"1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1997 жылдың 20 желтоқсанына дейін мерзімде Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкіне республикалық бюджетте банк саласын қайта капиталдандыруға арнап көзделген қаржының есебінен және оның шегінде Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 16 769,60 АҚШ долларына
(он алты мың жеті жүз алпыс тоғыз доллар алпыс цент) бара-бар сомада
қаражат бөлсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі А.С.Павловқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.