1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп заңда белгiленген тәртiппен:
он бес күн мерзiмде "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы жабық акционерлiк қоғамын құру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын жүргiзсiн;
оның жарғысын тiркесiн;
1-қосымшаға сәйкес ұйымдардағы мемлекеттiк үлестi (акциялар пакетiн) "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына берсiн; <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.10.11.
N 1151 қаулысымен. P981151_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан 5-абзац алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң
2000.11.13. N 1702 қаулысымен. P001702_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 61
қаулысымен. P010061_
2. "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасына КҚАК-К мен КҚАК-Р бөлiнген акциялардың тiркелген акция ұстаушысы - "Қазақстандық вексельдi" - "КҚАК-К" жабық акционерлiк қоғамының екiншi дәрежелi қарыз мiндеттемесiн ұстаушы екендiгi назарға алынсын. Бұл жағдайда аталған акцияларға билiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметiнде қалады.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi "Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгi қор биржасында сатылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тiзбесiн бекiту туралы" Үкiметтiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1716 қаулысына сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк акциялар пакетiнiң иелiк ету, пайдалану және басқару жөнiндегi құқығы "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамына берiлген бөлiгiн сатсын.
4. "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк компаниясына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк банктерiнiң бiрiнде шоттарын ашу ұсынылсын.
5. "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамының негiзгi мiндеттерi болып мыналар айқындалсын;
Каспий және Арал теңiздерi секторларын қоса алғанда, Қазақстан
Республикасының аумағында көмiрсутектерiн барлауға және өндiруге арналған конкурстарға ұйымдастыруға қатысу; <*> көмiрсутектерiн барлауға, өндiруге, өңдеуге және тасымалдауға қатысты жаңа жобаларды әзiрлеу және жүзеге асыру; маркетингтi және көмiрсутектерiн өткiзудi ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму банкi арасындағы 1996 жылғы 18 шiлдедегi N 4061-КZ Қарыз туралы келiсiмдегi (Өзен мұнай кен орнын оңалту жобасы) қарыз алушының мүдделерiн бiлдiру; мұнай-газ саласындағы кәсiпорындарды қайта құрылымдау мен жекешелендiру бағдарламасын әзiрлеуге қатысу. ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 61 қаулысымен. P010061_ 6. <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақ алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.12.17. N 1764 қаулысымен. P971764_ 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
"Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамы менеджерлерiмен "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамы акцияларын алуға компанияның қаржылық қызметiн орындаған немесе асыра орындаған жағдайда ақшалай бонустар және/немесе опциондар беруге мүмкiндiк болатын көрсеткiштерiн айқындай отырып;
"Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамының пайда мен өз қызметiнiң және оған берiлген мүлiктi, үлестiк қатысын, пайдалану нәтижесiнде пайда келтiрiлген мұнай алуы туралы келiсiм жасассын. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 61
қаулысымен. P010061_
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
мүлiктi және активтердi басқару департаментi "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамын Алматы қаласындағы Бөгенбей батыр көшесi, 142-үй мекен-жайы бойынша қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етсiн. 9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамын тiркеуде жәрдем көрсетсiн. 10. "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 қаулысына 1-қосымша <*> Мемлекеттiк қатысу үлесi "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамына берiлетiн ұйымдардың Тiзбесi <*> ___________________________________________________________________ Атауы Мемлекет үлесi, % ___________________________________________________________________ "Арман" ЖШС 50 <*> <*> "Дамұнай" АҚ 50 "Қазтүрiкмұнай" ЖШС 51 "Эмбаведьойл" ЖШС 52,69 "Гюрал" ЖШС 69 "Қазақойл-Тельф" ЖШС 69 <*> "Қарақұдықмұнай" АҚ 40 <*> "Теңге" ЖШС 50 "Тұлпар Мұнай" ЖШС 50 "Степной Леопард" ЖШС 50 "Ақтөбе-Пройссаг" ЖШС 50 "Шағырлы-Шөмiштi" ЖШС 72 "Қылыш" ЖШС 50 "Қазақойл-Ембi" АҚ 41 <*> "Атырау МӨЗ" АҚ 53,1 "Павлодар МӨЗ" АҚ 87,9 "Каспий Құбыр арнасы консорциумы" АҚ КТК акцияларының (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң үлесi) жалпы санын 19 "Қазақстан Пайплайн Венчурз" БК 50,1 <*> "Қазақстанкаспийшельф" АҚ 90 <*> "Өзенмұнайгаз" АҚ 90 <*> "ҚазТрансОйл" ЖАҚ" 100 <*> "Мұнаймаш" ААҚ 90 ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.06.17. N 979 қаулысымен. P970979_ ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.26. N 1287 қаулысымен. P971287_ ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.05.19. N 452 қаулысымен. P980452_ ЕСКЕРТУ. ҚРҮ-нiң 1999.03.05. N 205a қаулысын қараңыз. P99205a_ ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1999.06.18. N 802 қаулысымен. P990802_ ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚР Үкіметінiң 2000.01.22. N 113 қаулысымен. P000113_ ЕСКЕРТУ. 1-қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.11. N 1151 қаулысымен. P981151_ ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2000.11.13. N 1702 қаулысымен. P001702_ ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгердi - ҚР Үкіметінiң 2001.06.26. N 865 қаулысымен. P010865_ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 қаулысына N 2-қосымша Мемлекеттiк акциялар пакетi мен мүлiктегi үлесi иелiк ету, пайдалану және басқару құқығымен "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамына берiлетiн акционерлiк қоғамдар мен өзге де шаруашылық серiктестiктер Тiзбесi ___________________________________________________________________ Акционерлiк қоғамның атауы |Мемлекеттiк |"Қазақойл" |пакет мөлшерi |Ұлттық мұнай-газ |(мүлiктегi |компаниясы" |үлесi), % |АҚ берiлетiн | |үлесi, % ____________________________________________________________________ <*> <*> <*> <*> <*> <*> <*> "Маңғыстаумұнайгеофизика" АҚ, Ақтау қаласы 95,31 95,31 "Ембiмұнайгеофизика" АҚ, Атырау қаласы 39 39 "Мұнайгеофизика" АҚ, Ақтөбе қаласы 20 20 "Қызылордапромгеофизика" АҚ, Қызылорда қаласы 90 90 "Маңғыстаупромгеофизика" АҚ, Ақтау қаласы 90 90 "Өзенпромгеофизика" АҚ, Жаңаөзен қаласы 90 90 "Маңғыстауэлектромонтажавтоматика" АҚ, Ақтау қаласы 39 39 "Геоигiлiксервис" АҚ, Атырау қаласы Алтын Алтын акция акция <*> <*> <*> <*> <*> <*> <*> "Қарашығанақгазпром" АҚ 90 90 <*> ЕСКЕРТУ. 2-қосымша толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1997.04.27. N 650 қаулысымен. P970650_ ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгертiлдi - ҚР Үкіметінің 1997.06.17. N 979 қаулысымен. P970979_ ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгертiлдi - ҚР Үкіметінің 1998.05.19. N 452 қаулысымен. P980452_ ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгертiлдi - ҚР Үкіметінің 1999.04.26. N 478 қаулысымен. P990478_ ЕСКЕРТУ. 2-қосымшаға ҚР Үкіметінің 1999.05.27. N 662 қаулысымен өзгеріс енгізілу керек, бірақ бұл қосымшада алып тасталатын жол жоқ. P990662_ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 қаулысына N 3-қосымша "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамына байқаушы кеңесiнiң ҚҰРАМЫ Шүкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi, төраға Балғымбаев Н.Ө. - "Қазақойл" ҰМК президентi Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрiнiң орынбасары (Вице-Министр) Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiнiң директоры Сатыбалдин Ғ.К. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң жауапты қызметкерi Соболев В.В. - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң директоры Мұқашев Ж.Ж. - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi ЕСКЕРТУ. 3-қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.24. N 650 қаулысымен. P970650_