Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру департаментi заңда белгiленген тәртiппен мына
құрамда "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлiк қоғамының
байқаушы кеңесiн бекiту жөнiнде шара қолдансын:
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы -
Қазақстан Республикасының
министрi, төраға
Еламанов Б.Д. - Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және
сауда министрлiгi Мұнай
және газ департаментiнiң
директоры
Жолтаев Ғ.Ж. - Қазақ ұлттық техникалық
университетiнiң мұнай және
газ геологиясы кафедрасының
меңгерушiсi
Қуандықов Б.М. - "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз
компаниясы" акционерлiк
қоғамының президентi
Соболев В.В. - Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
директоры
Субханбердин Н.С. - "Қазкоммерцбанк" акционерлiк
қоғамы басқармасының төрағасы
2. "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз компаниясы" акционерлiк қоғамы
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 қаулысының P970410_ 6-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi