Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Республикалық бюджеттен алынған қаражатты түпкi займшылардан қайтару жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Республикалық бюджеттен алынған қаражатты түпкi займшылардан қайтару жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау және реформалар жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы, төраға
Кузьменко С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң салық полициясы
департаментi директорының бiрiншi
орынбасары
Әлиев А.Ә. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Салық полициясы
департаментi басқарма бастығының
орынбасары
Досымов С.Т. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауiпсiздiк комитетiнiң Сыбайлас
жемқорлыққа және ұйымдасқан
қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi
департаментi бастығының орынбасары
Котлов А.Н. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлiгiнiң Заң шығару және
халықаралық құқық департаментiнiң
директоры
Шоқпытов А.М. - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру
және тарату жөнiндегi агенттiк"
акционерлiк қоғамының президентi
Айтжанов Д.Н. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Бюджет департаментi
басқармасының бастығы
Төлеубеков Е.А. - "ТұранӘлем Банкi" жабық акционерлiк
қоғамының Несиелендiру департамен-
тiнiң директоры
Асанова Ж.К. - Қазақстан Республикасы Бас
Прокуратурасының Әлеуметтiк-
Экономикалық салада заңдардың
сақталуын қадағалау жөнiндегi
басқармасының бастығы (келiсiм
бойынша)
С.М.Мыңбаев, Б.И.Имашев, С.О.Әжiханов, Н.С.Молдахметов, М.М.Оразалиев, Е.Н.Тәтiшев аталған құрамнан шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi