Соттардың, сот приставтарының жұмысы мен сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру саласында:
      сот iстерiн қараудың мерзiмiне, соттардың үкiмдерi мен шешiмдерiнiң атқарылуы жағдайына бақылау жасау;
      сот шешiмдерiн атқару жөнiндегi жұмысқа басшылық;
      республиканың барлық соттарында құқықтық статистика жүргiзу жөнiндегi жұмысқа басшылық жасау және олардың жұмыстарының нақты көлемiн талдау;
      судьялар, мемлекеттiк сот сарапшылары, сот приставтары мен сот атқарушыларының кадрларын iрiктеу және орналастыру;
      сот жүйесiн, сот приставы мен сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, соттарды құру тәртiбiн белгiлеу;
      сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау, заңдарда белгiленген тәртiппен сот сарапшыларына лицензия беру;
      сот сараптамасы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестiру.
      әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру, сот приставтарының жұмысын ұйымдастыру және басқару.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң
               1998.04.07. N 288 қаулысымен. P980288_
 
      10. Халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектердi үйлестiру саласында:
      заңдарда белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес құқықтық көмек және шетелдiк мемлекеттермен құқықтық ынтымақтастық туралы шарттарды дайындау, қол қою және оларды атқаруды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалған заемдар жөнiнде заңгерлiк бағалау (Legal орiniоn);
      көрсетiлген шарттарға сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң сот тапсырмаларын, өтiнiмдерiн және өтiнiштерiн атқару;
      халықаралық шарттар жобаларына құқықтық сараптама.
      11. Мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласында:
      заңды тұлғаларды тiркеу және олардың тiзiлiмiн жүргiзу;
      мәлiмделген жарғылық қоры 200 000 ең төменгi есептi көрсеткiшке дейiнгi акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздары эмиссиясын тiркеу;
      барлық мемлекеттiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн органдардың: Ұлттық Банктiң, Орталық сайлау комиссиясының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, мәслихаттардың, азаматтардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерiн қозғайтын не ведомствоаралық сипаты бар нормативтiк құқықтық актiлерiн тiркеу және олардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      баршаның назарына ұсыну үшiн тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесiн жариялау;
      жылжымайтын мүлiкке құқықтар мен олармен мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың құқықтық кадастрын жүргiзу.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
               қаулысымен. P980288_
 
      12. Құқықтық көмек пен заңгерлiк қызмет көрсетулердi ұйымдастыру саласында:
      мемлекеттiк нотариалдық кеңселердiң қызметiне басшылық, жеке нотариаттың дамуына жәрдем көрсету, жеке нотариустардың нотариалдық iс жүргiзудi және нотариалдық әрекеттердi жүзеге асыру тәртiбiн сақтауын бақылайды;
      нотариалдық және адвокаттық қызметтердi, ақылы заңгерлiк қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтердi лицензиялау, адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
      мемлекеттiк нотариаттың кадрларын iрiктеу, аттестациялау және орналастыру, адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру;
      азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қызметiн нормативтiк құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету;
      адвокатураға әдiстемелiк басшылық, орталық атқарушы органдардың заң қызметтерiнiң қызметiн үйлестiру, облыстардың, Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмдерiмен өзара iс-қимыл жүргiзу;
      нотариалдық кеңселер, АХАЖ органдары, адвокатура заңды және жеке тұлғаларға көрсететiн заңгерлiк қызметтердiң сапасына бақылау жасау;
      АХАЖ кадрларын аттестациялау, iрiктеу және тағайындауға ұсыну, АХАЖ органдарына ұйымдастыру, әдiстемелiк басшылық, Қазақстан Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң
               1998.04.07. N 288 қаулысымен. P980288_
 
      13. Құқықтық насихаттау және құқықтық жаппай оқыту саласында:
      құқықтық насихаттауды және құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiру, заңдарды түсiндiруге қатысу;
      шарттық негiзде эталондық заң актiлерiн, заңдық ақпараттық және анықтама-әдiстемелiк материалдарды, оның iшiнде құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiн пайдалана отырып ұсыну;
      баспа қызметiн, заң әдебиеттерiне, құқықтық жаппай оқыту

 

проблемалары жөнiндегi әдебиеттерге тапсырыс берушiнiң функцияларын

жүзеге асыру;

     мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде заң газеттерi мен журналдарын

шығару;

     мемлекеттiк тiлдi соттарда және аумақтық әдiлет органдарында

енгiзу процесiне бақылау мен әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру.



     ЕСКЕРТУ. 13-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң

              1998.04.07. N 288 қаулысымен.


P980288_




     14. Министрлiк заңдарда көзделген өзге де функцияларды, оның

iшiнде:

     Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қызметiн ұйымдастырушылық-әдiстемелiк

және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi;

     әдiлет органдары мен соттар жүйесiнiң кадрларын даярлауды және

қайта даярлауды;

     аумақтық әдiлет органдарын, ведомстволық бағынысты ұйымдарды

ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз

етудi;


 
       республика Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша Үкiметтiң құқықтық мәселелер жөнiндегi мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
 
                             3. Құқықтары
 
      15. Министрлiк пен оның органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес, өз құзыретiнiң шегiнде өз функциясын орындай отырып:
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың және ұйымдардың

 

мiндеттi атқаруына жататын нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;

     өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ведомствоаралық

үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыруға;

     заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан,

ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ақпарат пен материалдар

сұратуға және алуға;

     өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;

     лицензиялауды жүзеге асыруға;

     ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру,

тарату және олардың қызметi мәселелерi жөнiнде шешiм қабылдауға;

     баспа қызметiн жүзеге асыруға құқылы.

     16. Министрлiктiң, оның органдарының және ведомстволық

бағыныстағы ұйымдарының заңдарға сәйкес өзге де құқықтары бола алады.


          IV. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң

                        қызметiн ұйымдастыру



 
       17. Министрлiк, министрлiктiң жанындағы (министрлiктегi) ведомстволар, оның органдары және ведомстволық бағыныстағы ұйымдары Министрлiктiң бiрыңғай жүйесiн (мемлекеттiк органды) құрайды.
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
               қаулысымен. P980288_
 
      18. Министрлiктi Министр басқарады.
      Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары - вице-Министрлерi болады.
      ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
               қаулысымен. P980288_
 
      19. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке жауаптылықта болады.
      20. Министр осы мақсатта:
      вице-Министрлердiң, Парламентпен байланыс жөнiндегi хатшының, департаменттер, комитеттер (агенттiктер) басшыларының, Миинстрлiктiң басқа да қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiнiң шеңберiн айқындайды;
      қызметке тағайындау және босату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатқызылған адамдарды қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
      Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн, құрылымы (құрылымдары) туралы Ереженi бекiтедi;
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды;
      заңдарда белгiленген тәртiппен әскери жәнен арнайы атақтар, сыныптық шендер бередi.
      ЕСКЕРТУ. 20-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
               1998.04.07. N 288 қаулысымен. P980288_
 
      21. Министрлiкте Министрдiң, вице-министрлердiң, Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы (Әдiлет министрлiгiндегi) ведомство басшыларының, департаменттер, басшыларының құрамында Министрлiктiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органы - Министрлiктiң алқасы құрылады. Алқаның құрамына Министрлiктiң құрылымдық бөлiмдерi басшыларының қатарынан өзге де адамдар кiре алады.
      Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының үкiметi бекiтедi. Алқаның жеке құрамы министрдiң бұйрығымен бекiтiледi.
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
               қаулысымен. P980288_
 
      22. Министрлiктiң алқасы өзiнiң отырыстарында Министрлiктiң, оның аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарайды, олардың басшыларының есептерiн, сондай-ақ облыстық, аудандық (қалалық) соттар төрағаларының ақпаратын тыңдайды.
      Министр пен Министрлiк алқасының арасында келiспеушiлiк болған жағдайда, шешiмдi, пайда болған келiспеушiлiк туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндай отырып министр қабылдайды.
      23. Министрлiк өз құзыретiндегi мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
      24. Министрлiк қабылдаған шешiм Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi.
      25. Министр болмаған уақытта, оны Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiретiн, сондай-ақ өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асыратын вице-Министр ауыстырады.
      26. Министрлiктiң орталық аппараты Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттер мен құрылымдардан тұрады.
      27. Департаменттi Министр қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Директор басқарады. Департамент және оның құрылымы туралы ереженi Департамент директорының ұсынуы бойынша Министр бекiтедi. Заңды тұлға болып табылатын департамент туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      28. Департаменттiң директоры Департаменттiң жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауаптылықта болады.
      29. Министрлiктiң жанынан (онда) құрылған Агенттiк (Комитет)

 

(бұдан әрi - Агенттiк (Комитет), Департамент Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.



     ЕСКЕРТУ. 29-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_




     30. Агенттiк (Комитет), Департамент өзiнiң қызметiн Министрлiктiң

құзыретiнiң және заңдарда өзiне берiлген функциялар мен

өкiлеттiктердiң шегiнде жүзеге асырады.



     ЕСКЕРТУ. 30-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_




     31. Агенттiк (Комитет), Департамент заңды тұлға болып табылады,

банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы

бейнеленген, мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi бола

алады.



     ЕСКЕРТУ. 31-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_




     32. Агенттiктiң (Комитеттiң), Департаменттiң ережесiн, штат саны

мен құрылымын Үкiмет бекiтедi.



     ЕСКЕРТУ. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_





 
       33. Агенттiктi (Комитеттi), Департаментi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Директоры (Төраға) басқарады. Агенттiк (Комитет) директорының (төрағасының) Агенттiк (Комитет) директорының (төрағасының) ұсынуы бойынша Министр қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары болады.
      ЕСКЕРТУ. 33-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
               қаулысымен. P980288_
 
      34. Агенттiктiң (Комитеттiң), Департаменттiң директоры (төрағасы) Агенттiктiң (Комитеттiң) жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады. Агенттiкке (Комитетке) жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн жеке жауаптылықта болады.
      ЕСКЕРТУ. 34-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288
               қаулысымен. P980288_
 
      35. Агенттiктiң (Комитеттiң), Департаменттiң директоры (төрағасы):
      өзiнiң орынбасары мен Агенттiктiң (Комитеттiң), Департамнттiң

 

құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық

дәрежесiн айқындайды;



     Агенттiктiң (Комитеттiң), Департаменттiң қызметкерлерiн қызметке

тағайындайды және босатады;



     тәртiптiк жаза қолданады;

     өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;

     Агенттiктiң (Комитеттiң) құрылымдық бөлiмшелерi мен оның

аумақтық органдары туралы ереженi бекiтедi;

     өз құзыретiнiң шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес

Агенттiктi (Комитеттi) мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда

бiлдiредi;

     өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер жөнiнде шешiм

қабылдайды.

     ЕСКЕРТУ. 35-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_




     36. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастырудың өзге де мәселелерi,

лауазымды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi, оның қызметiн

қамтамасыз ететiн органдар мен құрылымдардың құзыреттерi мен құқық

күшi Министрлiктiң жұмыс регламентiмен, Министр бекiтетiн,

Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн департамент, құрылымдар

туралы ережелермен белгiленедi.



     ЕСКЕРТУ. 36-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_





                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 30 қазандағы

                                           N 1473 қаулысына

                                              1-қосымша


            Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

                      құрылымы




     Басшылық

     Заңдар және халықаралық құқық департаментi

     Соттардың, сот приставтарының қызметiн ұйымдастыру және

атқарушылық iс жүргiзудi қамтамасыз ету департаментi



     Заңгерлiк қызмет көрсетулердi ұйымдастыру департаментi

     Қаржы және ресурстық қамтамасыз ету департаментi

     Iшкi әкiмшiлiк департаментi

     Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу

     жөнiндегi агенттiк (заңды тұлға құқығында)

     Тергеу департаментi (заңды тұлға құқығында)




     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_





                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 30 қазандағы

                                           N 1473 қаулысына

                                              2-қосымша


            Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң

                       қарауындағы ұйымдардың

                               ТIЗБЕСI


     "Сот-сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесi

     Заң шығару институты



     Республикалық құқықтық ақпарат орталығы

     Ұлттық заң агенттiгi

     "Жетi жарғы" жабық акционерлiк қоғамы



     "Заң газетi - Юридическая газета" ашық акционерлiк қоғамы

     "Судьялар мен әдiлет қызметкерлерiн даярлау және

     бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi оқу орталығы" республикалық

     мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

     Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық

     басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу

     құқығындағы)




     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 288

              қаулысымен.


P980288_



     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1348

              қаулысымен.


P981348_



     ЕСКЕРТУ. 2-қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 1999.03.23. N 288

              қаулысымен.


P990288_







Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 октября 1997 г. N 1473. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 11 марта 1999 г. N 223 (P990223)

    В целях повышения эффективности деятельности и оптимизации структуры Министерства юстиции Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Положение о Министерстве юстиции Республики Казахстан (прилагается).
      2. Утвердить структуру Министерства юстиции Республики Казахстан, исходя из предельной численности работников аппарата в количестве 139 единиц, согласно приложению 1.<*>
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      3. Разрешить Министерству юстиции Республики Казахстан иметь трех вице-Министров, а также коллегию в количестве 11 человек.<*>
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения -постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      4. Установить для аппарата Министерства юстиции Республики Казахстан лимит служебных легковых автомобилей в количестве 7 единиц.<*>
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      5. Принять к сведению, что в ведении Министерства юстиции Республики Казахстан находятся организации согласно прилагаемому перечню (приложение 2).
      6. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 1997 г. N 450 P970450_ "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан 1997 г. N 14, ст. 104).

     Премьер-Министр
   Республики Казахстан

                                        Утверждено
                                постановлением Правительства
                                    Республики Казахстан
                                от 30 октября 1997 г. N 1473

                                    ПОЛОЖЕНИЕ
             о Министерстве юстиции Республики Казахстан <*>
 

            Сноска. В пунктах 29-35 дополнены слова "департамент" -
      постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288
      P980288_ .

          Миссия Министерства юстиции Республики Казахстан -
       служить народу и Президенту Республики Казахстан во имя
               обеспечения справедливости и законности

                          I. Общие положения

      1. Министерство юстиции Республики Казахстан (далее - Министерство) является центральным исполнительным органом Республики Казахстан, входящим в структуру Правительства Республики Казахстан.
      2. Министерство осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законами, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также миссией и приоритетами, определенными в настоящем Положении.
      3. Финансирование расходов на содержание аппарата Министерства юстиции осуществляется за счет ассигнований, предусмотренных в республиканском бюджете на содержание центральных исполнительных органов, а также иных источников, не запрещенных законодательством.
      4. Структура и штатная численность Министерства утверждаются Правительством Республики Казахстан.
      5. Министерство - центральный аппарат, ведомства при (в) Министерстве юстиции, территориальные органы Министерства юстиции являются юридическими лицами (учреждениями) и имеют счета в банках, печать с изображением Государственного герба Республики Казахстан и своим наименованием на государственном и русском языках.<*>
      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
 

                                   II. Приоритеты
              Министерства юстиции Республики Казахстан

      6. В своей деятельности Министерство руководствуется целями государственной стратегии Республики Казахстан, а также следующими приоритетами в своей сфере деятельности:
      формирование нового поколения национального законодательства, обеспечивающего приоритет прав и свобод человека и гражданина, устойчивое развитие казахстанского общества и государственности;
      формирование независимого судебного корпуса страны на основе подбора кадров из числа высокопрофессиональных, патриотически настроенных граждан с безупречной репутацией;    
      правовое обеспечение деятельности Республики Казахстан на международной арене в целях защиты национальных интересов и авторитета нашего государства в мировом сообществе;
      формирование доступного цивилизованного рынка юридических услуг;
      повышение уровня правовой культуры граждан страны.

               III. Основные задачи, функции и права
             Министерства юстиции Республики Казахстан

                             1. Задачи

      7. Основными задачами являются:
      участие в разработке и реализации общенациональной государственной стратегии развития;
      ведение законопроектной работы, анализ, совершенствование, систематизация законодательства;
      правовая экспертиза нормативных правовых актов;
      организационное, кадровое и материально-техническое обеспечение деятельности судов и судебных приставов;
      обеспечение исполнительного производства по гражданским и хозяйственным спорам, а также по уголовным делам в части возмещения материального ущерба, организация судебно-экспертной деятельности, осуществление дознания по делам, отнесенным к компетенции органов юстиции, оганизация работы судебных приставов;
      правовое обеспечение подготовки и заключения международных договоров Республики Казахстан, координация мероприятий, связанных с предоставлением иностранной правовой помощи;
      осуществление государственной регистрации:
      юридических лиц;
      прав на недвижимое имущество и сделок с ним;
      эмиссии ценных бумаг;
      нормативных правовых актов;
      организация правовой помощи и оказания юридических услуг;
      организационно-методическое обеспечение правовой пропаганды и правового всеобуча;
      осуществление иных задач, возложенных законодательством.<*>
      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .

                              2. Функции

      8. В сфере ведения законопроектной работы, совершенствования законодательства:
      законопроектная работа, разработка проектов иных нормативных правовых актов по поручению Президента, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан и по собственной инициативе;
      правовая экспертиза проектов законодательных и нормативных правовых актов Президента и Правительства Республики Казахстан, разрабатываемых Администрацией Президента, Канцелярией Премьер-Министра, центральными исполнительными, а также государственными органами, непосредственно подчиненными и подотчетными Президенту Республики Казахстан, по поручению Президента, Правительства, Премьер-Министра Республики Казахстан и по собственной инициативе, а также дополнительная правовая экспертиза проектов законодательных актов, находящихся на рассмотрении Парламента по обращениям председателей Палат Парламента;
      привлечение для осуществления законопроектных, экспертных, научно-исследовательских работ и консультаций специалистов и экспертов государственных органов, организаций, в том числе зарубежных, с использованием в этих целях бюджетных и внебюджетных средств;
      официальное разъяснение нормативных правовых актов Правительства по поручению Правительства и Премьер-Министра Республики и по собственной инициативе;
      правовая информатизация, систематизация законодательства, ведение эталонного банка нормативных правовых актов, создание единой в республике компьютерной системы правовой информации;
      координация научно-исследовательской работы в сфере законодательства.
      координация мероприятий, связанных с предоставлением иностранной правовой помощи и заключением международных договоров о правовой помощи.<*>
      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .

      9. В сфере организации работы судов, судебных приставов и судебно-экспертной деятельности:
      контроль за сроками рассмотрения судебных дел, состоянием исполнения приговоров и решений судов;
      руководство работой по исполнению судебных решений;
      руководство работой по ведению правовой статистики во всех судах республики и анализ реального объема их работы;
      подбор и расстановка кадров судей, государственных судебных экспертов, судебных приставов и судебных исполнителей;
      материально-техническое обеспечение судебной системы, судебных приставов и судебно-экспертных организаций, определение порядка формирования судов;
      организация и лицензирование судебно-экспертной деятельности, выдача лицензий судебным экспертам в установленном законодательством порядке;
      координация научно-исследовательской работы в сфере судебной экспертизы.
      осуществление дознания по делам, отнесенным к компетенции органов юстиции, организация и руководство работой судебных приставов.<*>
      Сноска. В пункт 9 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .

      10. В сфере правового обеспечения международных договоров, координации иностранной правовой помощи:
      подготовка, подписание и организация исполнения в соответствии с установленными законодательством полномочиями договоров о правовой помощи и правовом сотрудничестве с иностранными государствами;
      юридическая оценка (Legal opinion) по займам, заключаемым под гарантии Республики Казахстан;
      исполнение судебных поручений, просьб и ходатайств иностранных государств в соответствии с указанными договорами;
      правовая экспертиза проектов международных договоров.
      11. В сфере осуществления государственной регистрации:
      регистрация и ведение реестра юридических лиц;
      регистрация эмиссий ценных бумаг акционерных обществ с заявленным уставным фондом до 200 000 минимальных расчетных показателей;
      регистрация и ведение Государственного реестра нормативных правовых актов всех государственных органов, в том числе непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан: Национального Банка, Центральной избирательной комиссии, Комитета национальной безопасности; центральных и местных исполнительных органов, маслихатов, затрагивающих права, свободы и законные интересы граждан либо носящих межведомственный характер;
      публикация для всеобщего сведения перечня зарегистрированных нормативных правовых актов:
      государственная регистрация прав на недвижимое имущество и сделок с ним, ведение Правового кадастра прав на недвижимое имущество.<*>
      Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      12. В сфере организации правовой помощи и оказания юридических услуг:
      руководство деятельностью государственных нотариальных контор, содействие развитию частного нотариата, контроль за соблюдением правил по нотариальному делопроизводству и порядку совершения нотариальных действий частными нотариусами;
      лицензирование нотариальной и адвокатской деятельности, деятельности по оказанию платных юридических услуг, лицензирование деятельности по оказанию платных юридических услуг, не связанных с адвокатской деятельностью;
      подбор, аттестация и расстановка кадров государственного нотариата, выдача лицензий адвокатам и нотариусам;
      нормативно-правовое, организационное, кадровое и финансовое обеспечение деятельности органов записи актов гражданского состояния;
      методическое руководство адвокатурой;
      координация деятельности юридических служб центральных исполнительных органов, взаимодействие с государственно-правовыми отделами аппаратов акимов областей, городов Акмолы и Алматы;
      контроль за качеством юридических услуг, оказываемых юридическим и физическим лицам нотариальными конторами, органами ЗАГСа, адвокатурой;
      аттестация, подбор и представление к назначению кадров органов ЗАГСа, организационное, методическое руководство органами ЗАГСа, обеспечение единой правоприменительной практики в деятельности органов записи актов гражданского состояния Республики Казахстан.<*>
      Сноска. В пункт 12 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      13. В сфере правовой пропаганды и правового всеобуча:
      межведомственная координация по организации правовой пропаганды и правового всеобуча, участие в разъяснении законодательства;
      предоставление на договорной основе эталонных законодательных актов юридических информационных и справочно-методических материалов, в том числе с использованием автоматизированной системы правовой информации;
      осуществление издательской деятельности, функций заказчика юридической литературы, литературы по проблемам правового всеобуча;
      издание юридических газет и журналов на государственном и русском языках;
      осуществление контроля и методического руководства процессом внедрения государственного языка в судах и территориальных органах юстиции.<*>
      Сноска. В пункт 13 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288  P980288_ .
      14. Министерство осуществляет иные, предусмотренные законодательством функции, в том числе:
      организационное, методическое и материально-техническое обеспечение деятельности Квалификационной коллегии юстиции;
      подготовку и переподготовку кадров системы органов юстиции и судов;
      организационное, финансовое и материально-техническое обеспечение территориальных органов юстиции, подведомственных организаций;
      по поручению Правительства и Премьер-Министра Республики обеспечение защиты интересов Правительства по правовым вопросам.

                              3. Права
 

      15. В соответствии с возложенными задачами Министерство и его органы в пределах своей компетенции, выполняя свои функции, вправе:
      издавать нормативные правовые акты, подлежащие обязательному исполнению центральными и местными исполнительными органами и организациями;
      осуществлять межведомственную координацию и контроль по вопросам, входящим в их компетенцию;
      запрашивать и получать в установленном законодательством порядке от государственных органов, организаций, их должностных лиц информацию и материалы;
      осуществлять управление переданным ему имуществом;
      осуществлять лицензирование;
      принимать решения по вопросам создания, реорганизации, ликвидации и деятельности подведомственных организаций;
      осуществлять издательскую деятельность.
      16. Министерство, его органы и подведомственные организации могут иметь иные права в соответствии с законодательством.

              4. Организация деятельности Министерства
                    юстиции Республики Казахстан
 

      17. Министерство, ведомства при (в) Министерстве, его органы и подведомственные организации образуют единую систему Министерства (государственный орган).<*>
      Сноска. В пункт 17 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      18. Министерство возглавляет Министр.
      Министр назначается на должность и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан по представлению Премьер-Министра Республики Казахстан. Министр имеет заместителей - вице-Министров, назначаемых на должность и освобождаемых от должности Правительством Республики Казахстан.<*>
      Сноска. В пункт 18 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      19. Министр организует и руководит работой Министерства и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Министерство задач.
      20. В этих целях Министр:
      определяет обязанности и круг полномочий вице-Министров, Секретаря по связям с Парламентом, руководителей департаментов, комитетов (агентств), других работников Министерства;
      назначает на должность и освобождает от должности работников Министерства, за исключением лиц, назначение и освобождение от должности которых отнесено к компетенции Правительства Республики Казахстан;
      представляет Министерство во всех государственных органах и организациях в соответствии с действующим законодательством;
      утверждает Положения о структуре (структурах), обеспечивающих деятельность Министерства;
      в установленном законодательством порядке присваивает воинские и специальные звания, классные чины;
      принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.<*>
      Сноска. В пункт 20 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      21. В Министерстве образуется консультативно-совещательный орган при Министре - коллегия Министерства в составе Министра, вице-Министров, руководителей ведомств при (в) Министерстве юстиции, руководителей департаментов. В состав коллегии могут входить и иные лица из числа руководителей структурных подразделений Министерства.
      Численный состав коллегии утверждается Правительством Республики Казахстан. Персональный состав коллегии утверждается приказом Министра.<*>
      Сноска. В пункт 21 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      22. Коллегия Министерства на своих заседаниях рассматривает основные вопросы деятельности Министерства, его территориальных органов и подведомственных организаций, заслушивает отчеты их руководителей, а также информации председателей областных, районных (городских) судов.
      В случае разногласий между Министром и коллегией Министерства решение принимает Министр, докладывая о возникших разногласиях Правительству Республики Казахстан.
      23. По вопросам своей компетенции Министерство принимает решения, обязательные для центральных и местных исполнительных органов.
      24. Решения, принимаемые Министерством, оформляются приказами Министра.
      25. Во время отсутствия Министра его замещает вице-Министр, который координирует деятельность структурных подразделений Министерства, а также осуществляет иные обязанности, возложенные на него Министром.
      26. Центральный аппарат Министерства состоит из департаментов и структур, обеспечивающих деятельность Министерства.
      27. Департамент возглавляет Директор, назначаемый на должность и освобождаемый от должности Министром. Положение о Департаменте и его структура утверждаются Министром по представлению Директора Департамента. Положения о департаментах, являющихся юридическими лицами, утверждаются Правительством Республики Казахстан.
      28. Директор Департамента организует и осуществляет руководство работой Департамента и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Департамент задач и осуществление им своих функций.
      29. Агентство (комитет), департамент, созданное при (в) Министерстве, является государственным органом Республики Казахстан (далее - Агентство (Комитет), департамент).
      30. Агентство (Комитет), департамент осуществляет свою деятельность в пределах компетенции Министерства и предоставленных ему законодательством функций и полномочий.
      31. Агентство (Комитет), департамент является юридическим лицом, может иметь счета в банках, печать с изображением Государственного герба Республики Казахстан и своим наименованием на государственном и русском языках.
      32. Положение, штатная численность и структура Агентства (Комитета), департамента утверждаются Правительством.<*>
      Сноска. Пункт 32 - в редакции постановления Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .
      33. Агентство (Комитет), департамент возглавляет Директор (Председатель), назначаемый на должность и освобождаемый от должности Правительством Республики Казахстан по представлению Министра. Директор (Председатель) Агентства (Комитета), департамента имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности Министром по представлению Директора (Председателя) Агентства (Комитета), департамента.
      34. Директор (Председатель) Агентства (Комитета), департамента организует и осуществляет руководство работой Агентства (Комитета), несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Агентство (Комитет), департамент задач и осуществление им своих функций.
      35. Директор (Председатель) Агентства (Комитета), департамента:
      определяет обязанности и степень ответственности своего заместителя и руководителей структурных подразделений Агентства (Комитета), департамента;
      назначает и освобождает от должности работников Агентства (Комитета), департамента;
      налагает дисциплинарные взыскания;
      в пределах своей компетенции издает приказы;
      утверждает положения о структурных подразделениях Агентства (Комитета), департамента и его территориальных органах;
      в пределах своей компетенции представляет Агентство (Комитет), департамент в государственных органах и организациях в соответствии с действующим законодательством;
      принимает решения по другим вопросам, отнесенным к его компетенции.
      36. Иные вопросы организации деятельности Министерства, права и обязанности должностных лиц, компетенция и правомочия органов и структур, обеспечивающих его деятельность, устанавливаются регламентом работы Министерства, положениями о департаментах, структурах, обеспечивающих деятельность Министерства, утверждаемыми Министром.<*>
      Сноска. В пункт 36 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .

                               Приложение 1
                       к постановлению Правительства
                            Республики Казахстан
                        от 30 октября 1997 г. N 1473

                           Структура
              Министерства юстиции Республики Казахстан<*>
      Сноска. В приложение 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288 P980288_ .

      Руководство
      Департамент законодательства и международного права
      Департамент организации деятельности судов, судебных приставов
      и обеспечения исполнительного производства
      Департамент организации юридических услуг
      Департамент финансового и ресурсного обеспечения
      Департамент внутренней администрации
      Агентство по регистрации недвижимости и юридических лиц (на
      правах юридического лица)
      Департамент расследований (на правах юридического лица)

                                         Приложение 2
                               к постановлению Правительства
                                     Республики Казахстан
                                  от 30 октября 1997 г. N 1473

                               Перечень
                 организаций, находящихся в ведении
             Министерства юстиции Республики Казахстан<*>

     Сноска. В Перечень внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 7 апреля 1998 г. N 288  P980288_ ; от 29 декабря 1998 г. N 1348  Р981348_ ; от 23 марта 1999 г. N 288  P990288_ .

     Государственное учреждение "Центр судебной экспертизы"

     Институт законодательства

     Республиканский центр правовой информации

     Национальное юридическое агентство

     Закрытое акционерное общество "Жетi Жаргы"

     Открытое акционерное общество "Зан газетi - Юридическая газета"

     Республиканское государственное казенное предприятие

     "Учебный центр по подготовке и повышению квалификации судей и

     работников юстиции"

     Республиканское государственное предприятие "Хозяйственное управление 

     Министерства юстиции Республики Казахстан" (на праве хозяйственного ведения)