"Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Маңғышлақ атом энергокомбинаты" мемлекеттік кәсіпорнына (Ақтау қаласы) 1997 жылы Ресей Федерациясынан "Техснабэкспорт" сыртқы экономикалық акционерлік қоғамымен (Мәскеу қаласы) 1994 жылғы 5 тамыздағы N 08843672/40219-09 келісім-шартқа 1997 жылғы 25 сәуірдегі N 4 қосымшаға сәйкес БН-350 реакторын басқару және қорғау жүйесіне арналған сб. 1047А (СЭҚ ТН коды 8401) үлгісіндегі бір өзек-жұтушы әкелуге рұқсат берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі белгіленген тәртіппен лицензия берсін.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі БН-350 реакторын басқару және
қорғау жүйесіне арналған өзек-жұтушының әкелінуіне бақылау жасауды
қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.