Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарт негізінде ауыстыруды жеделдету жөніндегі шаралар туралы <*>

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдаланушылар мен Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арасындағы жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасасу процесiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      ЕСКЕРТУ. Тақырыбы мен кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 73 қаулысымен. P020073_
       1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - Құзыретті органдар) жер қойнауын пайдалану құқығына бұрын берілген лицензияларда белгіленген жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасасу мерзімдерін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауына бақылау орнатсын. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарты белгіленген мерзімдерде жасалмаған жағдайда, келісім-шартты жасаспау жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен болмаған немесе дәлелді себептерден туындаған жағдайлардан басқа, Құзыретті органдар оларды қайтарып алу жөніндегі шараларды қабылдасын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 578
               қаулысымен. P980578_
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 73 қаулысымен. P020073_
       2. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасасқанға дейін пайдалы қазбалар өндіріп алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттің кірісіне роялти түріндегі аударымдардың қоса беріліп отырған мөлшерлері бекітілсін.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 73 қаулысымен. P020073_
       3. Жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасасқанға дейiн Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын барлық ұйымдар осы қаулыда бекiтiлген ставкасына сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен роялти түрінде аударымдарды республикалық бюджеттiң кiрiсiне толық және уақтылы аударуды қамтамасыз етсiн.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 73
               қаулысымен. P020073_
       4. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуына пәрмендi бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 73 қаулысымен. P020073_ 5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. 6. Осы қаулы 1998 жылдың 1 сәуiрiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқанға дейін, пайдалы қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін республикалық бюджеттің кірісіне роялти түріндегі аударымдардың мөлшерлері ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.01.21. N 73 қаулысымен. P020073_ _________________________________________________ Пайдалы қазбалар топтарының| Аударымдар және түрлерiнiң атауы | ставкалары, | пайызбен | ___________________________|_____________________ 1 | 3 ___________________________|_____________________ Отын-энергетикалық шикiзат Мұнай 12 Газ конденсаты 12 Табиғи газ 12 Ашық тәсiлмен өндiрiлетiн 5 көмiр Жерасты өндiру тәсiлiмен 2 өндiрiлетiн көмiр Радиоактивтi шикiзат, 8 уран Қара металдар Руда немесе темiр 1,5 концентраты Марганец концентраты 1,5 Руда немесе хром 1,5 концентраты Түстi және сирек кездесетiн металдар Мыс (құйма, тазартылған, 2 анодты) Концентраттағы мыс 4 Кендегi мыс 9 Қорғасын (құйма) 2 Концентраттағы қорғасын 4 Кендегi қорғасын және 8 мырыш Құйма мырыш 2 Концентраттағы мырыш 4 Бокситтер 8 Концентраттағы қалайы 8 Концентраттағы танталдың 8 бес тотығы Концентраттағы вольфрамды 7 ангидрид Кендегi никель және 4 кендегi кобальт Концентраттағы молибден 6 Асыл металдар Алтын 4 Күмiс 3 Металлургияға арналған руда емес шикiзат Доломиттер 1 Флюстик әк тастар 1 Қалыптама құм 1 Тау-кен химия шикiзаты Фосфорит кенiндегi 1,5 фосфордың бес тотығы Бор кенiндегi бор 1,5 ангидридi Концентрат пен кендегi 1,5 барит Басқа кен емес шикiзат Хризотил-асбест 3,5 Отқа төзiмдi саз балшық 3,5 Керамика өнеркәсiбiне арналған шикiзат 3,5 Каолин 3,5 Құрылысқа арналған әк 3,5 тастар 3,5 Ас тұзы Калий тұзы 3,5 Цементтiк шикiзат 3,5 Бентонит сазбалшығы 3,5 Вермикулит 3,5 Жергiлiктi құрылыс материалдары Жол құрылысына арналған 4,5 кирлер Әрлеуге арналған әк 4,5 тастар, мәрмар Әрлеуге арналған тау 4,5 жыныстары Құрылыс тастары 4,5 Құмдар және құм-қиыршық 4,5 қоспасы Шығы өнеркәсiбiне 4,5 арналған шикiзат Керамзиттi шикiзат 4,5 Кiрпiш жасайтын сазбалшық 4,5 Гипс және гипсангидриттi 4,5 тастар Бор 4,5 Жарқылтас шикiзаты 15 Жерасты сулары 10 Басқа да пайдалы қазбалар, 5 оның ішінде сирек кездесетін Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
      "Республикалық Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзаттық базаның орнын толтыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 6 қазандағы N 824 P920824_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 38, 574-құжат).
      "Жер қойнауын қорғау және минерал-шикiзат базасын қалпына келтiру жөнiндегi Республикалық қор құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 407 P930407_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 17, 211-құжат).
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 6 қазандағы N 824 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 23 желтоқсандағы N 1290 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 50, 601-құжат).
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 мамырдағы N 407 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 мамырдағы N 570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 23, 247-құжат).
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 6 қазандағы N 824 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1117 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 41, 449-құжат).
 

О мерах по рациональному и комплексному использованию недр, а также ускорению перевода работы недропользователей на контрактную основу

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1998 г. № 135. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2008 года N 1332.

       Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 31.12.2008 N 1332 (вводится в действие с 01.01.2009).

      Сноска. В заголовок и преамбулу внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 января 2002 г. N 73 (вступает в силу с 1 января 2002 г.) .
 
      В целях обеспечения экономических интересов Республики Казахстан и ускорения процесса заключения контрактов на недропользование между недропользователями и Министерством энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, а также местными исполнительными органами Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан и местным исполнительным органам (далее - Компетентные органы) установить контроль за соблюдением недропользователями сроков заключения контрактов на недропользование, установленных в ранее выданных лицензиях на право пользования недрами. В случае незаключения контракта на недропользование в установленные сроки Компетентным органам принять меры по их отзыву, кроме случаев, когда незаключение контракта произошло не по вине недропользователя или вызвано уважительными причинами.
      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правительства РК от 21 января 2002 г. N 73 (вступает в силу с 1 января 2002 г.) P020073_ .
      2. Для недропользователей, осуществляющих добычу полезных ископаемых до заключения контрактов на недропользование, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О республиканском бюджете" на соответствующий финансовый год утвердить прилагаемые размеры отчислений в виде роялти в доход республиканского бюджета.
      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 21 января 2002 г. N 73 (вступает в силу с 1 января 2002 г.) P020073_ .
      3. Всем организациям, осуществляющим деятельность по недропользованию на территории Республики Казахстан до заключения контрактов на недропользование, обеспечить полноту и своевременность внесения в доход республиканского бюджета отчислений в виде роялти в порядке, определенном Министерством финансов Республики Казахстан, исходя из ставок, утвержденных настоящим постановлением.
      Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 января 2002 г. N 73 (вступает в силу с 1 января 2002 г.) P020073_ .
      4. Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан, местным исполнительным органам и Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить действенный контроль за исполнением настоящего постановления.
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 января 2002 г. N 73 (вступает в силу с 1 января 2002 г.) P020073_ .
      5. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно прилагаемому перечню.
      6. Настоящее постановление вводится в действие с 1 апреля 1998 года.
Премьер-Министр Республики Казахстан
УТВЕРЖДЕНЫ
постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 Февраля 1998 г. № 135
 
Размеры отчислений в виде роялти в доход республиканского бюджета для недропользователей, осуществляющих добычу полезных ископаемых до заключения контрактов на недропользование Сноска. Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 января 2002 г. N 73 (вступает в силу с 1 января 2002 г.) P020073_ . --------------------------------------------------------------------------- Наименование групп | Ставки и видов полезных ископаемых | отчислений, | в процентах --------------------------------------------------------------------------- 1 | 3 --------------------------------------------------------------------------- Топливно-энергетическое сырье Нефть 12 Конденсат газовый 12 Газ природный 12 Уголь, добываемый открытым способом 5 Уголь, добываемый подземным способом 2 Радиоактивное сырье, уран 8 Черные металлы Руда или концентрат железный 1,5 Концентрат марганцевый 1,5 Руда или концентрат хромовый 1,5 Цветные и редкие металлы Медь (в слитках, рафинированная, анодная) 2 Медь в концентрате 4 Медь в руде 9 Свинец (в слитках) 2 Свинец в концентрате 4 Свинец и цинк в руде 8 Цинк в чушках 2 Цинк в концентрате 4 Бокситы 8 Олово в концентрате 8 Пятиокись тантала в концентрате 8 Вольфрамовый ангидрид в концентрате 7 Никель в руде и кобальт в руде 4 Молибден в концентрате 6 Благородные металлы Золото 4 Серебро 3 Нерудное сырье для металлургии Доломиты 1 Флюсовые известняки 1 Формовочные пески 1 Горно-химическое сырье Пятиокись фосфора в рудах фосфоритов 1,5 Борный ангидрид в борных рудах 1,5 Барит в концентрате и рудах 1,5 Прочее нерудное сырье Хризотил-асбест 3,5 Глины огнеупорные 3,5 Сырье для керамической промышленности 3,5 Каолин 3,5 Известняки для строительства 3,5 Соль поваренная 3,5 Калийные соли 3,5 Цементное сырье 3,5 Глины бентонитовые 3,5 Вермикулит 3,5 Местные строительные материалы Киры для дорожного строительства 4,5 Известняки, мрамор для облицовки 4,5 Породы для облицовки 4,5 Камни строительные 4,5 Пески и песчано-гравийные смеси 4,5 Сырье для стекольной 4,5 промышленности Керамзитовое сырье 4,5 Глины кирпичные 4,5 Гипс и гипсоангидридовые камни 4,5 Мел 4,5 Камнесамоцветное сырье 15 Подземные воды 10 Другие полезные ископаемые, в том числе редкоземельные 5
Приложение
к постановлению Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1998 г. № 135
 
 
                               ПЕРЕЧЕНЬ
                   утративших силу некоторых решений
                  Правительства Республики Казахстан
 
      Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1992 г. № 824 P920824_ "0 создании Республиканского фонда охраны недр и воспроизводства минерально-сырьевой базы" (САПП Республики Казахстан, 1992 г., № 38, ст. 574).
      Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 мая 1993 г. № 407 P930407_ "0 формировании Республиканского фонда охраны недр и воспроизводства минерально-сырьевой базы" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., № 17, ст. 211).
      Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 декабря 1993 г. № 1290 "О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1992 г. № 824" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., № 50, ст. 601).
      Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 27 мая 1994 г. № 570 "О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 мая 1993 г. № 407" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., № 23, ст. 247).
      Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1994 г. № 1117 "О внесении дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 6 октября 1992 г. № 824" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., № 41, ст. 449).