Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760 және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1511 қаулыларына толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 қарашадағы N 1487. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.13. N 1140 қаулысымен.

      "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 12, 77-құжат) және "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымындағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      "Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 шiлдедегi N 760 қаулысына   (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 251-құжат):
      аталған қаулымен бекiтiлген Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi жөнiндегi Ережеде:
      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне жер учаскесiне жеке меншiк құқығына, тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ақысыз берiледi.
      Бұл жұмыстар жерге орналастыруды жүргiзуге көзделген бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылады";
      "Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 желтоқсандағы N 1511  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 51, 491-құжат):
      Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртiбiнде:
      20-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi жер учаскесiнiң (жер пайдалану құқығының) құнына ақыны мерзiмiн үш жылға кейiнге қалдыра отырып төлей алады". 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

О внесении дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 20 июня 1996 г. N 760 и от 10 декабря 1996 г. N 1511

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 ноября 1997 г. N 1487. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 13 ноября 2003 г. N 1140 (P031140)

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 6 марта 1997 г. N 3398 U973398_ "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 12, ст.77) и Законом Республики Казахстан от 19 июня 1997 г. Z970131_ "О государственной поддержке малого предпринимательства" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие дополнения:
      в постановлении Правительства Республики Казахстан от 20 июня 1996 г. N 760 P960760_ "Об утверждении Положения о порядке предоставления права частной собственности на земельные участки и права землепользования" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 29, ст. 251):
      в Положении о порядке предоставления права частной собственности на земельные участки и права землепользования, утвержденном указанным постановлением:
      пункт 16 дополнить абзацами следующего содержания:
      "Субъектам малого предпринимательства, занимающимся производственной деятельностью, выдача актов на право собственности на земельный участок, право постоянного землепользования производится без взимания платы.
      Финансирование этих работ осуществляется за счет бюджетных ассигнований, предусмотренных на проведение землеустройства";
      в постановлении Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 1996 г. 1511 P961511_ "Об утверждении Порядка купли-продажи находящихся в государственной собственности земельных участков или права постоянного землепользования" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., N 51, ст. 491):
      в Порядке купли-продажи находящихся в государственной собственности земельных участков или права постоянного землепользования, утвержденном указанным постановлением:
      пункт 20 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Субъектами малого предпринимательства, занимающимися производственной деятельностью, оплата стоимости земельного участка (права землепользования) может производиться с отсрочкой на три года".

     Премьер-Министр
   Республики Казахстан