БН-350 реакторын басқару және қорғау жүйесіне арналған өзек-жұтушы әкелу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1997 жылғы 17 қараша N 1595

      "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Маңғышлақ атом энергокомбинаты" мемлекеттік кәсіпорнына (Ақтау қаласы) 1997 жылы Ресей Федерациясынан "Техснабэкспорт" сыртқы экономикалық акционерлік қоғамымен (Мәскеу қаласы) 1994 жылғы 5 тамыздағы N 08843672/40219-09 келісім-шартқа 1997 жылғы 25 сәуірдегі N 4 қосымшаға сәйкес БН-350 реакторын басқару және қорғау жүйесіне арналған сб. 1047А (СЭҚ ТН коды 8401) үлгісіндегі бір өзек-жұтушы әкелуге рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлігі белгіленген тәртіппен лицензия берсін.

     3. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі БН-350 реакторын басқару және

қорғау жүйесіне арналған өзек-жұтушының әкелінуіне бақылау жасауды

қамтамасыз етсін.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады