Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 21 қаңтар N 73. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының жер қойнауын ұтымды әрі кешенді пайдалану және Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарт негізінде ауыстыруды жеделдету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 ақпандағы N 135 P980135_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 6, 36-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысын келісім-шарт негізінде ауыстыруды жеделдету жөніндегі шаралар туралы";
      2) кіріспедегі "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - Құзыретті органдар) жер қойнауын пайдалану құқығына бұрын берілген лицензияларда белгіленген жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасасу мерзімдерін жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауына бақылау орнатсын. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарты белгіленген мерзімдерде жасалмаған жағдайда, келісім-шартты жасаспау жер қойнауын пайдаланушының кінәсінен болмаған немесе дәлелді себептерден туындаған жағдайлардан басқа, Құзыретті органдар оларды қайтарып алу жөніндегі шараларды қабылдасын.
      2. Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттарын жасасқанға дейін пайдалы қазбалар өндіріп алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық бюджеттің кірісіне роялти түріндегі аударымдардың қоса беріліп отырған мөлшерлері бекітілсін.";
      4) 3-тармақта:
      "роялтидің есебіне" деген сөздер "роялти түрінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және "Мұнайға, газға және көмірге тіркелген (ренталық) төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 маусымдағы N 764 P950764_ қаулысымен белгіленген ставкалар бойынша тіркелген (ренталық) төлемдер" деген сөздер алынып тасталсын;
      5) 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, жергілікті атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқанға дейін, бұрын Жер қойнауын қорғау және минерал-шикізат базасын қалпына келтіру жөніндегі республикалық қорға төлем жасаған жер қойнауын пайдаланушылар үшін республикалық бюджеттің кірісіне аударымдардың ставкасында:
       тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасасқанға дейін, пайдалы қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін республикалық бюджеттің кірісіне роялти түріндегі аударымдардың мөлшерлері";
      1-бағандағы "қазбалар" деген сөзден кейін ", оның ішінде сирек кездесетін" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-баған алынып тасталсын;
      3-бағандағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Аударымдар ставкалары, пайызбен".
      2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады