"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1997 жылғы 21 қарашадағы N 1636 P971636_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi туралы ережеге: "Миссиясы" деген кiрiспедегi "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын; 5-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын; 6-тармақтың жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Алматы қаласының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгiнiң статистикалық есептерi мен ақпараттарының деректерi бойынша еңбек көшi-қоны процесiне талдау, болжау және реттеу жүргiзу"; 7-тармақта: он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "еңбек көшi-қоны саласындағы халықаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу"; он алтыншы абзац алынып тасталсын; он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтардағы "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын; 8-тармақтың үшiншi абзацындағы "көшi-қон" деген сөз алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi