Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстана Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450. Қаулы күшін жойды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.10.30. N 1473 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi аппаратының құрылымы 1-қосымшаға сәйкес аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 150 адам болып бекiтiлсiн.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.07.07. N 1065
               қаулысымен. P971065_
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне министрдiң үш орынбасарын (вице-министрлер), сондай-ақ 9 адам санында алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      5. Облыстар, Алматы қалалық әдiлет басқармаларының саны 868 адам болып белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарауында қоса берiлiп отырған тiзбедегi (2-қосымша) ұйымдар бар екендiгi ескерiлсiн.
      7. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38, 493-құжат);

 

     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы

N 1741 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 1393 қаулысы (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 47, 455-құжат);

     "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық

аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

1996 жылғы 23 желтоқсандағы N 1589 қаулысы.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 1 сәуiрдегi

                                           N 450 қаулысымен

                                              Бекiтiлген


        Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы

                             ЕРЕЖЕ


                       I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (Әдiлетминi) Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады және өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне, осы Ережеге, сондай-ақ Әдiлет министрiнiң бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет органдарының бiрыңғай жүйесiн құрайтын аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады және республикалық бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де көздерден ұсталады.
      3. Әдiлет министрлiгi - орталық аппарат және оның аумақтық органдары заңды тұлғалар (мекемелер) болып табылады және банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.
      4. Әдiлет министрлiгiнiң құрылымы мен штат санын Қазақстан

 

Республикасының Үкiметi, департаменттер, комитеттер (агенттiктер),

әдiлеттiң аумақтық органдары мен министрлiктiң қызметiн қамтамасыз

ететiн өзге де құрылымдардыкiн - Әдiлет министрi бекiтедi.


         II. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң

                           негiзгi мiндеттерi


     5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң негiзгi

мiндеттерi мыналар болып табылады:

     заң жобалары жұмыстарын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру,

жүйелеу;

     құқықтық сараптама және нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу;

     соттардың қызметiн ұйымдастыру, кадр және

материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

     сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру, материалдық залалды өтеу

бөлiгiнде азаматтық және қылмыстық iстер бойынша атқару iсiн

жүргiзудi қамтамасыз ету;

     халықаралық шарттар мен келiсiмдердi дайындауды және жасауды

құқықтық қамтамасыз ету, шетел құқықтық көмегiн беруге байланысты

шараларды үйлестiру;

     мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру:

     заңды тұлғаларды;

     жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын

мәмiлелердi;

     бағалы қағаздар эмиссиясын;

     нормативтiк құқықтық актiлердi;

     құқықтық көмектi ұйымдастыру және заң қызметiн көрсету;

     жаппай құқықтық оқуды әдiстемелiк қамтамасыз ету;

     заңдармен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.


            III. Қазақстан Республикасы Әдiлет

                   министрлiгiнiң функциясы



 
       6. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Әдiлет министрлiгi мен оның органдары өздерiнiң құзыретi шектерiнде және өкiлеттiктерi шеңберiнде мынадай ұйымдастырушылық, әдiстемелiк, бақылау және басқа да басқару қызметтерiн орындайды:
      1) Заң жобалары жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында:
      заң жобасы жұмысы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша және өзiнiң бастамашылығы бойынша өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша Президент Әкiмшiлiгi, Премьер-Министрдiң Кеңсесi, министрлiктер мен ведомстволар дайындайтын Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерi жобаларының құқықтық сараптамасы, сондай-ақ Парламент Палаталары Төрағаларының ұсыныстары бойынша заң актiлерi жобаларының құқықтық сараптамасы;
      осы мақсатта арнаулы бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражатты пайдаланып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шетелдiң мамандары мен сарапшыларын заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларын жүзеге асыруға тарату;
      республика Премьер-Министрiнiң және Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша және өз бастамашылығы бойынша Үкiметтiң нормативтiк құқықтық актiлерiн ресми түсiндiру;
      құқықтық ақпараттандыру, заңдарды жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық банкiн жүргiзу, республикада құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн құру;
      заң аясында ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру.
      2) Соттардың жұмысын және сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру саласында:
      сот iстерiн қарау мерзiмiн, сот үкiмдерi мен шешiмдерiнiң атқарылу жағдайын бақылау;
      материалдық залалды өтеу бөлiгiнде азаматтық iстер мен қылмыстық iстер бойынша атқару iсiн жүргiзудi ұйымдастыру;
      сот статистикасын жүргiзу;
      сот кадрларын, мемлекеттiк сот сарапшыларын iрiктеу және орналастыру, сот приставтары мен сот атқарушыларының жұмысын ұйымдастыру;
      сот жүйесiн және сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру, соттардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да шараларды жүзеге асыру;
      сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және лицензиялау, сот сарапшыларына заңда белгiленген тәртiппен патенттер беру;
      сот сараптама саласында ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру.
      3) Халықаралық шарттар мен келiсiмдердi құқықтық қамтамасыз ету, шетел құқықтық көмегiн үйлестiру саласында;
      шетел мемлекеттерiмен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы заңмен белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес шарттарды дайындау, қол қою және атқарылуын ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын қарыздар бойынша заңдық бағалау (Legfl орiniоn);
      көрсетiлген шарттарға сәйкес шетел мемлекеттерiнiң сот тапсырмаларын, өтiнiштерiн және өтiнiштемелерiн атқару;
      халықаралық шарттар жобаларының құқықтық сараптамасы.
      4) Мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру саласында:
      заңды тұлғаларды тiркеудi және олардың тiзiлiмiн жүргiзу;
      акционерлiк қоғамдардың мәлiмденген жарғылық қорының 200 000 ең төменгi есептi көрсеткiшке дейiнгi бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу;
      барлық мемлекеттiк органдардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiне бағынышты және есеп беретiн: Ұлттық Банктiң, Орталық сайлау комиссиясының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiктiң; министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қозғайтын, немесе ведомствоаралық сипаттағы нормативтiк құқықтық актiлерiн тiркеу және олардың Мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу;
      жалпыға бiрдей мәлiмет үшiн тiркелген нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесiн жариялау;
      жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу, Жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтық кадастр жүргiзу құқығы;
      5) Құқықтық көмек пен заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру саласында:
      мемлекеттiк нотариалдық кеңселер қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу жөнiндегi қызмет;
      нотариалдық және адвокаттық қызметтi, ақылы заң қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
      мемлекеттiк нотариат кадрларын iрiктеу, аттестациялау және орналастыру, адвокаттар мен нотариустарға патенттер беру;
      азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қызметiн нормативтiк құқықтық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету;
      адвокатураға әдiстемелiк басшылық жасау;
      министрлiктер мен ведомстволардың заң қызметтерiн үйлестiру, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк-құқықтық бөлiмдерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      нотариалдық кеңселердiң, АХАЖ органдарының, адвокатураның заңды және жеке тұлғаларға көрсететiн заң қызметiнiң сапасына бақылау жасау.
      "АХАЖ" органдарының кадрларын аттестациялау, iрiктеу және тағайындауға ұсыну, АХАЖ органдарына ұйымдастыру, әдiстемелiк басшылық жасау, Қазақстан Республикасы азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының қызметiнде бiрыңғай құқықтық қолданымды практиканы қамтамасыз ету.
      6) Жаппай құқықтық оқу саласында:
      жаппай құқықтық оқуды жүзеге асыру;
      баспа қызметi, заң әдебиетiне, жаппай құқықтық оқу проблемалары жөнiндегi әдебиетке тапсырысшы болу функциясы;
      эталондық заң актiлерiн, ақпараттық заң және құқықтық ақпараттық автоматтандырылған жүйесiн пайдалану арқылы шарттық негiзде ұсыну;
      қазақ және орыс тiлдерiнде заң газеттерi мен журналдарын шығару;
      жаппай құқықтық оқу мен құқықтық насихатты ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық үйлестiру, заңдарды түсiндiруге қатысу.
      Әдiлет министрлiгi мен оның органдары заңдарда көзделген өзге де функцияларды, оның iшiнде:
      Әдiлет бiлiктiк алқасының қызметiн ұйымдастырушылық, әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      әдiлет және соттар жүйесi кадрларын даярлау және қайта даярлау;
      аумақтық әдiлет органдарын, ұйымдарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың 5)-тармақшасы жаңа абзацпен толықтырылды -
               ҚРҮ-нiң 1997.10.03. N 1411 қаулысымен.
 
               IV. Қазақстан Республикасы Әдiлет
                     министрлiгiнiң құқықтары
 
      7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен органдары жүктелген мiндеттерге сәйкес өз құзыретi шектерiнде және өкiлеттiктерi шеңберiнде өз функциясын орындай отырып:
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдардың мiндеттi орындауына жататын нормативтiк-құқықтық актiлер шығаруға;
      ведомствоаралық үйлестiру мен олардың құзыретiне енетiн мәселелер бойынша бақылауды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңмен белгiленген тәртiппен ақпарат пен материалдар сұрауға және алуға;
      өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;
      заңмен белгiленген тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыруға;
      ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату және олардың қызметi мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
      баспа қызметiн жүзеге асыруға құқылы.
      8. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, оның органдары мен мекемелерi заңмен белгiленген тәртiпте өзге де құқықтарға ие.
 
           V. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
                         қызметiн ұйымдастыру
 
      9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      10. Әдiлет министрi Әдiлет министрлiгi жұмысына басшылық жасайды және Әдiлет министрлiгiне жүктелген мiндеттердi орындауға жеке жауап бередi. Осы мақсатта Әдiлет министрi:
      вице-министрлердiң мiндеттерiн, департаменттердiң, комитеттердiң (агенттiктердiң), басқа құрылымдық бөлiмшелердiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құзыретiн айқындайды;
      Үкiметке департамент (тердiң) директорын (ларын), агенттiктiң (тердiң,) комитет (тердiң) төрағаларын қызметке тағайындау және қызметiнен босату туралы ұсыныс енгiзедi, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының қызметкерлерiн, сондай-ақ департамент директорларын, аумақтық әдiлет органдарының және Әдiлет министрлiгiнiң басқа құрылымдық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      басқа мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның органдарын бiлдiредi;
      заңды тұлға болып табылмайтын департаменттер, комитеттер (агенттіктер), Әдiлет министрлiгiнiң басқа құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның органдары қызметiнiң мәселелерi жөнiнде шешiмдер қабылдайды.
      11. Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын үш орынбасары - әдiлет вице-министрлерi бар.
      Әдiлет министрi болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Әдiлет министрлiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн үйлестiретiн оның вице-министрлерiнiң бiрi атқарады, Әдiлет министрi өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
      12. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде - құрамында Министр, вице-министрлер, департаменттер, комитеттер (агенттiктер), басқа құрылымдық бөлiмшелер мен ұйымдар басшылары бар Әдiлет министрлiгiнiң консультативтiк-кеңесушi органы - алқасы құрылады. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi алқасының құрамына өзге де адамдар енуi мүмкiн.
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi алқасының сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Алқаның дербес құрамы Әдiлет министрiнiң бұйрығымен бекiтiледi.
      13. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң алқасы өз отырыстарында министрлiктiң, оның аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiнiң негiзгi мәселелерiн қарайды, олардың басшыларының есептерiн, сондай-ақ облыстық, аудандық (қалалық) соттардың хабарламасын тыңдайды.
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi мен оның алқасының арасында келiспеушiлiктер болған жағдайда Министр туындаған келiспеушiлiктер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндап, шешiм қабылдайды.
      14. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аппараты департаменттерден, агенттiктерден (комитеттерден) және министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдардан тұрады.
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң департаменттерi, агенттiктерi (комитеттерi) туралы Ереже мен олардың құрылымын департаменттер, агенттiктер (комитеттер) директорларының ұсынысы бойынша Әдiлет министрi бекiтедi. Заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң департаменттерi туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      15. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қызметiн

 

ұйымдастырудың өзге де мәселелерi, лауазымды адамдардың құқықтары

мен мiндеттерi, оның қызметiн қамтамасыз ететiн органдар мен

құрылымдардың құзыретi мен құқықтық шеңберi Әдiлет министрi

бекiтетiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жұмыс

регламентiмен, департаменттер, агенттiктер (комитеттер), Министрлiк

қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдар туралы ережелермен белгiленедi.


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 1 сәуiрдегi

                                           N 450 қаулысына

                                             1-Қосымша


          Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi

                       орталық аппаратының

                           ҚҰРЫЛЫМЫ


     Басшылық

     Заңдар және нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу департаментi

     Сот жүйесi жұмысын ұйымдастыру және тұрғындарға заң қызметiн

     көрсету департаментi

     Халықаралық құқықтық қамтамасыз ету және құқықтық ақпарат

     департаментi

     Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi

     агенттiк

     Қаржы басқармасы

     Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi

     Iшкi қауiпсiздiк бөлiмi

     Кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментi



     ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң

              1997.10.03. N 1411 қаулысымен. 


P971411_




                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 1 сәуiрдегi

                                           N 450 қаулысына

                                              2-Қосымша


        Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң

             қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың

                          ТIЗБЕСI


     Қазақ сот сараптамасы ғылыми-зерттеу институты

     Заң ғылыми-зерттеу институты

     Республикалық құқықтық ақпарат орталығы

     Ұлттық заң агенттiгi

     "Жетi Жарғы" республикалық заң әдебиетi баспасы

     "Заң газетi -"Юридическая газета" ашық акционерлiк қоғамы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады